Мамандардың айтуынша, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Соның әсерінен қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауып, боран соғып, жел тұрып, тұман және көктайғақ болады. 1 ақпанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана қалың қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауы райы сақталады.
- Түнгі уақытта Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында температура -15-тен -28 градустан бастап 0-18 градус аязға дейін өзгереді.
- Күндіз солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда температура -4-тен +2 градусқа дейін жылынады деп күтіліп отыр.
- Елдің шығысы мен орталығында күндіз температура 0-ден -11 градусқа дейін болады.
- Елдің батысында түнде -8-ден +2 градусқа дейін болады, ал күндіз температура 0-ден +10 градусқа дейін болады.
- Оңтүстікте түнде температура -2-ден -13 градусқа дейін, ал күндіз -2-ден +7 градусқа дейін ауытқиды.
- Оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде температура -5-тен -15 градусқа дейін, таулы аймақтарда -17-ден -25 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз температура -7-ден 0 градусқа дейін болады.