Облыс тұрғындарының тілдік ахуалына 2021 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі – 92% (жоспар – 91%), мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі – 71% (жоспар – 55,7%), орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 91% (жоспар – 90,2%), ағылшын тілін меңгерген тұрғындар үлесі – 28,4% (жоспар – 28%), үш тілді меңгерген тұрғындар үлесі – 28,1% (жоспар – 27% респ, 28% обл), ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарының сақталу үлесі – 15% (жоспар – 14%), мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі – 83,4%-ті (жоспар – 72%) құраған. Бұл туралы Turaninfo.kz ақпарттық агеннтігі хабарлайды.
Сондай-ақ, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында (көрсеткіш) және Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында (нысаналы индикатор) жергілікті атқарушы органдарға тиесілі бір көрсеткішке (нысаналы индикатор) 2023 жылдан бастап қол жеткізу көзделген (Латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылардың үлесі).
Облыста тіл саясатын жүзеге асыру бағытында басқарма тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан басқа мемлекеттік тілді қолданудың аясы мен сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік желіде 5 жоба жүзеге асырылған – «Tarazlatyn», «Сауаттылық Time» және «Мен қазақша сөйлеймін», «Termindi Bil», «Til Bailyq» жобалары.
Мектеп қабырғасында факультатив есебінен ана тілдерін 823 бала оқуда.
Жамбыл ауданында – дүнген тілі (54 оқушы), Сарысу ауданында – күрді тілі (94), Шу ауданында – түрік тілі (90), күрді тілі (335), әзірбайжан тілі (250). Барлығы 9 этностың (қазақ, орыс, өзбек, дүнген, түрік, күрді, әзірбайжан, неміс, кәріс) ана тілдері курстары жүргізіліп, қырғыз, украин этностарына әдістемелік көмектер көрсетілді. Яғни, барлығы 34 этностың 11-і қамтылып, 32,3% құрап отыр.
Есепті тоқсанда облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жүргізілді. Қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы 98,9% құрады. Жалпы, әлеуметтік зерттеу қортындысы бойынша облыс тұрғындарының 92% мемлекеттік тілді меңгерген. Дегенмен, өзге этностар арасындағы қазақ тілін меңгеру деңгейі әлі де төмен-74,9%.
Бүгінгі таңда балабақша тәрбиеленушілерінің 85%-і мемлекеттік тілде тәрбиеленуде (562 балабақаша, оның 445-і (79,2%) қазақ тілінде, 101-і (18%) аралас, 16-сы (2,9%) орыс тілінде) тәрбиеленуде.
Соңғы 5 жылда мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар саны 74,5%-тен 77%-ке (2,5%-ға) өссе, оның ішінде мемлекеттік тілде білім алатын өзге ұлт өкілдері оқушыларының саны 5488-ден 7092-ге өскен (1604 оқушыға).
Барлығы 238713 оқушы. 183091-і (77%) қазақ тілінде, 55481-і (23%) орыс тілінде, 141-і (0,1%) өзбек тілінде білім алуда. Алдағы оқу жылында мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың үлесін 80%-ға жеткізу жоспарлануда.
Облыстағы 444 мектептің 310-ы (70%) қазақ тілінде, 126-ы (28%) аралас тілдерде, 8-і (3,4%) орыс тілінде білім беруде.
Қордай ауданында 2021-2022 оқу жылында 48 мектеп жұмыс істесе, оның 22-і қазақ, 2-і орыс, 24-і қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Қазақ сыныптарының саны көбейіп, қазақ тілінде білім алушылар үлесі өткен оқу жылымен салыстырғанда 58,8%-дан 60,4%-ға артқан.
