2023 жылы мен 2024 жылғы 4 наурыз айына дейін Жамбыл облысында қызылшаға ұқсас 7179 жағдай тіркелді, оның ішінде 4585 жағдайда диагнозы расталды (63,9%). 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 377,0.
Қызылша індеттінің республика бойынша көрсеткіші: күдікті 95 959 жағдай тіркелді, оның ішінде 46 092 жағдайда диагнозы расталды (48,0%), көрсеткіші – 230,1.
Қызылша диагнозы расталған 4585 жағдайдың ішінде, 379-сі — қызылша пневмония, отит, энцефалит, т б асқынулармен ауыр деңгейінде (8,3%), орташа денгейдегі — 2960 (64,5%), 1246 жеңіл денгейдегі (27,2%) тіркелді. Өлім жағдайы тіркелген жоқ.
2024 жылдың 4 наурыз айына 80 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның ішінде 2 жүкті әйел (2,5 %), 78 балалар (97,5%).
Балалардың ішінде 2 ауыр жағдай асқынуымен тіркелді. Амбулаториялық емді 97 науқас қабылдауда.
Жалпы төсек жүктемесі – 24,6% (325 төсектің ішінен 80 төсек бос емес,245 — бос), балалар төсек жүктемесі –30,0% (260 төсектің 78 төсек бос емес, 182 төсек бос).
Қызылшаның тіркелуі барлық аумақтарда байқалады.
2023 жылдың 12 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 52 586 бала, оның ішінде:
— Бірінші екпені алғаны – 25 858 бала, оның ішінде 1 жастағы 23342 бала 1-ші вакцинациясын алды (100,8%, жоспар — 23159 бала)
— Екінші екпені алғаны – 26 728 бала, оның ішінде 6 жастағы 24 308 бала ревакцинацияланды (98,7%, жоспар — 24635 бала).
(12 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 95,0- 98,0%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 1820 балалардың себебі: екпеге келісім бермегендер (2,7%), 44 — көшіп кеткендер басқа аумаққа (2,4%), 883 — уақытша облыста жоқтары (48,5%), 843 – медициналық көрсетілімі бар балалар (46,3%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 22 бала.
2024 жылдың 1 айында Жамбыл облысы бойынша жоспарлы түрде жалпы егілгені – 3549 бала, оның ішінде:
— Бірінші екпені алғаны 1742 бала, оның ішінде 1 жастағы 1699 бала 1-ші вакцинациясын алды (7,2%)
— Екінші екпені алғаны 1807 бала, оның ішінде 6 жастағы 1712 бала ревакцинацияланды (7,2%).
(1 айға қамтудың нормативтік деңгейі – 7,9- 8,3%).
Жоспарлы екпемен қамтамассыз етілмеген 269 балалардың себебі: екпеге келісім бермегендер (32,7%), 3 — көшіп кеткендер басқа аумаққа (1,1%), 29 — уақытша облыста жоқтары (10,8%), 149 – медициналық көрсетілімі бар балалар (55,4%), оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімі бар 0 бала.
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023ж. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» №7 Қаулысына сәйкес Республикада қызылшаға қарсы халықтың тиісті топтарын қосымша жаппай иммундау жұмысы жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундаумен қарашаның 6-ші күнінен бастап, наурыздың 04-ші күніне жалпы қамтылғаны – 92 897 тұлға / жоспар – 95 850 /96,9%
(ҚЖИ республиқалық көрсеткіштері: жоспар — 1 500 000 адам, оның ішінде егілгені – 1 353 622 , қамтылған пайызы- 90,2%).
Оның ішінде:
— 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі 8 873 бала (95,4%, жоспар – 9 300 бала қамтылады);
— 2-3-4 жастағы 56 584 бала (90,7%, жоспар – 62 390 бала қамтылады);
— 5 876 медицина қызметкерлер (104,2%, жоспар – 5 640 қамтылады);
— 21 564 екпесі жоқ 18 жасқа дейінгі тұлға (116,4%, жоспар – 18 520)
Жамбыл облысы аумағындағы қызылша індеті бойынша, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін профилактиқалық иммундау, басқа іс-шараларды жүргізу бойынша өзекті мәселелерді облыстық, аумақтық әкімшіліктердің штабтардың 19 отырыстарында, денсаулық сақтау, білім басқармаларының, санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдарының 20 отырысында қаралды.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қатаң бақылауда.
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы