Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиевтің қатысуымен брифинг өтті. Брифингте аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев «Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» баяндалды.
Сарысу ауданы қос бағытта қарқынды дамып келе жатқан киелі өңір. Бірі – ауыл шаруашылығы болса, екінші бағыты – өнеркәсіп салалалары.
Татулықты ту еткен аудан халқы бірлік пен ынтымақтың, еселі еңбектің арқасында аймақтың әлеуетін арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында оң динамика қалыптасты.
Инвестиция мен өнеркәсіп көлемінің артуы – аймақ экономикасының дамуымен тікелей байланысты.
Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 52,1 млрд. теңгені (2021 ж.-26,7 млрд.) құрап, 102,0%-ға, ауданға тартылған инвестициялардың көлемі 22,1 млрд. теңгеге жетіп (2021 ж.-41,5 млрд.), 52,3%-ға орындалды.
Аталған көрсеткіштердің негізгі бөлігін ірі қала құраушы кәсіпорындар «Еврохим» ЖШС-і мен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені құрайды.
Шикізатты өңдеп, ірі өндірісті дамыту бағытында алдағы 5 жылға инвестициялық жобалардың перспестивалық жоспары жасақталған. Оны баршаңыз білесіздер.
Жалпы, құны 892,1 млрд. теңгені құрайтын
13 инвестициялық жобаның пулы әзірленді. Мақсатымыз — қосымша жобаларды тарта отырып, инвестицияның көлемін 1 триллионға жеткізу.
Бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Бюджеттің атқарылуы.
Ауданның жалпы бюджеті бүгінде 16,6 млрд. теңгені құрайды.
9 айдың қорытындысымен аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістер жоспары 10,9 млрд. теңге болса, нақты түсім 11,2 млрд. теңгені құрап, 3,2%-ға артты.
Бюджетке түсетін салықтық түсімдер 122,3 пайызға орындалды, яғни болжамнан 324,3 млн. тг артық түсім жасалынды.
Салықтық емес түсімдер 150,2 пайызға қамтамасыз етіліп, бюджетке 18,4 млн. тг артығымен түсті.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспардағы 15,7 млн. тг орнына 25,7 млн. тг түсім жасалынып, 163,6 пайызға орындалды.
Төртінші деңгей бойынша жоспар 62,5 млн.тг нақты 106,1 млн.тг немесе 169,6 пайызға орындалған. Жалпы кірістер орындалғанымен кейбір ауылдық округтерде орындалмауда. Атап айтқанда төртінші деңгейлі бюджеттің кірістер жоспарының орындалуы төмендегіше:
- 1.Байқадам ауылдық округі бойынша жер салығы 93,2 пайызға немесе 18,0 мың тг кем түскен;
- 2.Игілік ауылдық округі бойынша мүлік салығы салығы 95,6 пайызға немесе 7,4 мың тг кем түскен;
- 3.Жайылма ауылдық округі бойынша жер салығы 89,0 пайызға немесе 33,6 мың тг кем орындалған;
- 4.Жаңарық ауылдық округі бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 80,2 пайызға орындалып, бюджетке 27,8 мың тг кем түскен;
- 5.Жаңаталап ауылдық округі бойынша мүлік салығы 84,0 пайызға, көлік салығы 73,2 пайызға орындалған. 2021 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 310,6 мың тг кем.
Бюджет шығындарының атқарылуы 100 пайызға қамтамасыз етілді.
— Үнемделген қаржы 0,8 млн.теңге теңге;
Ауыл шаруашылығы саласы.
Ауыл шаруашылығы саласында 9 айда өндірілген өнімнің көлемі 9,3 млрд. теңгені құрап (2021 ж. — 5,6 млрд.), өткен жылмен салыстырғанда 102,3%-ды құрады.
Егістік жер көлемі 24 473 гектарды құрап, оның 24 020 гектар жері немесе 99%-ы жоспарлы түрде игерілді.
Пайдаланылмай жатқан 64,3 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Елді мекен жайылымы 45 мың гектарға ұлғайды.
Мал шаруашылығындағы өнімнің көлемі де артуда.
Жыл басынан өндірілген ет көлемі 2,4 %-ға, сүт өнімі 3,1%-ға артты.
Есепті кезеңде 324,0 млн. теңгені құрайтын 43 жаңа техника алынды (6 трактор, 37 тіркеме), жаңару көрсеткіші 7%-ды құрады. Жыл аяғына дейін техника жаңарту үлесі 11%-ға жеткізілетін болады.
Әр елді мекеннің шикізаттық мүмкіндіктері зерделеніп, әр округке зәкірлік жобаны іске асыру жоспары тиісті механизмдерімен бекітілді. Бүгінгі күнге жоспарлы 40 жобаның 4-і іске асырылды.
Кәсіпкерлік саласы.
Кәсіпкерлікті дамыту басты назарда.
Бүгінгі күнге ауданда 3 939 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның 3 233-і белсенді қызмет жасап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,8%-ға артты.
Жыл басынан кәсіпкерлерге 1 млрд. 353,2 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Атап айтқанда:
Кәсіпкерліктің әр түрлі саласын дамыту мақсатында жеңілдетілген 6%-дық несиелендіру бойынша жалпы соммасы 59,5 млн тг болатын 17 жоба мақұлданып, оның ішінде 27,7 млн.тг көлемінде 8 жоба қаражаттарына қол жеткізді.
— «БЖК 2025 бағдарламасы шеңберінде бүгінгі таңда жеңілдетілген 6%-дық несиенің кепілдік беру тетігі арқылы «Даму» қорына 729,2 млн. тг көлемінде 92 жоба (залоговый) ұсынылып, нәтижесі күтілуде.
Сонымен қатар микроқаржы ұйымдары арқылы «Бизнес бағдарламаласы» бойынша ауданда жалпы қаражаты 564,5 млн.тг болатын 497 жоба несиеге қол жеткізді.
Көтерме сауданың көлемі 906,5 млн. теңгені құраса, бөлшек сауда айналымы 809,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,8 %-ға артып отыр.
Құрылыс жұмыстары.
Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 6,1 млрд. теңгені құрап, 100,5%-ды құрады.
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарының бос алқаптарын «Сумен жабдықтау және кәріс жүйесімен жабдықтауға» 121,6 млн. теңге (о.і. ҰҚ — 110,2 млн.тг., ОБ — 11,2 млн.тг.) және «Электрмен жабдықтауға» 99,5 млн. теңге (о.і. ҰҚ – 89,5 млн.тг., ОБ – 9,9 млн.тг.) қаржы қаралып, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Аумақты дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыстық энергетика басқармасы тарапынан «Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы» 2,1 млрд теңгеге (о.і. ҰҚ – 1,5 млрд.тг., ОБ – 600,1 млн.тг.) және аудандағы 14 елді мекенге (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жанаталап, Ұйым, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Бүркітбаев, Арыстанды) (жеткізілетін, тарататын) газ құбырларын салу мен газдандыру бойынша 1,8 млрд. теңгеге (о.і. ҰҚ – 1,5 млрд.тг., ОБ – 322,0 млн.тг.) жұмыстар атқарылуда.
«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында Жаңатас цемент зауытын электрмен жабдықтау үшін (35 кВ ӘЖ және 35/кв ҚС салуға) 71,6 млн. теңгеге (ОБ) құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, қуаты жылына 400 мың тонна кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салуға 2222.2 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Одан бөлек, Тоғызкент ауылы және Жаңатас қаласында 30 келішуге амбулатория, Әбілда ауылында 5 келушігер арналған медпункт құрылыстары жүруде.
Ағымдағы жылы елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отыр.
Жыл ішінде демалыс орындарын орнату, саябақтарды күтіп ұстау, стеллалар мен төлқұжат салу жұмыстарына 211,3 млн. теңге қаржы қарастырылды. Оған қоса, 7 елді мекенге 15 көшені жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 40,5 млн. теңге қаржы бөлінді.
Нақтылауда Жаңатас қаласына спорт алаңшалар орнатуға 113 млн. теңге көлемінде қаржы қаралды.
Тұрғын үй көлемі.
Ауданда 9 айдың қорытындысымен пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 11 495 шаршы метрді құрап, көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 118,9%-ды құрады.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алу кезегінде 1 606 адам тұр (10.10.2022 ж. жағдай).
Автокөлік жолдары.
Алысты жақын ететін, қарым-қатынасты арттыратын жол екені белгілі.
Аудан көлемінде жалпы 525,47 шақырым автожолдары бар.
Облыстық маңызы бар жолдар 271,8 шқ құрайды (197,2 шқ қанағаттарлық жағдайда яғни 72,5).
Аудандық мәні бар 253,67 шқ. Оның 212,87 шқ қанағаттанарлық жағдайда, яғни 83,9% құрап отыр.
Ағымдағы жылы 676,4 млн. теңгеге автокөлік жолдарының жалпы 40,9 шақырымын жөндеуден өтті, оның ішінде:
- облыстық маңызы бар жолдар — 20,0 шқ (113,2 млн. теңге);
- аудандық маңызы бар кіре беріс жолдар – 10,6 шқ (291,1 млн. теңге);
- ішкі жолдар – 10,3 шқ (272,1 млн. теңге).
Бүгінгі күнге ЖСҚ-сы әзірленіп, 50/50 пайызбен облыстық бюджетке 5 автожолдың 5,0 шақырымын орта жөндеуден өткізуге 144,4 млн. теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылған.
Сонымен қатар, 2023 жылғы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасына 7 көшеге (8,1 шқ) ЖСҚ әзірленіп республикалық бюджетке 239,0 млн. теңгеге өтінім берілді.
Жалпы аудан бойынша 224 көше бар, оның асфальтталғаны 177 (79 пайыз), жарықтандарылғаны 167 (74 пайыз).
Елді-мекендерді ауыз сумен қамту.
Аудандағы елді–мекендер саны 25, оның ішінде орталықтандырылған сумен 19 елді-мекен қамтамасыз етілген (76,0 пайыз).
Қалған 6 елді-мекенді (Шағалалы, Үшбас, Майлыкөл, Ақтам, Үлкен Көкдала, Кіші Көкдала) орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету кезең-кезенімен жоспарланған.
Атап айтатын болсақ:
Ақтоғай ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту бойынша 2022 жылға құрылысын жүргізуге облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды (жоба құны 328,0 млн. теңге). Саудакент және Тоғызкент ауылдарындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғыртуға ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 25,0 млн. теңге қаржы қаралған, ЖСҚ-сы әзірлену үстінде.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы 2 елді-мекенді (Үшбас, Шағалалы) ауыз сумен қамту мақсатында бүгінгі күнге ЖСҚ әзірленді. Ағымдағы жылдың мамыр айының аяғында жобаларға сараптама қорытындысы алынып (мердігер – «Алмаз проект строй» ЖШС), тиісті басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылады. Майлыкөл және Үлкен көкдала ауылдарына КБМ (комплексный блочный модуль) орнату жоспарлануда (құні 1 КБМ комплект – 23,5 млн. теңге).
Елді-мекендерді газдандыру.
Ең бір маңызды мәселе — газдандыру. Бүгінгі таңда 25 елді-мекеннің 4-і немесе 16% табиғи газбен қамтылған (Досбол, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілдә 2469 адам 5,6%).
Ауданда 2 нысанның құрылысы жүргізілуде:
Біріншісі, Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы (жобаның жалпы құны 7,7 млрд.теңгені, 2021 жылға 2,2 млрд.тг, 2022 жылға 2,1 млрд. тг).
Екіншісі, аудандағы 14 елді-мекендеріне газ құбырларын салу мен газдандыру жұмыстары (конкурстық құны 7,7 млрд. 2021 жылға қаржы – 2,2 млрд., тг, 2022 жылға 1,8 млрд. тг).
Газ тарту жұмыстары толық аяқталған соң (2019-2023 жж.) ауданның газбен қамтылу үлесі 72% немесе адам санына шаққанда 96,8% — ға жетеді деп күтілуде.
Қосымша Шағалалы елді-мекеніне (37 үй, 212 адам) 105 млн. теңгені құрайтын 1 жоба әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім энергетика басқармасына ұсынылды.
Санитарлық тазалау жұмыстары.
Елді мекендердегі санитарлық тазалау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
Аудан елді мекендерін мәдени келбетін көтеру, санитарлық тазалық жағдайын арттыру мақсатында, Жаңатас қаласы мен округтерде 5 рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған шамамен (әр сенбіліктерде) 500 жуық адам қатысқан.
2022 жылдың күздегі сенбілік жұмыстарын сапалы және мерзімінде өткізудің іс-шара жоспарына сәйкес, бүгінгі күнге келесідей жұмыстар атқарылды.
1. Арық каналдарды тазалау бойынша – 36 шақырым тазаланды, яғни орындалуы 62% (жоспар – 58,1 шқ);
2. Көшелерді тазалау – 38 шақырым (63%) (жоспар – 60 шқ);
3. Саябақтар, скверлерді тазалау, көріктендіру – 32 мың шаршы метр, орындалуы 46% (жоспар – 70 мың ш.м.);
4. Санитариялық тазалау және кездейсоқ күл-қоқысты шығару, иезіс қирап қалған нысандардың орнын тазалап тегістеу бойынша – 245 тн тиісті полигондарға шығарылған яғни 35% (жоспар – 700 тн);
Спорт саласы.
Бұқаралық спорт — ұлт денсаулығының кепілі!
Аудандағы спорт саласында да жыл ішінде айтулы көрсеткіштерге қол жеткіздік.
Тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны — 16 850 адамды, яғни 37,7%-ды құрайды (жыл аяғына дейін — 38,5% көрсеткішке жету межеленген).
Ауданда жалпы 213 спорт нысаны бар. Атап айтқанда, спорт кешені — 2, стадион — 1, спорт зал — 32, футбол алаңы — 28, спорт алаңшасы — 135 (оның ішінде: 33-баскетбол, 32-волейбол, 38-кіші футбол алаңы, 32-«Street Workout»), ыңғайластырылған залдар — 15. Қосымша қала және ауылдық елді-мекендерде 64 балалар ойын алаңшалары бар.
2021 жылы спортшыларымыз республикалық, облыстық және аудандық жарыстарда барлығы 286 медальға ие болса (83 алтын, 91 күміс, 113 қола), 2022 жылдың 9 айында барлығы — 308 медаль (111 алтын, 84 күміс, 113 қола) иеленді.
Халықаралық додаларда 2022 жылы — 5 спортшымыз чемпион атанды (7 медаль). Олар:
1) Шұғаева Сара — Самбо күресінен Ливанда өткен Азия чемпионатының І-орын иегері;
2) Қали Сабина — Каратэ-до Шотакан түрінен Ресейде өткен әлем чемпионатында І-орын иегері;
3) Мырзанов Нұрболат — Румыния мемлекетінде Қазақ күресінен әлем кубогының иегері;
4) Әбдікеш Мерей — Белбеу күресінен Қырғыз Республикасында өткен додада 2-орын;
5) Досберген Дильназ — Дзюдо күресінен Қырғызстанда және Өзбекстан Республикаларында өткен жарыста 2-рет бірінші орын, 1-рет екінші орынды жеңіп алған.
«Балалар жылы» аясында жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалану мақсатында Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде күнделікті көше ойындары, көңілді эстафета, кіші футбол және т.б. 100-ден аса спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, биылғы жылы бюджет есебінен 176,8 млн. теңгеге 49 спорт алаңшалары, спорттық тренажерлар мен балалар ойын алаңшалары жаңадан орнатылды, бұрын пайдалануға берілген (тозығы жеткен) 12 алаңшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
(2021 ж. — 200,0 млн. теңгеге 18 спорт алаңшалары, 30 «Street Workout», 23 балалар ойын алаңшасы соғылып, пайдалануға берілген).
Денсаулық сақтау саласы.
Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз асыл дүние.
Ауданда денсаулық сақтау саласында 26 медициналық ұйым бар. Ғимараттар жағдайы жақсы. Жөндеуді қажет етпейді.
Салада 740 медицина қызметкерлері жұмыс істейді (оның 67-сі жоғары санаттағы дәрігерлер).
Қалыптасқан жағдайға байланысты аудандық ауруханаға компьютерлік томография аппаратын алу жұмыстары қолға алынды.
Жыл ішінде Жаңатас қаласы Дегерес елді мекенінде және Тоғызкент ауылында 30 келуші арналған дәргерлік амбулаториялардың, ал Әбілда елді мекенінде 5 келушіге арналған медпунктің құрылыстары басталған.
Бүгінгі таңда, Тоғызкент және Әбілда ауылдарындағы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысандарды «25 қазан — Республика күні» мерекесіне орай пайдалануға беру көзделуде.
Ал, Жаңатас қаласындағы дәрігерлік амбулатория Тәуелсіздік күні қарсаңында қолданысқа берілетін болады.
Мәдениет саласы.
Аудандағы мәдениет саласына жыл сайын ерекше көңіл бөлініп, түрлі жобалар қолға алынуда.
Биылғы жылы үлкен 3 жобаға 25,5 млн. теңге қаржы бөлініп, (Үшбас ауылдық кітапханасы- 6 млн 344 мың тг, Шығанақ ауылдық кітапханасы- 7 млн 239 мың тг, Саудакент ауылдық балалар кітапханасы-12 млн қаржы бөлінген) мемлекеттік сатып алу жұмыстарының талаптарына сәйкес жеңімпаз анықталып, Үшбас, Шығанақ ауылдық кітапханасы, Саудакент ауылдық балалар кітапханасына ағымды жөндеу жұмыстары жүруде (Үшбас, Шығанақ а.к мердігері «Алтын Жаңбыр», Саудакент а.б.к мердігері «Строй-Групп») (а.ж. қараша айының соңына дейін аяқталады).
Қосымша Шығанақ және Досбол ауылдық клуб үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, жалпы құны 35,0 млн. теңгеге (Шығанақ-20 млн., Досбол-15 млн.) жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.
2022-2025 жылдарға мәдениет саласындағы 4 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. Оның екі нысаны бойынша (Тоғызкент, Өндіріс ауылдық клуб үйлері) жобалық – сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алған. Бүгінгі күні қаржы бөлу мәселесі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына және Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылып, 2022-2025 жылдарға арналған Даму жоспарына енгізілді.
Сонымен қатар, Жайылма (ЖСҚ құны — 4 млн 950 мың), Ұ.Сыздықбайұлы (ЖСҚ құны-3 млн 212 мың) ауылдық клуб үйлері күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жобалық-сметалық жұмыстарын жүргізуге жеңімпаз мердігер ТОО «Вивострой» анықталды.
Ауданда барлығы — 2 мәдениет үйі (1 аудандық, 1 Саудакент ауылдық), 17 ауылдық клуб, 26 кітапхана бар.
2022 жылға 1179 мәдени іс-шара жоспарланып, 8 айда — 1641 іс-шара өткізілді (69 466 адам қамтылды).
Мәдени-көпшілік іс-шаралардың басым бөлігі «Балалар жылына», даталы және мерекелік күндерге, ұйымдастырылған жобаларға байланысты өтуде.
Атап айтқанда: Халық қаһарманы, Қазақстан халық әртісі, әнші Роза Бағланова — туғанына 100 жылдығына арналған «Әнімен елге аңыз боп…» шығармашылығына арналған ән кешін, Әнші Нұрғали Нүсіпжанов 85 жасқа толуына орай. «Әнімен әуелетіп, тербеткен» атты әдеби сазды кеші, Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызым» атты әдеби сазды кешн, «Ана-өмір нәрі» атты мерекелік концертін, «Рухани керуен» жобасы аясында «Шежіре күні» атты іс-шара т.б.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 110 жылдығы Республикалық деңгейде аталып өтті. Шара барысында орта мектепке Қонаев есімі беріліп, Қонаев танушылармен форум өтіп, театрландырылған көрініс, спорттық ойындар, концерттік бағдарламаға ұласты.
Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері, Сарысу ауданының тумасы Асанәлі Әшімовтың 85 жас мерейтойы 1-2 мамыр күндері ауданда өте жоғары деңгейде аталып өтті. Ағамыздың шәкірттері тарапынан ұсынылған театрландырылған қойылымдар, халықтың көңілінен шығып, зор қошеметке ие болса, Республикалық аламан айтыс, бәйге өтті. Еліміздің барлық өлкесінен жиналған айтыскерлер абыз ақсақалдың өнердегі жолын жырлады.
Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық Жамбыл Жабаев, Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтардың иегері, Қазақстан және Қырғызстан республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, композитор, өнертанушы, суретші, абыз ақсақал Илья Жақановтың Сарысу ауданына келіп, жас суретшілер мен Ілия Жақанов әндерін орындаудан байқау өтіп, концерт өтті.
Аудан тұрғындарын мәдени іс-шараларға тарту бағытында әр аптаның жұма күндері Жаңатас қаласында, жұма-сенбі күндері Саудакент, Жайылма, Тоғызкент ауылдарында кино көрсетілімі тұрақты көрсетілуде.
Апта сайын «Екі жұлдыз» өнер сайысы өтіп, маусым айында гала концертпен аяқталды.
Тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мекеме, кәсіпорындардың қатысуымен Жаңатас қаласында «Отаным деп шырқата салған әнім» мәдениет және өнер фестивалі тұрақты өтуде.
Ауылдық округтердегі тұрғындардың уақытын тиімді өткізу, жастарды бірлікке, татулыққа шақыру мақсатында апта сайын «Ауылым алтын бесігім» атты мерекелік концерт өтті.
15 қазан күні Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы талантты тұлғаның шығармашылығын халық игілігіне айналуына жол ашу, жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында оқушылар арасында «Маралтай оқулары» облыстық байқауы өтеді.
Қауіпсіздік саласы.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз.
А.ж. 9 айында аудан бойынша тіркелген қылмыс саны 137-ден 97-ға (29,2 пайызға) төмендеген. Оның ашылу деңгейі 84,8%-ды пайызды (2021 ж. — 69,9%) құрады.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында Жаңатас қаласы мен 9 ауылдық округтерде 88 дана цифрлық бейне бақылау камералары орнатылған.
Әкімдік тарапынан полиция қызметкерлері 50 планшет, 20 рация, дрон және 50 бейне регистратормен қамтамасыз етілді.
Білім саласы.
Өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру басты назарда. Ауданда 27 мектеп бар, онда (жаңа оқу жылында) 9145 баланың білім алуда. Оларға 1 352 мұғалім сабақ береді.
Ауданда 9 мектептен тыс мекемелерде 3 829 оқушы қосымша білім берумен қамтылған.
Ал, мектепке дейінгі 24 мекеме бар. Ондағы 11 балабақшада 1663 бала, 13 шағын орталықтарда 457 бала, барлығы 2120 бала тәрбиеленуде. (қала-1286, ауыл-834). 11 балабақшаның 8 мемлекеттік 3 жекеменшік нысанда. 12 шағын орталық мемлекеттік 1 жекеменшік нысанда..
Биыл салаға 10,5 млрд. теңге бөлініп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,1 пайызға артты.
Барлық 27 мектеп 98 заманауи модификациялық кабинетпен жабдықталған, қамтылу үлесі 71,2% құрайды.
Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз мектеп» шарасы негізінде 27 мектептің 5-де (18,5%) турникеттер орнатылып, қала мектептерінде түймелері қойылған, мамандандырылған күзет қызметтері жұмыс жасауда.
Білім саласына қатысты әкімдік тарапынан 3 жоба 624,7 млн. теңгеге ЖСҚ мен мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім берілді. 2023 жылға облыстың Жол картасына енгізілді (Жаңаталап о/м спорт зал құрылысы 117,4 млн. тг. жапсарлас асхана және мәжіліс зал құрылысына 95,1 млн. тг, Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салуға 409,9 млн.тг).
Балаларды жазғы сауықтыру лагерімен қамту
Биылғы жылғы жоспар 103%-ға орындалып, 8 173 бала жазғы лагерлермен қамтылды.
Оның ішінде 1-10 маусым аралығында мектеп жанындағы профильді лагерлерге 6 723 балалар барды. Қала сыртындағы демалыс лагеріне 1450 балаға жолдама берілді (Берікқара лагеріне облыстық білім басқармасы тарапынан 700 балаға бюджеттен 26,3 млн. теңге қаржы бөлінді, 750 бала «Қазфосфат» ЖШС демеушілігімен «Жұлдыз» лагеріне барады).
Одан бөлек, жазғы уақытта 345-тен астам түрлі үйірмелер жұмыс жасап, нәтижесінде 10 230 баланы қамтылды.
Жастар саясаты.
Ауданда жастар саясатын жүзеге асыру біздің басым бағыттарымыздың бірі.
Облыс әкімінің тапсырмасымен аудандағы жастардың жеке паспорты жасалынды. Ауданда 10 447 жас бар. Бұл аудан тұрғындарының 21,7 пайызын құрайды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылы 7 жас қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін бастады.
- Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Бизнес бастау» жастар саны – 412;
- Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етілген – 9 жас;
- 400 АЕК мемлекеттік грант ұсыну (61-жас);
- Жастар практикасына 213 жас қамтылды;
- Әлеуметтік жұмыс орындарына (13-жас);
- Ақылы қоғамдық жұмыстарға (252 жас).
Жалпы, жастар саясатының 11 бағыты бойынша 590 іс-шара өткізілді (қамтылған жастар саны — 3427).
Қазіргі таңда, аудан көлемінде 205 еріктілер бар. Жыл басынан бері олардың қатысуымен 105 түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Әлеуметтік қамсыздандыру.
Әлеуметтік көрсеткіштерде оң динамика байқалады.
Биыл АСП (атаулы әлеуметтік көмек) 471 отбасына тағайындалды (2422 адам). Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда АСП алушы отбасы саны 134-ға азайды (2021 ж. 605 отбасы).
Оның ішінде, шартты ақшалай көмек 326 (1838 адам) отбасына, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 145 (584 адам) отбасына тағайындалған. Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандары 581 адам.
А.ж. 1 қазанға 1 136 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны — 1028 адам немесе 87%.
Жыл басынан 3455 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды (2021 жылдың 12 айында — 4 261 адам).
Оның ішінде:
2022 жылдың 1 қазанға 1133 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 830 азамат бастау бизнес оқумен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 81 адам жолданды.
Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жоспар – 165 адам,жолданғаны — 219 адам.
