Жамбыл облыстық балалар ауруханасы инфекциялық аурулар құрылымының меңгерушісі Сағыныш Нұрқабылова коронавируспен ауырған адамдардың науқастардың 70%-на жуығы иіс сезу қабілетін жоғалтқанымен шағымданатынын айтады.
Вирусты инфекциялармен ауырған адамның иіс сезімін жоғалтуы — сирек кездесетін жайт емес. Коронавирустан басқа да риновирус, тұмау, Эпштейн-Барр вирустарының әсері де иіс сезу қабілетіне залалын келтіретіні дәлелденген. Сондықтан ғалымдар басқа вирустардан туындаған иіс дисфункциясын емдеуде тиімді дістерді дәлелдеді. Олар: жүйелік және жергілікті тероидтар, қабынуға қарсы мұрын спрейлері, натрий цитраты және стероид емес дәрі-дәрмектер, дәрумендер мен антиоксиданттар. Бірқатар адамдар атап өткендей, иіс пен дәм жоғалғанда не болатынын түсіндіру қиын. Адамдарға бұл белгілер шамалы болып көрінген жақындарына жанашырлық пен қолдау жетіспейді. Иіс сезбеу белгілері, әдетте, COVID-19-дан жазылғаннан кейін бір айдан соң кетеді. Егер осы уақыттан кейін қалпына келмесе, онда дәрігерге қаралу қажет, дейді С.Нұрқабылова.
Жалпы, иіс және дәм сезу қабілеттерінің жоғалуы — коронавирустың алғашқы белгісінің бірі. Ол тиісті емін қабылдаған адамға бір немесе екі аптадан соң қайта оралады. Кейде әркімнің ағзалық өзгерістеріне қарай бір аптадан бір айға дейінгі уақытқа созылуы мүмкін екендігін айтты.
Дәрігер иіс сезбеудің екі негізі бар дейд:. Біріншісі — мұрынның шырышты қабығындағы, екіншісі — мидағы иіс сезу бөлігімен байланысты екен. Мұрынның шырышты қабығындағы деңгейінде емделу жеңіл көрінеді. Мұрын қуысы мен жұтқыншақты жіті тексеріп, қажет болған жағдайда алдын-алу үшін дәрігер тағайындаған емді алып тұру керек. Науқастың өзі де иіс сезімін қалпына келтіре алады. Ол үшін иіс сезу рецепторларын әртүрлі хош иістермен дем алу арқылы жаттықтыру қажет. Дәрігер бұл үшін кез келген иіс сәйкес келе бермейтінін ескертті. Ешбір жағдайда спирт, сірке суы немесе өткір иісті парфюмерияны пайдаланбаңыз. Мұндай өткір иістер шырышты қабықты зақымдауы мүмкін.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі