Әлібек Зейналдың айтуынша бауыры жол көлік ережесін бұзған азаматты ұстаған. Хаттама толтыру кезінде мойыннан пышақ жарақатын алып, қылмыскерді ұстап, көмек келем дегенше мойыннан қан тоқтамай ақса да, қылмыскерді уысынан шығармаған. Көмек келгенде ғана есінен танып құлаған дейді бауыры.
⁃ 20.09.2023 жылы сағат 21:00 шамасында Жамбыл облысы ПД-нің ЖПҚБ-нің полиция инспекторы А. Садибеков Алматы-Ташкент тас жолының 165 шақырымында Қордай- Алматы бағытына қарай кетіп бара жатып, бір жолақты жолды кесіп өткен жүргізуші Ж. Смаиловты тоқтатқан. Содан жүргізуші мен полиция инспекторының арасында көлікте отырған сәтте жанжал туындап, Ж. Смайылов полиция инспекторы А. Садибековтың мойын тұсына пышақпен дене жарақатын келтірген. Қазіргі таңда полиция инспекторы А. Садибековке «колотая рана шеи справа с повреждением мышц шеи проникающая» диагнозы қойылды. Аталған дерек аудандық ПБ-нің СДТБТ-не ҚК-тің 380-1-бабы 1-бөлігімен №233148031000310 қылмыстық ісі тіркелді. Сонымен қатар, Ж. Смайыловтың бәкі пышағы алынып, Ж. Смайылов кінәсін толық мойындады деген ақпарат берілді.
— Ағам тірі қалды. Неге полицей қызметкерлерінің әрекетіне дұрыс баға берілмейді? «Міндетті түрде қайтыс болып керек пе?» деген ой туындайды. Мен ағамды полиция фанаты деп білем. Не үшін ерлігін елемейді? Қылмыскер болса тергеуде “өлтіргім келді, бірақ күшім жетпей қойды” депті, — деді Әлібек өз сөзінде