• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда қызғалдақтар Фестивалі өтті

16.06.2017
0
Таразда қызғалдақтар Фестивалі өтті
285
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Таразда қызғалдақтар Фестивалі өтті

Біраз жылдардан бері сұлулық пен көркемдіктің нышанына айналған қызғалдақтың отаны қазақ жері екендігі ғылыми түрде дәлелденіп келеді. Осыған дәлел, бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен қызғалдақтар фестивалі болып өтті. Қызғалдақтардың жабайы түрін сақтап қалу, қызғалдақтар ландшафтысын қолдану, сонымен қатар экологиялық, эстетикалық туризм түрін дамытуға бағытталған шарада «Қызғалдақтың үздік фотосуреті», «Қызғалдақтар туралы аңыз» атты байқау, «Қызғалдақтар» сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары» атты көрме болды.
Жалпы бұл жоба бойынша облыс көлемінде түрлі шаралар өткізілді. Солардың қатарындағы «Қызғалдақтардың табиғи мұрасы – Жамбыл облысының туризм бағытында дамуына басым бағыттың бірі» тақырыбындағы семинарда түрлі баяндамалар оқылып, қызғалдақтың табиғи және тарихи маңызы сараланды.
Шара барысында сөз алған Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Аспандияр Сейсебаев: — «Қазақстанда қызғалдақтардың 35 түрі бар, олардың 18-і Қызыл кітапқа енгізілген. Көбінде, қызғалдақтар өсетін алқаптарға немқұрайлық танытып, өсуіне қолайлы жағдай жасамаған адамдардың салдарын бұл өсімдіктің түрі азайып барады. Қызғалдақтар Жамбыл облысының брендіне айналуы тиіс және айналуы әбден мүмкін. Бастысы адамзат қызғалдақтардың түрін сақтап қалып, бұл гүлдердің ерекшеліктерін ұғынса екен. Сол себепті де баршаңызды қызғалдақтар өсетін табиғи орындарды қорғауға шақырамыз!» — деді.
Қала тұрғындарының бір сәт көңілін аулап, жастарды табиғатты аялауға шақырған игі шара «Қызғалдақтың үздік фотосуреті», «Қызғалдақтар туралы аңыз» атты байқаулардың жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды. Барлық қатысушылар мен үздік атанғандарға арнайы диплом, бағалы және қаржылай сыйлықтар табысталды. Жалпы байқауға кәсіби фотографтардың 12 фото жұмысы көрмеге ұсынылды. Сонымен қатар, 41 байқау жұмысы – біздің облыстың суреттері, 32 жұмыс – сәндік-қолданбалаы өнер және 20 жұмыс қызғалдақтар туралы аңыздар.
Қатысушылардың жұмыстарын бағалаған әділ-қазылар мүшесінде: Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева, «Достық үйінің» жетекшісі Рано Убайдуллаева, «Филология және журналистка» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Меруерт Көпбаева, «Рысбаева және Ко» ЖШС директора Сәуле Рысбаева, Қазақстан тарих кафедрасының магистрі Рахат Тобаджанова, кәсіби-фотограф Сергей Ожогов және «Биология» Кафедрасының доценті, б.ғ.к. Латипа Қожамжарова болды.
Дәл осы күні әділ-қазылар байқау жеңімпаздарын анықтады. «Қызғалдақтардың үздік фотосуреті» байқауының бірінші орнын Виктор Барбаш ұтып алды, екінші орын – Балжан Үтеулинаға бұйырса, үшінші орынды – Нұрсұлтан Керімбаев қанжысына байлады. «Қызғалдақтар туралы аңыз» байқауының жеңімпаздары болып Айман Түлегенова, Әлия Емелина және Эльмира Мырзахметова атанды. Ал, Мөлдір Жангельдиева, Раушан Құндызбаева және Галина Авраменколар «Қызғалдақтар» сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары» байқауының үздіктері деп танылды. Бірінші орын – 30 000 теңге, екінші орын – 20 000 теңге және үшінші орын иегерлеріне – 10 000 теңгеден табысталады. Үздіктерге сонымен қатар дипломдармен де марапатталады.
Фестиваль аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті студенттері қызғалдақтарға арналған флешмоб ұйымдастырды.

Арайлы Жақсылық

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

12.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты