Жамбыл облысына (Sinopharm) COVID-19-ға қарсы (Vero Cell) – SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02 штамынан жасалған 20 мың доза вакцина жеткізіліп, барлық қалалық және аудандық емханаларға таратылды. Арнайы термоконтейнерлерде +2, +8 С режимінде сақталатын онда антибиотиктер мен консерванттар жоқ. 18 жастан асқан ересектерге арналған сұйықтық 21-28 күн аралықпен екі дозаны құрайды.
Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер:
1) вакцинаның кез-келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия;
2) вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);
3) бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы;
4) жүктілік және лактация кезеңі;
5) 18 жасқа дейін жас ерекшелік. Егер вакцинациядан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады.
Сондай-ақ:
1) жедел ауруы, созылмалы аурулардың өршуі және қызбасы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек; қажет болған жағдайда, дәрігер вакцинацияны жүргізуді кейінге қалдырады;
2) қант диабетімен ауыратын пациенттерге және анамнезінде немесе отбасы анамнезінде құрысулар, эпилепсия, энцефалопатия, психикалық аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек;
3) вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның ұюының бұзылуы және тромбоцитопения ба пациенттерге сақтықпен қолдану керек;
4) қатерлі ісік, нефроздық синдром, ЖИТС-пен ауыратын науқастар (бұл адамдарда вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер алынбаған) сияқты иммундық функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолдану: иммундық-супрессивті заттар сияқты иммундық-супрессивті препараттар, химия-терапияға арналған дәрілік заттар, метаболизмге қарсы препараттар, алкилирлеуші агенттер, цитоуытты препараттар, кортикостероидтар және т.б. препараттарды біріктіріп қолдану организмнің осы өнімге иммундық реакциясын төмендетуі мүмкін.
Жанама әсерлердің пайда болу жиілігі:
1) өте жиі: инъекция орнындағы ауырсыну, бас ауруы;
2) жиі: қызба, шаршау, миалгия, артралгия, жөтел, ентігу, диарея, қышыну;
3) жиі емес: қызару, ісіну, қатаю, бөртпе, қышыну, бас айналу, анорексия, құсу, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфагия, тұмау, іш қатуы, аса жоғары сезімталдық;
4) сирек: эритема, жедел аллергиялық реакция, шаршау, ұйқышылдық, ұйықтай алмау, түшкіру, назофарингит, мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы, тұмау жағдайы, тітіркендіргіштерге төмен сезімталдық (гипестезия), аяқ-қолдардағы ауырсыну, жүрек соғысының жиілеуі, іш аймағындағы ауырсыну, бөртпе, терінің және шырышты қабықтардың қалыптан тыс жағдайы, безеу, көздің ауыруы (офтальмодения), құлақтағы жағымсыз сезімдер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфаденопатия);
5) өте сирек: қалтырау, дәм сезудің бұзылуы, дәм сезбеу, күйдіру және ашыту сезімі (парестезия), тремор, зейін концентрациясының бұзылуы, мұрыннан қан кету (эпистаксис), демікпе ұстамалары, тамақтың жыбырлауы, тонзиллит, физикалық жайсыздық, мойынның ауыруы, жақтың ауыруы, мойынның тығыздалуы, ауыздың шырышты қабығындағы жаралар, тіс ауруы, өңеш қызметінің бұзылуы, гастрит ұстамалары, нәжістің түссізденуі, көздің ауыруы (офтальмодения), бұлыңғыр көру, көздің тітіркенуі, құлақтың ауыруы, күш түскенін сезіну, қысым, төмен қан қысымы, несеп ұстамау, етеккірдің кешігуі. Вакцинамен байланысты күрделі жанама реакциялар байқалмайды.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі