Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «С» акционерлік қоғамы «А» шаруа қожалығынан 74 424 744 теңге сомасында берешекті өндіріп алу туралы талабымен жүгінді.
Тараптар арасында 2020 жылдың қараша айында қаржы лизингі келісімі жасалған. Алайда жауапкермен төлеу мен сыйақыны қайтару мерзімдері бойынша міндеттемелері орындалмаған.
Істі қарау барысында татуластырушы-судьямен тараптарға дауды бейбіт жолмен шешудің тәртібі мен артықшылықтары түсіндіріліп, тараптар өзара келісімге келді.
Медиативтік келісімнің шарттары бойынша жауапкер 2022 жылдың соңына дейін 44 759 943 теңге мөлшерінде берешекті, 6 975 685 теңге сыйақыны және 2 268 911,58 теңге мөлшерінде өсімпұл сомасының 10% — ын өтеуге міндеттенеді. Талап қоюшы өз кезегінде жауапкерді 20 420 203 теңге мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбының қалған бөлігін төлеуден босатады.
Осылайша тараптар арасындағы дау татуласумен аяқталады, заңды тұлғалар арасындағы адами және іскерлік қатынастар сақталады.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірісімен тоқтатылды. 2 232 743 теңге сомасында төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.