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру жоспары – 890 адам, жолданғаны 953 адам.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында 36 азаматқа грант қаражаты берілді.
Бюджеттік-инвестициялық жобалар.
Қаржылық мәселелерге тікелей байланысты жобалар да баршылық.
Бүгінгі күнге, 22,8 млрд. теңгеге жалпы 71 жоба әзірленген. Оның ішінде, 26 жоба (7,3 млрд.тг) қолдау тауып, құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Қалған (жалпы құны 12,3 млрд. тг. құрайтын) 35 инвестициялық жобалар (жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен) нақтылауда тұр.
Олар:
— Білім беру нысандары бойынша — 3 жоба, 624,7 млн.тг (Жанаталап орта мектебіне спорт залы құрылысы жапсарлас асхана және мәжіліс залы 214,8 млн. тг және Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу (Байланыстыру) 409,9 млн.тг);
— Спорт нысандары бойынша — 2 жоба, 1 296,0 млн.тг (Жаңатас қаласынан «Жастар» спорттық-сауықтыру кешені құрылысын салу — 858,9 млн.тг және Тоғызкент ауылында спорт зал құрылысы — 437,2 млн.тг);
— Мәдениет нысандары бойынша Тоғызкент, Өндіріс ауылдарының клуб үйлерін күрделі жөндеу — 2 жоба, 410,5 млн.тг;
— Тұрғын үй саласы бойынша — 3 жоба, 2 611,2 млрд.тг (Жаңатас қаласында 80 пәтерлі көпқабатты 2 үйдің құрылысы (6мкр-№17, 6мкр№18) — 1905,8 млн.тг және 2 шағын аудан №32 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары — 705,4 млн. тг);
— Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарының және «Құрылысшы» саяжайының ИКИ салуға — 4 жоба, 652,6 млн.тг (4-5 ш/а.газ жүйесі және «Құрылысшы» алқабының газ желісі, электр желісі, су жүйесі);
— Шағалалы ауылының газ жүйесінің құрылысы — 102,3 млн.тг;
— Ауыз су жүйесі бойынша — 8 жоба, 2 083,5 млрд.тг (Үшбас және Шағалалы ауылдарының ауыз жүйесінің құрылысы 2 жоба 494,3 млн.тг, Ақтоғай, Саудакент және Тогызкент ауылдарының ауыз су құбыры желілерін қайта жаңғырту -1393,5 млн.тг және Қамқалы, Шығанақ және Жайлаукөл ауылдарының ауыз су жүйесін күрделі жөндеу– 3 жоба 195,7 млн.тг);
— Тоғызкент, Досбол-1, Досбол-2 учаскесінде үймежал бөгетін салу — 3 жоба, 315,0 млн.тг;
— Игілік ауылдық округі жерінен Байқадам, Жанаталап, Игілік ауылдық округіне тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысын салу — 1 жоба, 363,2 млн.тг;
— Жаңатас қаласындағы 12 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу — 236,0 млн.тг;
— Шағалалы (0-9,2шқ), Тоғызкент (0-0,730шқ) ауылдарға кіре-беріс жол жөндеу — 2 жоба, 305,9 млн.тг;
— Жаңатас қаласы Абылайхан, Абай орта мектептерін күрделі жөндеу — 2 жоба 412,7 млн. тг;
— Жаңатас қаласы ст.«Асыл Тұз Компаниясы» ЖШС кірме теміржолының құрылысы — 1 жоба, 227,0 млн.тг;
— 14 АЕМ газ тарту өтпелі нысаны — 1 жоба, 2 885,6 млрд.тг;
— АЕБ жобасы аясында ауыл ішілік жолдарды орта жөндеу — 242,1 млн.тг.
Cонымен қатар, аудан бюджеті есебінен жалпы құны 3,1 млрд. теңгеге 10 жобаның ЖСҚ әзірленіп, бүгінгі күнге мемлекеттік сараптамадан өтуде.