Облыс бойынша ҰБТ-ге 11751 мектеп бітірушінің 8756-сы (73,6%) қатысқан. Бұл туралы Turaninfo.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.
Облыс бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 82,5-ті құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,2-ге жоғары (2021 жылы – 82,3 балл), (республика бойынша – 67,1 балл).
Оның ішінде 139 баллды 1 оқушы алды, ол Байзақ ауданы Жамбыл атындағы орта мектебінің түлегі Қапалбаева Айым.100-ден жоғары балл алған мектеп бітірушілер саны 324-ке кеміп, 1218-ді құраған (13,9%) (2021 жылы – 1542)
2022-2023 оқу жылына 2022-2023 оқу жылына 3, 5, 7 – сыныптар үшін. «Неміс тілі», 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары және 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, 1 сыныпқа арналған дәптерлер, әдеби кітаптарды сатып алуға және жеткізуге 2,9 млрд. теңге бөлінге.(2021-2022 оқу жылына 3,1млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 401 млн. теңгеге 313471 дана көркем әдебиет кітаптар алынған.
Облыстағы 444 мектептің барлығы интернет желісімен қамтамасыз етілген (8 мбит/с дейін жылдамдықпен — 14 мектеп, 8-100 мбит/с жылдамдықпен — 430 мектеп).
2022 жылы жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Интернет беруші провайдерлермен жасалған келісім-шарт бойынша ауылдық елді мекенде орналасқан 352 мектептің 14-і 8 мбит/с дейін, 338-і 8-100 мбит/с жылдамдықтағы интернетке қосылған, 96% құрайды (Байзақ-44, Жамбыл-38, Жуалы-39, Қордай-43, Меркі-36, Мойынқұм-15, Т.Рысқұлов-38, Сарысу-22, Талас-27, Шу-35, бб қарасты-1).
Оның ішінде 135 мектеп:
Байзақ ауданының 16 мектебі 20 мбит/с жылдамдықпен;
Жамбыл ауданының 10 мектебі 10-30 мбит/с жылдамдықпен;
Жуалы ауданының 15 мектебі 10-20 мбит/с жылдамдықпен;
Қордай ауданының 26 мектебі 4-10 мбит/с жылдамдықпен;
Меркі ауданының 7 мектебі 10-30 мбит/с жылдамдықпен;
Мойынқұм ауданының 17 мектебі 4-100 мбит/с жылдамдықпен;
Талас ауданының 24 мектебі 8-30 мбит/с жылдамдықпен;
Сарысу ауданының 8 мектебі 10 мбит/с жылдамдықпен;
Шу ауданының 12 мектебі 10-40 мбит/с жылдамдықпен;
Қалада орналасқан 92 мектептің барлығы 20-100 мбит/с жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген (Сарысу-5, Талас-8, Шу-12, Тараз қ-60, бб қарасты-7).
Облыс мектептерінде 10 991 оқу кабинеті бар, оның барлығы 100% интернетке қосылған дербес компьютерлік техникалармен немесе үштікпен (компьютер, проектор, экран) қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда «Жібек жолы» жобасы аясында облыста 371 елді мекеннің 183-і талшықты-оптикалық байланыс желісімен (бұдан әрі-ТОБЖ) қамтамасыз етілген (оның ішінде 367 ауылдық елді мекеннің 179-ы ТОБЖ-мен жарақтандырылған).
188 ауылдық елді мекенде орналасқан 149 мектептің Интернет сапасы төмен (интернет операторлары ескірген, заман талабына сай емес құрылғыларды пайдаланады). Оларға сапалы Интернет қызметін ұсыну үшін байланыс магистральдарын жаңарту қажет (WI-FI, радио-көпір, талшықты-оптика, 4G).
Бүгінгі таңда облыс мектептері теңгерімінде оқу үдерісінде пайдаланатын 55063 дана компьютер бар. Оның жұмыс қалпындағысы 51 771 дана компьютер. 3292 дана компьютер жұмыс істемейді, есептен шығарып, ауыстыруды қажет етеді (2020 жылы – 31315 компьютер, РБ-26483, МБ-4832).
1 компьютерге келетін оқушылар саны 4 оқушыны құрап отыр (ауыл-4, қала-5).
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – басты міндет. Облыста 76 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері бар (58 мемлекеттік, 7 мемлекеттік емес мектептен тыс мекемелер мен 11 қала сыртындағы сауықтыру лагерлері). Оқушылардың 83,7%-ы қосымша білім берумен қамтылған («Білімді ұлт сапалы білім беру» Ұлттық жобасында жоспар – 75,5%).
Өткен жылы Шу ауданында «Оқушылар сарайы», Тараз қаласында «Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы» ашылды. Ағымдағы жылы Тараз қаласында заманауи «Оқушылар сарайының» құрылысы аяқталды.
Техникалық және кәсіптік білім
Облыста 44 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде (20 мемлекеттік, 24 жеке) 23 618 студент білім алса, 11784 мемлекеттік білім тапсырысы аясында оқуда (50%).
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын аясында жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша, 2022-2023 оқу жылына 5734 (70%) орын (ЖБ-3300 орын, РБ-2434 орын) мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Яғни, мемлекеттік білім беру тапсырысы өткен жылмен салыстырғанда 2518 орынға артқан.
Облыс агроөнеркәсіптік кластердің дамуына байланысты агрономия, ветеринария, зоотехния, ара шаруашылығы, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы, жеміс –көкөніс шаруашылығы мамандықтарына 295 орын бөлінсе, техникалық құрылыс саласына 2740 орын, ІТ саласына 755 орын, қызмет көрсету саласына 670 орын мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген.
Жаңа оқу жылына қабылдауда кәсіпорындардың нақты сұранысына сәйкес, мақсатты кадр даярлау жұмыстары басталды. «Атамекен» КП-мен бірге «Казфосфат», «Еврохим», «Имсталькон», «Жамбыл-Гипс», «Шафран», «Тараз-Энерджи», «Палацио» т.б. сияқты ірі кәсіпорындармен міндетті түлектеррді жұмысқа орналастыру мақсатында, яғни 97 жұмыс берушімен колледж арасында 428 орынға келісім шарт жасалынған.
Колледж кәсіпорын арасындағы осындай тандем арқасында білім беру бағдарламалары жұмыс берушінің талаптарын сай дайындалады.
Соңғы үш жылда мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу орындарын 8 мыңнан астам түлек бітірді, олардың ішінде, тұрақты жұмыспен қамтылғандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 80% — 84%-ды құраған.
Колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Жас маман» жобасына облыстағы 11 колледж еніп, 3,7 млрд. теңгеге замануи құрылғылармен қамтамасыз етілді (олардың 7-і аудандарда орналасқан).
Бүгінгі күні, жобаға қатысқан 8 колледж ақылы негізде қызмет көрсетуде (кондитерлік өнімдер мен аспаздық жартылай фабрикаттар, көрпе төсек бұйымдары, көлік жөндеу, кран, эксковатор қызметтері, егістік өнімдер, т.б.), оның ішінде 2 «Студент өнімі» дүкендері және 2 ақылы қызмет көрсету орталықтары ашылды.
Жалпы биылғы жылы табыс табуға бағытталған 8 колледж шамамен 41 млн. теңге табыс алады деп күтілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша тапсырмасына сәйкес, облыстағы колледждерді ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа беру жұмыстары қолға алынды. Бүгінге 18 колледж «Казфосфат», «Имсталькон», «Палацио» кәсіпорындарына және «Шәушен» ірі шаруа қожалығы сияқты бейіндері бойынша беріліп, 3 жақты меморандумдар жасалынды.
Шефтік қамқорлыққа алынған колледждерге кәсіпорындар тарапынан материалдық, тәжірибелік-әдістемелік қолдаулар көрсетілуде.
Мысалы, «Казфосфат» ЖШС-і тарапынан Жаңатас көпсалалы колледжіне студенттермен тау-кен қазба жұмыстарын ұйымдастыру үшін 4 га жер телімі бөлініп, тәлімгер шеберлер бекітілді.
«Шәушен» шаруа қожалығы тарапынан Құлан агротехникалық колледжіне жобалық құны 12 млн. теңгені құрайтын оқу-өндірістік мал ұстау базасын салу жұмыстары басталды.
«Имсталькон» мен «Палацио» ЖШС-і тарапынан 3 курстың 68 студенттері оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу жұмыстары атқарылуда. 12 инженер-педагог осы кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуде. Мұнда басты мәселе замануи технологияларды пайдалануды игеру, тәлімгер шеберлермен жұмыс тәжірибесін жинақтау, озат студенттерге стипендия төлеу, тұрақты жұмыс орнымен қамту.
2021-2022 оқу жылында 44 колледждің 37-сі (84%) 57 мамандық бойынша 5611 студентті дуальдық оқытумен қамтылып, 8084 студент өндірістік тәжірибеден өткізілді (Барлығы – 13695 студент тәжірибеден өтуде).
Жұмыс берушілер есебінен кәсіптік практикада жүрген үздік 35 студентке орта есеппен 60 мың теңгеден еңбек ақы төленген.
Биылғы оқу жылынан бастап, барлық колледждер академиялық дербестікке көшіп, 215 білім беру бағдарламаларын дайындауда 42 ірі салалық кәсіпорындардың ұсыныстарын ескеріп, реестрге тіркелді. Білім беру бағдарламалары кредиттік модульдік оқыту үрдісіне көшірілді.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысымен дайындалды
Жатқанбай Әділет