« WorldSkills Kazakhstan -2021» республикалық чемпионаты 2021 жылдың 1 қараша-5 желтоқсан аралығында республиканың 8 аймағында өтеді. Олар:Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей, Қостанай Көкшетау, Қарағанды қалалары.
Жамбыл облысынан 8 колледжден 17 құзыреттілік бойынша 18 қатысушы барады.
1. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен 8 қатысушы. (мехатроника , токарлық жұмыс , визуалды мерчендаизинг құзыреттіліктері Алматы қаласы, графикалық дизайн құзыреттілігі – Көкшетау қ.,
автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету – Қостанай қ., , веб-технология құзыреттілігі — Нұр-Сұлтан қ.,электромонтаждау ісі құзыреттілігі – Атырау қ.,)
2. Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінен–2 қатысушы.
(наубайшы ісі — Ақтау қ., пісіру технологиясы – Алматы қ.)
3. Тараз сервис және технология колледжінен – 2 қатысушы.
(аспаз ісі, шаштараз өнері — Алматы қ.)
4. №7 бетқайнар колледжінен – 1 қатысушы
(сән технологиясы – Қарағанды қ.)
5. Қаратау құрылыс-техникалық колледжі — 1 қатысушы.
(кірпіш қалау- Семей қ.)
6. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі – 1 қатысушы.
( бастауыш сыныпта оқыту –Көкшетау қ.)
7. Тараз инновациялық көпсалалы колледжі — 1 қатысушы.
(мектепке дейінгі тәрбие — Көкшетау қ.)
8. Жамбыл медициналық жоғары колледжі – 1 қатысушы.
(медициналық және әлеуметтік күтім — Нұр-Сұлтан қ. )
«WorldSkills Kazakhstan -2021» республикалық чемпионаты
2021 жылдың 1 қараша-5 желтоқсан аралығында республиканың 8 аймағында өтетін «WorldSkills Kazakhstan -2021» республикалық чемпионатына Жамбыл облысынан 8 колледжден 17 құзыреттілік бойынша 18 қатысушы барады. Чемпионат қатысушыларына сәттілік тілейміз!!!