Алдағы оқу жылында орыс тілінде білім беретін 2 мектептен де қазақ сыныптары ашылады. Жаңа оқу жылында аудан бойынша 1 сыныпқа 2950 оқушы келеді деп күтілуде. Оның ішінде 2153-і (73%) қазақ сыныбына, 797-і (27%) орыс сыныбына қабылданады. Аудан бойынша 1-11 сыныптар аралығында жалпы қазақ тілінде білім алатын оқушылар үлесі 70%-ға жетеді деп күтілуде -дейді басқарма басшысы.
Қордай ауданындағы Масанчи, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу, Қаракемер ауылдық округтерінде орналасқан 16 мектептің 7-і қазақ тілінде, 9-ы қазақ және орыс тілінде білім береді (өткен жылы 7-і қазақ тілінде, 3-і орыс тілінде, 6-ы қазақ және орыс тілінде жұмыс істеді).
2021-2022 оқу жылында 5 ауылдық округ бойынша 1 сыныпқа 59 сынып жиынтығына 1336 оқушы қабылданса, оның ішінде қазақ сыныбына 928 және орыс сыныбына 408 оқушы қабылданған
Ал, жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 1135 оқушы келеді деп күтілуде, оның 791-і (70%) қазақ сыныбына, 344-і (30%) орыс сыныбына қабылданады.
Сонымен қатар өңірде шағын және орта бизнес объектілерінде, сауда орындарында және халыққа жаппай қызмет көрсететін мекемелерде тіл туралы заңның талаптарын түсіндіру мақсатында барлығы 86 кездесу (7 сауда үйі, 6 дәріхана, 4 дүкен мен салондар, 24 кәсіпорындар мен 45 бизнес өкілдері) өткізілді. Онда мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы, қазақ тілін үйренудің мүмкіндіктері түсіндіріліп, базалық сөздіктер таратылды. Қысқамерзімді «Тілашар» оқу курстары ұйымдастырылған.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, ақпан айында «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға – сауаттылық!» атты айлық өткізілді. Айлық барысында 6099 көрнекі ақпарат қамтылды. 670 кемшілік анықталып, 47 көрнекілік түзетілді, қалған 623-ін түзетуге мерзім берілді. Тіл нормаларына сәйкес келмейтін көрнекі ақпараттарды ауыстыру және оларды дұрыс рәсімдеу бойынша нысан иелеріне тегін әдістемелік көмектер көрсетілген.
Сондай-ақ, басқарма тарапынан «Таза қалаға – таза жарнама» акциясы өткізілді. Акция барысында 3 шағын аудан, 131 нысан, 10 көше, 743 көрнекі ақпараттар мен жарнамалар зерделенген.
Соңымен қатар, басқарма тарапынан аптасына бір рет Тараз қаласында орналасқан ірі кәсіпорындар мен көшелердегі көрнекі ақпараттарға рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Есепті мерзімде 27 нысан қамтылды (Тараз қаласында орналасқан «Самарканд», «KishMish», «Dodo Pizza», «Asti», «GolPass» тамақтану орындары, «Firkan». «Magnum». «Корзинка», «Fix price» ірі сауда орындары мен «Қайқармет», «Орталық» базарлары және т.б.). Көрнекі ақпарат пен жарнама мәселесіне арналған облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып, кәсіпкерлер мен жарнама агенттіктеріне әдістемелік көмектер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінмеңгеру деңгейлерін анықтау бойынша 11-13 сәуір аралығында «Қазтест» өткізіліп, 45 адам қамтылған.
Өткен тоқсан ішінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, сапасын арттыру бағытындағы шараларға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері тартылып, Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аудандары мен Тараз қаласында тұрғындармен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде 7 филиал, 35 бастауыш ұйым ашылған.
«ҚР Ұлттық банкінің» Жамбыл облыстық филиалы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Халықаралық Тараз инновациялық институты, Жамбыл жоғары медициналық колледжі, Жамбыл теміржолы, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы мекемелері мен Тараз қаласындағы 10 мектеп, 15 балабақшада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының бастауыш ұйымдары ашылған.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысымен дайындалды
Жатқанбай Әділет