• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ҚР Премьер-Министрі Каспий порттарының экспорттық және транзиттік әлеуетін белсенді түрде пайдалануды тапсырды

13.05.2022
0
ҚР Премьер-Министрі Каспий порттарының экспорттық және транзиттік әлеуетін белсенді түрде пайдалануды тапсырды
221
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен және бірқатар өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және туристік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен Әлихан Смайылов көрнекті саяси және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталыққа барды.

Айта кетейік, Әбіш Кекілбаевтың ескерткіші мен облыстық музейдің жаңа ғимараты 2019 жылғы қазан айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ашылды. Бірнеше жыл бойы музей қызметкерлері жазушының өмірі мен қызметі туралы материалдар, фотосуреттер мен құжаттар жинады, олар қазір әртүрлі тақырыптық экспозицияларда ұсынылған.

ҚР Премьер-Министрі жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жаңа мәдени орталықтың жұмысымен танысты.

Бұдан кейін Үкімет басшысы өңір тұрғындарын сумен жабдықтайтын маңызды көздердің бірі «Каспий» тұщыландыру зауытына барды.

Зауыт теңіз суын тұщыландыру үшін кері осмос технологиясын – «Байқоңыр» ғарыш айлағының алаңдары мен орбиталық ғарыш станцияларында қолданылатын экологиялық ең таза әдісті қолданады. Қондырғыда су табиғи тұздар мен минералдарды сақтай отырып, радиоактивті бөлшектерден, бактериялардан, вирустардан және басқа да қоспалардан тазартылады.

Бүгінгі таңда зауытта кеңейту жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл тәулігіне судың өнімділігін 40 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Сумен жабдықтау – аймақ үшін, әсіресе жазғы кезеңде, ең өзекті мәселелердің бірі. Жылдан жылға тұщытқыш қондырғылар қуатының жетіспеушілігі сезіледі. Осыған байланысты Үкімет зауыттың өнімділігін екі есе арттыру үшін оны жаңғыртуға 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауына алынған. Барлық жұмысты сапалы әрі уақытында жүргізу қажет», — деді Премьер-Министр.

Содан кейін Әлихан Смайылов Қазақстандағы аммиак және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз кәсіпорын – «ҚазАзот» АҚ-ға барып, онда жаңа бейтараптандыру және буландыру бөлімшесін іске қосу рәсіміне қатысты.

Жаңа нысан компанияға жылына қосымша 415 000 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді деген жоспар бар. Жобаны іске асыруға 6,3 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталды.

Премьер-Министр Үкімет еліміздің өнеркәсіптік дамуын ынталандыру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын айтты. Атап айтқанда, «ҚазАзот» АҚ әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше рет қолдауға ие болды. Компания қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және жаңа технологияларды енгізуге қаражат инвестициялауды жалғастырып келеді. Зауытта жаңа жұмыс орындары құрылуда, мамандар оқытылып, қайта даярланады.

«Өңірдің ерекшелігін ескере отырып, табиғи газ түріндегі меншікті шикізатының болуы компанияға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін минералдық тыңайтқыштар өндірісін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп, жұмыс орындарын ашып, жаңа өнімдер шығаруы үшін “ҚазАзотқа” көрсетілетін қолдауды күшейтуі керек», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің қиылысу нүктесінде орналасқан Ақтау теңіз сауда портына барды.

Портта шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай Иран, Түркия, Ресей және Әзербайжан бағытында жүк тасымалданады. Бұл – Каспийдегі ең ірі көлік торабы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтау портының базасында кемінде 19 га алаңда контейнерлік хаб салу жоспарда бар. Құрғақ жүк айлақтарының қуатын ұлғайтуды көздейтін жобаға көптеген шетелдік компаниялар қызығушылық танытып отыр, бұл теңіз портының контейнерлік парк пен сервистің ірі торабына айналуына жол ашады.

«Маңғыстау облысының халықаралық маңызы бар, ауқымды көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік әлеуеті зор. Алайда еліміздің теңіз порттарының мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды, ал жүктеме орта есеппен 21%-ды ғана құрайды. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі “Қазақстан темір жолы” АҚ-мен бірлесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша экспорттық жүктерді бағыттау арқылы Ақтау және Құрық теңіз порттарының жүктемесін ұлғайту мәселесін пысықтауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ өңірде Премьер-Министр туристік аймақ объектілерінің, оның ішінде Aqualina Resort курорттық-қонақ үй кешенінің, Double Tree by Hilton қонақ үйінің және сауда қатарлары бар Fairmont қонақ үйінің құрылыс барысымен танысты.

Жаңа нысандарды іске қосудың арқасында аймаққа туристер ағынын екі есеге арттырып, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты