Қазақстандық атлет Әнуар Сариев Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін иеленді .
29 жастағы парадзюдошы 60 келіге финалдық кездесуде әзербайжандық Вюгар Ширинлидан «иппон» бағасымен ұтылды. Бұған дейін Ануар венесуэлалық Маркос Бланко мен моңғолиялық Ядамдорджа Сухбаатарадан басым түскен еді. Айта кетсек, бұл Паралимпиада-2020 ойындарындағы Қазақстанның екінші медалі. Кеше отандық пауэрлифтер Давид Дегтярев алтын медаль алып, Токио төрінде Қазақстан әнұранын шырқатты.