«Өңірлерді дамыту 2020-2025» бағдарламасының іске асырылу барысында тұрғындарды су құбыры суымен қамтамасыздануы жылдан жылға көбейіп келеді. Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің хабарлауынша облыс бойынша 1164936 тұрғындарының ішінде ауыз су құбыры суымен 1035382 адам (88,9%) қамтамасыз етілген (2020 жылы-87,2%). Көрсеткіштің 1,7%-ға өсуі – Байзак, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында су құбырларының салынуына байланысты. Орталықтандырылмаған сумен облыста 127118 адам (10,9%) қамтамасызданған (2020 жылы-12,5%). Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған су құбырлары жылда қадағалануда. 2021 жылдың 6 айы бойынша орталықтандырылған су көзінен микробиологиялық көрсеткішке 339 су сынамалары алынды, 12 талапқа сай емес яғни 3,5% құрайды. Санитариялық-химиялық көрсеткішке 334 су сынамалары алынды, 10 талапқа сай емес яғни 2,9% құрайды. Сонымен қатар, мониторинг шеңберінде Жамбыл облысының аумағындағы жер үсті су айдындары жылда бақылануда және атмосфералық ауаға мониторинг шеңберінде тоқсан сайын бақылау жүргізілуде.
Халықты ақпараттандыруды жетілдіру, йод тапшылығы жағдайларының алдын алу мақсатында облыс мамандарымен халық арасында мынадай ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілді: оқылған дәріс — 24, әңгіме — 22 құрады, 14 радиодәріс, 4-ашық есік күні, тұрғындармен 3 жиын өткізілді.Тағам объектілерінде ХАССП жүйесін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда, қазіргі уақытта облыстың 26 тамақ объектісінде «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті шеңберінде ХАССП жүйесінің 5 дайындық қадамдары мен қағидаттарын әзірлеу және енгізу бөлігінде ХАССП жүйесінің қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етілді. ХАССП қағидаттары негізінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жүйесін енгізу бойынша тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпкерлер арасында «Тамақ өнеркәсібі объектілерінде дайындалатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі рәсімдерін (ХАССП жүйесі) ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар» «Өндірістік бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимде 5 оқыту семинары өткізілді.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, тамақтан уланудың, ботулизмнің алдын алу мәселелері бойынша облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етілді: жалпы облыс бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен 15 оқыту семинары және 58 дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді, газет — журналдарда, әлеуметтік желілерде/веб-сайттарда 36 мақала жарияланды. Радио және радиорубкаларда сөз сөйлеулер – 107 құрады, 410 — дәріс оқылды, 1259 әңгімелер өткізілді, кәсіпкерлермен 62 «Ашық есік күндері» өткізіліп, өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері мен халыққа кеңестер берілді. 2021 жылдың басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспар құрылды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мәселелері, сыбайлас жемқорлық бойынша стратегиялық құжаттар, санитариялық-ағарту жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттер қамтылды. Жоспардың орындалуы туралы аумақтық басқармалар Департаментке ай сайын хабарлайды. 2021 жылдың I жартыжылдығында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша 45 жұмыс жиналыстары, 19 семинар-дөңгелек үстелдер, қызметкерлер арасында Нормативтік-құқықтық актілерді білуді жетілдіру үшін 47 құқықтық оқыту өткізілді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша 9 мақала жарияланды, әлеуметтік ақпарат желілерінде 24 жарияланым жарияланды және 8 дәріс берілген. Департамент пен аумақтық бөлімшелер үшін жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің сұраныстарына уақытылы жауап беру ерекше бақылауда. 2021 жылдың 1 жартыжылдығына есепті жылы өтінімдерінің 289 қабылданды, онің ішінде жеке тұлғалардан — 226, заңды тұлғалардан 63 өтініш түскен.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды