Азаматтардың өтініштерін объективті, сапалы және жедел қарау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің күшіне енуімен әкімшілік соттар жұмыс істей бастады. Олар арнайы процестік қағидалар бойынша дауларды қарайды: жалпы Конституциялық қағидаттармен бірге сенім құқығын қорғау, ресми талаптарды қолдануға тыйым салу, пропорционалдылық және басқалар қолданылады. Осылайша мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының парадигмасы түбегейлі өзгерді. Азаматтармен бизнестің құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктері енгізілді.
Бас тарту және әуре-сарсаңға салу өтініштерді қарайтын лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне айналды.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша Департаментпен 69 өтініш қаралды, оның ішінде 36 өтініш бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өтініштердің 44,4% дәлелдері расталды. Өтініш берушілердің қалпына келтірілген құқықтарының үлесі 100% құрайды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау саласы бойынша 22 өтініш қаралды. Өтініштер мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама, мемлекеттік қызметке түсу кезіндегі шектеулер, конкурстық комиссиялардың
шешімдерімен келіспеу, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын бұзу, қысқарту кезінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлемеу, қолданылған жазамен, оның ішінде атқаратын лауазымынан босатумен келіспеу мәселелері бойынша түсіндірулерге қатысты болды.
Өтініштермен жұмыс істеу кезінде Департамент қолданыстағы заңнаманың қандай да бір бұзушылықтарының себептерін анықтауға ғана емес, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге және одан әрі қорғауға ерекше назар аударады.
Әрбір өтініш бойынша шешім тағдыршешті болып табылатынын және әрбір мемлекеттік қызметші мәселені шешуге жеке өзі қатысуға ұмтылуы тиіс екенін түсіну маңызды. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаты болып табылады.
Дереккөз: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі