• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

АРМАН БЕРДАЛИНМЕН СҮБЕЛІ СҰХБАТ

turan_admin turan_admin
17.04.2018, 15:05
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары, Саясат
АРМАН БЕРДАЛИНМЕН СҮБЕЛІ СҰХБАТ
701
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінде мемлекеттік қызметке ауысып кетіп жатқан ақын-термешілер көп емес. Солардың бірі кезінде айтыс аламандарында атой салып, талай бәсекеде топ жарған ақын Арман Бердалин. Айтыскерлігінен өзге термешілігімен танылған ол «Айсары», «Қазақ пен арақ», «Жүрші, әке, намазға жығылайық» атты жинақтардың авторы. Қазіргі таңда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин қызметін атқарып жүр. Осы орайда, назарларыңызға Арман Тілектесұлымен болған сұхбатты ұсынамыз.
– Арман аға, сізді көпшілік мемлекеттік қызметкер емес айтыскер ақын, жыршы-термеші ретінде таниды. Мемлекеттік қызметке келуге не себеп болды?

– Расында, мен айтыс ақынымын. Кез келген заманда шындықты шырылдатып, ақиқатты айқайлап айтатын, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын болғандықтан сөз жүзінде емес, іс жүзінде осыларды дәлелдеу мақсатында мемлекеттік қызметке келдім. Соның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шақырғанда қуандым. Себебі, айтыста айтатын тақырыбымыз осы жемқорлық, ұрлық-қарлық болатын. Үлкен сахна немесе үлкен мінбен болсын екеуіде халықтың қамы үшін ғой.
– Жалпы, сіздің еңбек жолыңызға қарасақ, орыстар көп шоғырланған ауданнан қызметіңізді бастапсыз. Соның ішінде Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасын басқарған екенсіз. Ол жақта мемлекеттік тілдің жағдайы аса бір көңіл көншіте қоймайтыны белгілі. Сол өңірде осы тұрғыда қандай жұмыс атқарылуы керек?
– Әлбетте, солтүстік өңірлер кезінде тың игеру кезінде өзге ұлттардың көптеп келуіне байланысты тілі мен дәстүрінен айырылып қала жаздап барып, тәуелсіздігіміздің арқасында қайта қалпына келтіре алған аймақ. Бірақ, соңғы жылдары ұлттық құрам жағынан қазақтардың саны артып келеді. Бүгінде бір Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерді оқытатын 19 оқыту орталықтары жұмыс жасайды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де мемлекеттік тілдің хал-ақуалын жақсарту мақсатында жұмыс жасап жатыр. Расында, соңғы уақытта солтүстік аймаққа оңтүстіктен біршама халық және «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында оралмандар көшіп баруда. Олармен мемлекеттік қызметшілер тікелей жұмыс жасайтыны белгілі. Сондықтан олардың мемлекеттік тілді білуі қажет. Сол себептен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы мәселені бастапқы орынға шығарып отыр.
– Осыдан бір жарым жыл бұрын мемлекеттік органдарға ұялы телефонмен кіруге, сәйкесінше мемлекеттік қызметшілерге смартфон ұстауына тыйым салынды. Тіпті, осы бағытта арнайы Заң да қабылданды. Дегенмен, онсызда құпия болып табылатын ақпараттар ұялы телефондарсыз-ақ тарап кетіп жатыр. Бұны тоқтатын уақыт келді ме?
– Әрине, уақыт келді. Қоғамнан да, мемлекеттік қызметшілерден де ұсыныстар келіп түсуде. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тарапынан ҚР Президенті әкімшілігіне хат дайындалды. Егер сол жақтан нұсқаулық берілетін болса, тыйым алынады.
– Демек, мемлекеттік органдарға смартфонмен кіруге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмыс жасап жатыр ғой…
– Ия, жұмыс жасауда. Оның қажеттілігін біз де көріп отырмыз. Қазіргі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы іске асып жатыр. Сондықтан ол дүниелердің барлығы қажет-ақ. Кезінде ол да керек болған шығар. Бірақ оның қажеттігі жоқ екендігі байқалуда. ҚР Президенті әкімшілігі хатымызды қолдаса, ол тыйым алынып тасталынады.
– Бүгінде агенттіктің қоғаммен байланыс Департаментінің директоры қызметін атқарасыз. Сіздіңше, қоғам мен агенттіктің арасы алшақтап кеткен жоқ па?
– Ондай мәселе жоқ. Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев барынша ашықтық жолында жұмыс жасауда. Сол мақсатта әлеуметтік желілерде жеке парақшалары ашылып, өзі отырады. Сондай-ақ өзінің қызметкерлерін жер-жерлерге іс-сапарларған жиі жіберуде. Осылайша, қызметкерлер ауыл-ауылдарда болып, халықпен тікелей пікірлесіп, олардың ұсыныстары назарға алынуда.
– Расында, қандайда бір мекеменің ашықтығы басшылыққа байланысты. Осы тұрғыда біршама мысалдарды санамалап айтып беруге де болады. Қазіргі агенттік төрағасы Алик Шпекбаев басқа қызметке ауысса, ашықтық қайта жабылып қалмай ма?
– Әр басшының өзінің жұмыс жасау бағыты болады. Мәселен, кейбір басшылар жұмысын жарнамаламай іштей тындыруы мүмкін. Ал қалғандары керісінше дегендей. Бірақ ешқайсысында ашықтық немесе жабықтық саясатын ұстанды екен деп жұмыстары тұралап қалып жатқан жоқ қой.
– Енді, сіздің алдағы уақытта жаңа термелеріңіз жарық көре ме? Әлде сіз бүкіл жан-тәніңізбен мемлекеттік қызметке еніп кеттіңіз бе?
– Мемлекеттік қызметші де ақындықтан алыс адам. Жалып кез келген адам өзінің жұмысына жақсы қарайтын болса, шығармашылық жұмыстарменде айналысуға уақыт табуына болады. Қазіргі таңда, қаншама елдің ортасында жүрмін. Осылайша, ізденіс үстіндемін. Сондықтан алдағы уақытта елді жақсы-жақсы термелермен қуантамын. Негізгі жұмысымда атқара жүріп, бірқатар дүниелерге қол жеткізіп жатырмын.
– Тараз туралы пікіріңізді білдіре кетсеңіз. Сізге несімен ұнайды?
– Бұл қала көріктілігімен көзге түседі. Осы қаланың 2000 жылдығы тойланған кездегі кейпімен мүлде салыстыруға келмейді. Қазіргі таңда қала қарқынды түрде өсіп-өркендеп келеді. Сондай-ақ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің де сапасы артқан. Тараз – тарихымен де, танымымен де көш ілгері тұрған өңірдің бірі. Кешегі ел билеген Қарахан мен Бәйдібек бабаларымыздың жерінен ата-анасы мен жақындарын жерге қарататын емес, елге қарататын азаматтар шығатынына сенімім мол.
– Осы мемлекеттік қызметте сіз секілді жүрген ақын-термешілерді білесіз бе?
– Шынымды айтсам, нақты білмейді екенмін. Кез-келген адам біреу үшін себепкер болады. Сол секілді маған да еліктеп жүргендер баршылық. Соларға ой сала алсам деп ойлаймын. Тағы бір айта кететін жайт, агенттік айтыстан алшақ емес. Агенттік төрағасының тапсырмасымен алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа байланысты елімізде алғашқы рет айтыс өткізгелі жатырмыз. Оған шындықты шырылдатып, ақиқатты айқайлатып айтатын Айбек Қалиев бастаған тарлан ақындар қатысады деп отырмыз.
– Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

TURANINFO.KZ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.