«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы, партия мүшесі Т.Әбілдаевтың «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша атқарған жұмысы туралы есебін тыңдады.
— Басқарманың сыбайлас жемқорлықпен күрес жоспары бекітіліп, мекеменің ресми сайтына орналастырылған. Мекеме басшылығының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі, арыз-шағымдар жәшігі ғимараттың көрнекі жеріне орналасқан, басшы блогы ашылған. Кестеге сай 12 құқықтық сабақ өткізілді, — деді ол. Алайда, осындай алдын алу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, облыстың денсаулық сақтау саласында 2016 жылы 123 лауазым иесі тәртіптік жазаға, 14 лаузымды тұлға әкімшілік құқықбұзушылық, 513 азаматтың конституциялық құқы прокуратура органдарының кірісуімен қорғалған. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік сатып алу, жалақы, іс-сапар, сыйақы төлеу салаларында заңнамаларды, фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық техниканың айналысы саласының қағидаларын бұзу орын алған. Қаржылық бұзушылықтардың шығыстардың көлемін айқындайтын құжаттарсыз негізсіз жоспарлау, автокөлік құралдарын ағымды жөндеу жұмыстарына ақау актілері жасалынбай негізсіз шығыстау сияқты түрлері, мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамалармен қамтылмаған талаптар қою орын алған.
2016 жылы 7 сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыс жасалып, Қордай, Шу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының жетекші мамандары сотталған. Денсаулық сақтау саласында қаржылық құқықбұзушылық, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама, тегін медициналық көмек беру тәртібін бұзу фактілері бойынша органдардың ұсыныстары негізінде 50 қызметкер тәртіптік жазаға тартылған. Кеңес мүшелері отырыс қорытындысы бойынша Жамбыл облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысына көтерілген мәселелер бойынша басқармасының алқа отырысында талқылау жүргізіп, фармацевтикалық, медициналық техниканың айналысы қағидалары сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінің электронды түрде көрсетілетін үлесін арттыру,тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызмет түрлеріне қатысты жұртшылықты ақпараттандыру, бірқатар бақылау органдарына денсаулық сақтау салада заң талаптары сақталуын қадағалауды күшейту турасында ұсыныстар енгізді