• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

МЕРЕЙЛІ МЕРКІДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

12.11.2021
0
МЕРЕЙЛІ МЕРКІДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
154
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Меркі ауданының әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі көңіл қуантарлықтай, әр салада серпін бар, өнеркәсіп, ауылшаруашылығында өсім байқалады. Аудан бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-маусым айларында 2597,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,3 % құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі қантар-маусым айларында 6945,3 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі қаңтар-маусым айларында 7515,0 млн. теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-маусым айларында   3988,4 млн. теңгені құраған.  2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 20893 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бөлшек сауда айналымының көлемі қаңтар-маусым айларында  4112,5 млн. теңгені құраған. 7 айдың қорытындысымен ауданның өзіндік меншікті кірістері 1411,0 млн.теңге бюджетке түскен.

Меркі ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2021 жылдың 6 айында жалпы өндірілген өнім көлемі 6 млрд. 945 млн. теңгеге жеткен. 2021 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 1338,5 млн. тг немесе өткен жылмен салыстырғанда 106,7 пайыз, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 786,8 млн. тг немесе өткен жылмен алыстырғанда 128,8 пайыз инвестиция тартылған. 2021 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін барлығы 103240 гектарға орналастыру жоспарланып, 103540 гектар егіліп жоспар 100,2 пайызға орындалды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3640 гектарға артқан. 2021 жылы егін жинау науқанына 56493 гектар алқап жинаудан өткізу жоспарланып бүгінгі таңда 54379 гектары жиналып 65756 астық бастырылып орташа гектар қайтарымы 12,1  центнерден айналуда.  Мал азығын дайындау. 2021-2022 жылдарға мал қыстату науқанына 170600 тонна пішен дайындау жоспарланып, нақты 172672,5 тоннасы дайындалып 101,2 пайызға, сабан 44000 тонна дайындау жоспарланып,44598 тоннасы дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.  2021 жылы 3168 мың тоннаға тыңайтқыш енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 2554,3 тонна тыңайтқыш алынып 80,6 пайызды құраған. 2021 жылға су үнемдеу технологияларын 6,286 мың га енгізу жоспарланып, 6,406 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізілген.

Ауылшаруашылығы саласында да өсім бар. Бұл саланың техникаларын жаңарту бойынша 2021 жылы 117 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарланса, бүгіңгі күнге 63 дана техниканы 329 млн тенгеге сатып алып, шаруалар кәсібіне қызмет етуде. Мал шаруашылығы саласы бойынша 2021 жылдың 6 айында мүйізді ірі қара   56448 бас,  қой-ешкі  345877  бас, жылқы 16415 бас, шошқа 1315 бас, құс 88741 құраған. 2021 жылдың 6 айында мал өнімдері сүт – 16070 тн. құрап өткен жылмен салыстырғанда 5 тн.-ға артты, ет – 4284  тн. құрап өткен жылмен салыстырғанда 166,63 тн.-ға артты, жұмыртқа 970,1 мың дананы құраған. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 60 бас МІҚ, 5125 бас ұсақ мал сатып алынған.Аудан бойынша осы жылғы 6-айдың қорытындысымен нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы ауданы 849 га, соның ішінде 837 га жайылымдық, 12 га тәлімді егістік жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылған.

2021 жылдың басында аудан прокуратурасымен бірге жайылым жерлерге жүргізілген мониторингтің нәтижесінде жайылым жерлерінде ауыл шаруашылық жануарларының болмауына байланысты, жер учаскесін пайдалану үшін ауыл шаруашылық жануарлары тіркелмегендіктен жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған ауданы 810,0 га жайылым жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қайтарылған. Ауыл шаруашылығы алқаптарын қайта айналымға қосу конкурс бойынша: 2021 жылдың 06 қаңтар күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс өткізіліп, жалпы ауданы 1350,0 га жер учаскелері қайта айналымға енгізілді. Аукцион бойынша:2021 жылдың 26 наурыз күні электронды түрде аукцион өткізілген. Сатылымға қойылған 4 жер телімінің 1 жер телімі сатылып, сату бағасы 414 546 теңгені құраған. Мемлекеттік бағдарламалардың аясында да кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп келеді. 2021 жылдың 6 айында аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны — 4877. Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 106,8 млн. теңгені құрайтын 21 жобаға қолдау көрсетіліп, екінші деңгейлі банктерден несиелері мақұлданды. «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 113,0 млн. теңгені құрайтын 4 жобаға қолдау көрсетіліп, несиелері мақұлданған.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: аукционжұмыспен қамтуқарапайым заттар экономикасымеркіэкономика

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты