• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 20:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық шаруалар ауылшаруашылық техникаларын тиімді шарттармен жаңартуда

turan_admin turan_admin
08.10.2021, 23:55
Облыс жаңалықтары
Жамбылдық шаруалар ауылшаруашылық техникаларын тиімді шарттармен жаңартуда
167
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 «Tradе-in» ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жобасы аясында жамбылдық шаруаларға 13 жаңа трактор берілді.

Айта кетейік, өткен жылы Жамбыл облысы елімізде алғаш рет осы бағытта «Tradе-in» әдісін қолға алған болатын. «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ мен «АгромашХолдинг KZ» АҚ арасында жасалған меморандум аясында іске қосылған жоба жамбылдық аграршыларға ескі ауыл шаруашылығы техникаларын өткізіп, оның құнын шегере отырып, жаңасын лизингке алуға мүмкіндік береді.

— Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды стратегиялық бағыт болып табылады.  Ауыл шаруашылығының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қажет. «Tradе-in»  жобасының арқасында шаруалар техникаларын тиімді шарттармен жаңартуға мүмкіндік алып отыр. Біздің өңірде 18812 шаруа қожалығы тіркелген, 12 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы техникаларын кезең-кезеңімен жаңарту. Ағымдағы жылы техниканы 10 пайызға жаңарту жоспарланған. Жыл басынан бері 1054 бірлік сатып алынып, қазіргі таңда 8,6 пайызға жаңартылды. Жаңа техниканың көмегімен шаруалар еңбек өнімділігін арттырып, жұмыстарды жылдам әрі сапалы орындай алады, — деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бұл күні Жамбыл, Талас, Сарысу, Меркі, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарының шаруалары ескі техникаларының орнына «LOVOL» маркалы 12 жаңа тракторға ие болды. Олардың қатарында лизингке жаңа трактор алған «Жуалы-2020» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы да бар.

«Trade-in» жобасы бойынша шаруа жаңа техника құнының 25 пайызы мөлшерінде субсидия алады. Қалған қаржысы бес жылға жылдық 6 пайызбен лизингке беріледі.

— Әрбір шаруаның ауылшаруашылық техникасын өз күшімен жаңартуға мүмкіндігі жоқ. Ескі тракторды жүргізгеніме 10 жылдан асты. Бүгін мен мемлекеттің қолдауының арқасында қозғалуға ыңғайлы заманауи тракторға қол жеткізіп отырмын, — дейді «Төлеген тегі» шаруа қожалығының төрағасы Иса Төлегенов.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдегі 1 мыңнан астам трактордың пайдалану мерзімі 10 жылдан асады, яғни 25 пайызы тозған. Ал 10 жылға дейінгі тракторлардың саны – 1534 немесе 34 пайызды құрайды.

Осы күні «Жастар» аллеясында Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін ұйымдастырды.  Жыл басынан бері 7 техника, 10 МТЗ-952 тракторы, 9 тіркеме, 9 соқа, 10 тұқым сепкіш сатып алынған. Барлығы 217 миллион теңге жұмсалған.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: ауылшаруашылықтехникахолдинг
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52
Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.