Дипломатиялық миссия бұл үндеуді өздерінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады.
«Құрметті Америка Құрама Штаттарындағы! Қазақстан Республикасының азаматтары! АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға «CBP Home» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз еркімен елдеріне оралуға шақыруда екеніне назар аударамыз», -делінген хабарламада.
Сондай-ақ, АҚШ-тан кетуге дайын азаматтарға бірқатар мүмкіндіктер ұсынылады.
Азаматтың өзі қалаған рейспен ерікті және қауіпсіз түрде елге оралу мүмкіндігі бар;
— АҚШ-та жұмыс жасап, тапқан қаражаты азаматтың өзінде қалады;
— Құзырлы органдар тарапынан қамауға алынбайды және мәжбүрлі депортациясыз өз еліне оралады;
— Әуе билетін сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қаржылай субсидия алу мүмкіндігі беріледі;
— Болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта келу құқығына ие болады.
⠀
Өз еркімен елдеріне қайтпаған жағдайда төмендегі шараларды қолдану жоспарлануда:
— Жедел түрде депортациялау. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (DHS) қызметкерлері ешбір дайындықсыз, азаматтарды жедел түрде қамауға алатын болады;
Сондай-ақ, азаматтар әуе билетін сатып алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда қаржылай көмек алуға, болашақта АҚШ-қа заңды жолмен қайта кіруге құқық сақтауға мүмкіндік алады.
Егер азамат өз еркімен қайтудан бас тартса, қатаң шаралар қолданылады. Мұндай жағдайда мигрант дайындықсыз, бірден депортацияланады. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі қызметкерлері алдын ала ескерту жасамай ұстайтын болады.
Бұдан бөлек, айыппұлдар мен санкциялар қарастырылған. Егер азамат сот шешімі шыққанына қарамастан елден шықпаса, оған күніне 998 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады. Бұл айыппұл артқа шегеріле отырып есептеледі, яғни соңғы бес жылда елден шығару туралы сот шешімі шыққан тұлғаларға да қолданылады. Жалпы айыппұл көлемі 1 миллион долларға дейін жетуі мүмкін. Айыппұлды төлеу мүмкін болмаған жағдайда, АҚШ-та заңсыз жүрген шетел азаматтарының жылжымайтын мүлкін мемлекет меншігіне алу қарастырылады.
Сондай-ақ, CBP Home арқылы елге оралғанын хабарламаған жағдайда, қосымша 1000-нан 5000 долларға дейін айыппұл салынады.
Сонымен қатар, АҚШ-қа қайта кіруге тыйым салынады, бұл миграциялық жүйелер арқылы елге заңды кіру құқығынан айыру дегенді білдіреді.
Осыған байланысты, Елшілік Қазақстан азаматтарын мүмкін болатын теріс салдарлардың алдын алу мақсатында бұл мүмкіндікті пайдалануға шақырады, – делінген дипломатиялық өкілдік мәлімдемесінде.