Ағаш отырғыз қашанда сауабы мол шара. Себебі, тал егу арқылы айналаны жасыл желекке бөлесек, екінші жағынан экологиялық жағдайды жақсара түсетіні ақиқат. Осы орайда, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеру басқармасының «Экологиялық ағарту және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару үшін 4 әлеуметтік бейнеролик әзірленді. Қалдықтарды бөліп жинау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, браконьерлікпен күрес және атмосфералық ауа жағдайы тақырыбында түсірілген бейне роликтер Сүлейменов көшесінде орналасқан «Жастар аллеясындағы» LED-экранда және жергілікті телеарнада көрсетілуде. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару үшін аталған бейнероликтерді әлеуметтік желілерге (фейсбук, инстаграмм, ютуб) салынды. Бүгінгі күнге дейін 5000-ға жуық қаралым жинады.
Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе 7 мөлтек ауданыдағы каналдың жан-жағын тазалау флеш-мобы ұйымдастырылды. Флеш-мобқа Тараз қаласының NEET-санаттындағы 50-ге жуық жастар қатыстырылды. Шара барысында ағын суға тасталған заттар жинастырылып, қоқысқа толы каналдың беті тазаланды.
Сонымен қатар Скверлер мен парктерді көріктендіру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірлесіп, «Қарахан баба» кесенесінің аумағы көріктендірілді. Шараға 100-ге жуық ҰСТАЗ университетінің студенттері қатысып, белсенділік танытты. Бұдан өзге Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 мектеп-лицейінде «Менің атаулы ағашым!» атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Акцияға «Жібек жолы» еріктілер қозғалысының еріктілері, «KazBrends» ұйымының облыстық менторлары, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің студенттері мен қызметкерлері қатысты. Аталмыш шара аясында тал отырғызылып, шара соңында келген жастармен тимбилдинг ойындары ұйымдастырылып, «KazBrends» ұйымының менторлары арнайы сыйлықтарын табыстады. Айта кетерлігі, аталған акция облыс орталығындағы 10 мектеп аумағында ұйымдастырылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қағаз жəне мақта пакеттерінің пайдасына полиэтилен пакеттерін пайдалануға тыйым салу» атты облыстық студенттермен оқытушылар арасындағы пікірсайыс турнирі өтті. Сонымен қатар арнаулы орта оқу орындарында студенттердің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды.
Тұрлыхан Камал
«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры