• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Нұржан Нұржігітов жолдарды күтіп-ұстау бойынша сылбыр жұмыстарды сынға алды

Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 97 пайызды құрайды.

31.07.2023
0
Нұржан Нұржігітов жолдарды күтіп-ұстау бойынша сылбыр жұмыстарды сынға алды
248
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ағымдағы жыл қорытындысымен бұл көрсеткішті 98 пайызға жеткізу көзделуде.

Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Биыл бөлінген қаржылар есебінен 3,3 шақырым жолды құрылыспен, 11,4 шақырым жолды қайта жаңғыртумен және 777,3 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланған.

Дегенмен, аймақ басшысы саладағы мәселелердің де аз еместігін баса айтып, басқосу барысында тиісті тұлғалардан жауаптар алды.

Алдымен, облыс бойынша көлікті бақылау инспекциясының басшысы Досжан Мырқалықов есеп берді. Ол осы жылдың алты айында жылжымалы көліктік бақылау посттарында 317 автокөлік құралы тексерілгенін жеткізді. Сондай-ақ, 444 әкімшілік хаттама толтырылып, 49222,1 мың теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 36010,6 мың тенге өндірілгенін тілге тиек етті.

Бұдан бөлек, карьер автокөліктерін тексеру, техникалық байқау орталықтарының жұмысы,  темір жол көлігіндегі бақылау  бойынша да ақпараттар айтылды.

Облыс әкімі облыстық маңызы бар жолдармен жүк көліктерінің рұқсат етілген мөлшерден асырып жүк тасуы тоқтамай отырғандығын, соның салдарынан тас жолдар бүлініп, бюджет қаражатына қосымша салмақ түсіп, автокөлік жүргізушілерінің наразылығы туып отырғандығын сынға алды. Бұл тұрғыда айыппұл салу көрсеткішінің көңілден шықпайтындығына айрықша тоқталды.

Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдарда көлікті бақылау бекеттері жұмыс жүргізбейтіндігін де мысалға алып, себебін сұрады.

Аймақ басшысы, облыстық маңызы бар автожолдарға жүргізілген талдаудың қорытындысы ойдағы еместігін атап өтті.

Келесі кезекте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры  Айжан Туғанованың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, Жамбыл облысы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1198,5 км құрайды десек, бүгінде ұзындығы 413 шақырым болатын автожол учаскелерінде қайта жаңарту жұмыстары жүруде. Жобалар кезең-кезіңімен аяқталып, пайдалануға берілуде.

Аймақ басшысы жол жамылғыларындағы ақаулардың аз еместігін жасырмай, кейбір жөндеу жұмыстарының сапасы сын көтермейтіндігін ескертті.

— Басты талап – жол жөндеу жұмыстарына бақылауды күшейтіп, сапаның сақталуын қатаң қадағалау. Бұл тұрғыда тұрғындардың шағымы мен талабы орынды. Әрбіріміз, өз міндетімізге аса жауапкершілікпен қарауға тиіспіз.

Ауылішілік жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жобалау кезінде жаяу жүргіншілер жолын да назардан тыс қалдырмаңыздар. Жол жөндеу кезінде сол көшедегі жұмыстарды кешенді түрде ойластырылып, атқарылуы тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары бойынша облыстық көрсеткіштің жақсы еместігін тілге тиек еткен облыс әкімі қажетті аумақтарда полиция департаментімен бірлесіп жол белгілерін орнатудын маңыздылығын жеткізді.

Жиын қорытындысымен облыстық маңызы бар жолдарда тиісті деңгейде көліктік бақылау шараларын жүргізу, республикалық маңызы бар автожолдардың бойына мал шығып кетуінің алдын алу үшін қоршаулар орнату жұмыстарын жалғастыру, республикалық маңызы бар автожолдардың жол жабындысындағы барлық ақауларды жою жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіру, жол бойында қоқыс тазарту жұмыстарын күнделікті жүргізілуін қамтамасыз ету бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді.

Тегтер: Жамбыл облысыжол жөндеу жұмыстарыжол сапасыҚазАвтоЖол
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский