Тіл ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра болып қалады. Оны қастерлеу, құрметтеу және дәрежесін көтеру әрбір ұлттың өзіне байланысты. Тіл-ұлт үшін мемлекеттік пен тәуелсіздік сақтауда маңызы зор. Сол себептен әрбір мемлекет өзінің шекара аумағында бір тілді мемлекеттік тіл ретінде заңмен бекітеді. Әр мемлекеттің халқы өзінің мемлекеттік тілінде сөйлеп, өзара бір-бірімен қарым-қатынаста мемлекеттік тілді қолданатын болса, онда сөзсіз сол мемлекеттің тілі үлкен мәртебеге ие болып, қолданыс аясы кеңіп, әрі қарай басқа ұлт өкілдері мен мемлекеттер арасында сол елдің азаматтарына деген құрмет артады. Себебі, мемлекеттің халқы өзінің тілін, мәдениетін, дәстүрін сыйламаса оны өзгелері тіптен сыйламайды. Азаматтардың мемлекеттік тілде емін-еркін сапалы жетік меңгеріп сөйлеуі ол мемлекет халқының патриот екенін білдіретіні рас.
Осыған орай, біз Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік тіл – Қазақ тіліне барынша құрметпен қарап, бір-бірімізбен қарым қатынаста мемлекетік тілді қолданып, оны ресми іс-қағаздарда, газет, журналдарда, теледидар, телерадиоларда, әлеуметтік желілерде, іскерлік қарым-қатынаста, қызмет көрсетуде, қызмет алу барысында қолданыс аясын одан әрі кеңейтетін болсақ онда біз үлкен жетістікке жеткен боламыз.
Сонымен қатар, ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді сақтап, бабалар аманаты сақтаған боламыз.
Тараз қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған соты
әкімшісінің сот приставы А.Еламан