Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Olympic.kz-тің хабарлауынша, зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Қазақстандық зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпе көтеруде 163 келіні еңсерді, — делінген хабарламада.
Осы орайда, төрешілер Игорь Сонның екі мүмкіндігін есепке алған жоқ.
Бұл Қазақстан командасы сапындағы екінші жүлде. Кеше дзюдодан Елдос Сметов қола жүлдегер атанған болатын.