Таразда Халықаралық «Заманауи көрнекі құралдардың қолдануымен жасалатын мультидисциплинарлы эндохирургиялық әдіс-тәсілдер» атты ғылыми-практикалық конференция өтуде. Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар Ассоциациясының Президенті, м.ғ.д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Владимир Котлобовский бастаған Украина, Мәскеу және Қазақстан ғалымдарынан құралған топ 1 апта бойы Тараз қалалық көпбейінді, Жамбыл облыстық көпбейінді, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында шеберлік сыныптарын жасап, күрделі отадан кейінгі асқынулардың алдын алу және оларды эндоскопиялық құралдардың көмегімен емдеу жөніндегі тәжірибелермен бөліседі. Сондай-ақ, ересектер мен балалар арасындағы қауіпсіз эндохирургия бағытында тренажерлар мен симуляторлармен практикалық сабақтар өткізеді.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі