• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛГЕН

24.08.2021
0
ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛГЕН
222
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті  экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Департаментпен ағымдағы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісінде 45 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде  22 қылмыстық ісі ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар санатына жатады. Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті талдау жүргізу кезеңінде  заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 7 фактісінің жолы кесілген, оның ішінде 5 фактісі бойынша кінәлі тұлғалар түрлі жазалау шараларына тартылды. Алынған техникалық құрылғылар мен ақша қаражаттары мемлекет кірісіне алынды.

Осыған байланысты, ойын бизнесінің алдын алу және жою үшін профилактикалық іс-шараларын өткізу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ жергілікті полиция қызметтерінің (учаскелік инспекторлардың), мүфтияттардың, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жергілікті «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері және кәсіпкерлердің (ірі сауда орындарының, базарлардың және т.б.), мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, қоғамдық сауда орындарында жалған терминалдарын орналастыруға тыйым салынғаны, ал жалға берушілерге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру үшін үй-жайлар немесе терминалға арналған орындар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертілген. Жамбыл облысы бойынша Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының қолдан жасау және пайдалану іс-әрекеттерінің жолын кесті. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233 бабы 1-бөлігі және ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі бойынша 2 қылмыстық іс тіркеліп, айыптау актісімен сотқа жолданған. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Экономикалық тергеу қызметі жұмысының басым бағыттарының бірі — бюджет саласындағы ұрлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің алдын алу болып табылады. Жамбыл облысы бойынша Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ағымдағы жылдың 6 айында қаражатты иемдену және жұмсау фактілері бойынша 25 қылмыстық іс тіркелген. Мердігерлер мемлекеттік сатып алу саласында тапсырыс берушілер – мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктер басшыларының салғырттығына байланысты, ал кейбір жағдайларда олармен сөз байласу арқылы бюджет қаражатын түрлі айла-амалдармен «ұрлайды». Мәселен, Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының үкімімен 2021 жылдың мамыр айында Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің бұрынғы әкімі А.С. Абдуалиев және оның біртектес «Сәулет-2012» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы А.А. Абдуалиев сотталды.

Жоғарыда аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, келтірілген залалды ішінара өтеуді және кінәні мойындауды ескере отырып, сот бұрынғы ауылдық округ әкімі Айдос Абдуалиевті ҚК-нің 371-бабы (немқұрайлылық) бойынша 2 жылға шартты түрде, ал мердігер Асқар Абдуалиевті ҚК-нің 190 бабының 3 бөлігі (алаяқтық) бойынша 3,5 жылға шартты түрде үкім шығарды. Сондай-ақ, Департаменттің күшімен 2016-2020 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №12 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің бұрынғы бухгалтері бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша заңсыз іс-әрекеттің жолын кескен. Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотының үкімімен кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппараттың №5 Балдырған бөбекжай-балабақшасы  МКҚК қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі бойынша Жамбыл облысы бойынша ЭТТД-нің қызметкерлерімен тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Анықталған залалдың сомасы 18 млн. теңгеден астам соманы құрайды, ол толық көлемде өтелді. Экономикалық контрабанда желісі бойынша Департаменттің жедел-тергеу құрамы Қырғызстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттардың контрабандасы фактілерінің жолын кесті. Қордай ауданының «Қарасу» бекетінде жүк көлігі ұсталды, онда жалпы сомасы 72 млн. теңгеге тауарға ілеспе құжаттарысыз тіркелмеген дәрілік заттар анықталған. Тіркелген дәрілік заттар инсулинге, В гепатитінің вирусына қарсы препараттары, АИТВ, ЖИТС, ісікке қарсы және гармондық топтарға арналған. Дәрілік заттарды тасымалдауға рұқсаттар мен температуралық режимді қамтамасыз ету үшін шарттары сақталмаған. 2021 жылы 15 сәуір айында Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының үкімімен тіркелмеген дәрі-дәрмектерді тасымалдаған ҚР азаматы ҚР ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 800 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 2 222 400 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, «Абайлаңыз фальшивка» жедел алдын алу шарасы аясында «Лото клубында» белгісіз тұлғалардың номиналы 100 АҚШ доллары болатын 55 бірлік жалған купюраны өткізу фактісі анықталған. Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осыған байланысты, Департамент қызметкерлерімен бірнеше рет өткізілген іс-шаралар аясында «қолма-қол ақша айналымын талдау өсу, оны қысқарту жолдары» және «жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау» тақырыбында Атамекен «ҰКП», АЖҚС, Жамбыл филиалы «Ұлттық банкі» өкілдерімен және екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлерінің қатысуымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырылған. Барлық басым бағыттар бойынша Департамент қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда және тұрақты түрде бақылауға алынған. Сонымен қатар, егер Сізге қаржы немесе экономика  саласындағы құқық бұзушылықтар белгілі болса, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментіне  8 (7262) 34-75-38, 8 (7262) 34-76-26 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: департаментқұқықтерминалұйымэкономика
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты