Кибербуллинг — бұл цифрлық технологияларды пайдалана отырып қорқыту және қинау. Ол әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу үш қосымшаларда, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін.
Бұл қайталанатын эпизодтар, олардың мақсаты — аңдып жүргендерді қорқыту, ашу немесе қорлау.
Қорқыту балалар үшін зиянды және ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін.
Физикалық салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалар эмоционалды және психикалық денсаулықты, оның ішінде депрессия мен мазасыздықты сезінуі мүмкін, бұл мектептің нашар үлгеруіне әкелуі мүмкін.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы Заңмен «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Білім туралы» Заңдарға «жәбірлеу (буллинг), кибербуллинг» ұғымдары енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Кибербулинг көбінесе жасөспірімдер мен оқушылар арасында, сондай-ақ, жастар арасында жиі кездесетіндіктен мәселені алдын-алу жұмысы үнемі назарда болған абзал. Мәселен, тақырып аясында жастарды жиі әңгімеге тарту, құқықтық сауаттылық пен қорғану тәсілдерін үйрету, жиірек кездесулер ұйымдастыру, оқушылармен психологтың жеке жұмысы, жалпы дәрісі т.с.с.
Осы мақсатта «Кибербуллинг және буллинг» тақырыбында Шу теміржол колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді «Ақсұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Әбдиев Еркін Қайырбекұлы кіріспе сөзімен ашып, кездесудің мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Сонымен, сөз барысында «Кибербуллинг» ұғымы турасында ой өрбітті. «Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?
Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;
Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;
Мінезінің өзгеруіне әкеледі;
Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;
Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;
Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек», — деп Еркін Қайырбекұлы тақырып аясында нақты сұрақтардың жауабын тарқатты.
Өз кезегінде сөз алған, кездесудің спикері, білікті психолог Марал Хантөреқызы кибербуллингке қатысты өзінің кәсіби көзқарастарын ортаға салды. Кибербулингке ұшыраған балалардың сипатын, сақтық шараларын, психологиялық көмек турасында толығырақ шолу жасады.
Оның айтуынша: «Қысым көрген балалардың айрықша белгілері:
-Мектепке барғысы келмейді;
-Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;
-Көңіл-күйі түсіп жүреді;
-Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;
-Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;
-Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;
-Үйден қашып кетуге тырысады;
-Суицид жасайтынын айтып қорқытады;
-Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;
-Өзіне не болғанын айтудан қорқады;
-Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;
-Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;
-Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.
Кибербуллингке тап болғанда:
Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;
Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;
Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;
Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек». Психолог Марал Хантөреқызының кәсіби кеңестері студенттердің қызығушылығын арттырып, белсенділік танытуларына түрткі болды. Көкейкесті сауалдарын қойып, екіжақты пікіралмасу орын алды. Нәтижесінде, аудитория кішігірім сұхбат алаңына айналды.
Еркін Қайырбекұлы кездесу соңында тағы да өз көзқарастарын шегелеп, тақырып аясында айтылған ой-пікірлерді түйіндеді.