Медиация дауды шешудің балама түрі
Бүгінгі таңда, бүкіләлемдік тәжірибе, медиацияның ірі бизнестерден бастап, жанұялық дау – жанжалдарда, неке бұзу мен мүлікті бөлісу деген сияқты мәселелерде қолданылатынын дәлелдейді. Медиация бір шешімге келу мүмкіндіктері тәмәмдалды деген жағдайларында да өз шешімін тауып, көптеген қаржылық шығындарға ұшырамай, және де бос уақытты шығын қылмай, жақсы достық, серіктестік, қарым — қатынастарды сақтап қалумен қатар абыройға кір келтірмеуге мүмкіндік береді.
Медиацияның ең негізгі артықшылықтарының бірі, оның іс жүргізілу рәсімінің құпиялылығы болып табылады, яғни не болғаны, не айтылғаны құпия болып қалады. Сонымен қатар құпиялы болып табылатын медиатормен жазылған ақпараттар, іс жүргізілу рәсімінің құжаттары мен материалдары жойылады.
Медиация (латынның medius деuty сөзі – екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді) – бұл, дау – жанжалға қатысушылардың, біріге отырып, пайда болған келіспеушілікті шешу процессі.
Айтылған процесстің белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі мұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар медиатордың кәсіпкерлік көмегі, жақтардың бір келісімге келуіне бағытталған. Медиацияны кең танылған бітестіру мен табыстыру рәсімдерінің «кемелденген түрімен» салыстыруға болады.
Медиация көптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім.
Медиатордың негізгі қызметі, жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуіне барлық күш — жігерін салу болып табылады. Жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуі, олардың алда өткен келіссөздің аса дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жетілген келісімде, жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы мүмкін, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сыртқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Жетілген келісімнің жеке арақатынастық мәселелерге қатысты болуы, келісімнің аса берік болуына негіз болады.
Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы, медиацияның дамуы, өркениет көшіне батыл бет түзеген қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігі даусыз.
Әңгіменің түйініне келе отырып, біздің елде медиация сияқты, келіспеушіліктерді қарастырудың альтернативтік инструментінің дамуы, өркениетті құқықтық кеңістіктің әрі жоғары сатылы демократиялы қоғамның көрсеткіші болып табылады.
Тараз қаласы №2 сотының бас маманы — сот мәжілісінің хатшысы Ә.Д.Тұрғанбекова