Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 23 Қаулысына сәйкес, мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үйде жүргізіледі. Олардың қатарына егде жастағылар, созылмалы аурулары бар науқастар жатады.
Коронавирустық инфекцияның ауыр не болмаса жеңіл өтуі көбінесе, адамның жасына байланысты. Жас ұлғая келе, ағзада зат алмасу процесі бәсеңдейді. Осыған сәйкес иммунитет те әлсірейді. Сондықтан өкпе немесе бронхпен, жүрек-тамыр ауруларымен және қант диабетімен ауыратын адамдарға вакцинаны мүмкіндігінше тезірек алу ұсынылады. Жұқпалы аурулар ауруханаларындағы жансақтау бөліміндегі пациенттердің басым бөлігі – қауіп тобындағы адамдар.
Вакцина – COVID-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, ерте ме, кеш пе, инфекцияны бәрі жұқтыруы мүмкін. Сондықтан, оған ағзаңы алдын-ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткен абзал.
Вакцинаның халыққа қолжетімділігін арттыру мақсатында Жамбыл облысының жылжымалы бригадалары қауіпті топқа жататын егде кісілер мен созылмалы аурулары бар пациенттердің үйіне барып, егу жұмыстарын жүргізуді бастады. Тоңазытқыш қондырғысы орнатылған рефрижераторлық үлгідегі термоконтейнерлер вакцинаны тасымалдап, «суық тізбекті» сақтай отырып, жүзеге асырылады. Мобильді егу бригадасының құрамында терапевт дәрігер мен егу медбикесі бар. Вакцина салу алдында адамның қан қысымы мен жүрек соғысы тексеріледі. Егер барлық көрсеткіштер қалыпта болса, онда екпе салуға болады және пациент үй жағдайында 30 минут дәрігердің қарауында болады.
Вакцина салдырған әрбір адам білуі керек ең маңызды нәрсе – екпе инфекциядан емес, аурудың ауыр ағымынан, коронавирустан болатын өлімнен корғайды. Сондықтан, егілгеннен кейін де бетперде киіп, басқа қорғаныс ережелерін сақтау – маңызды.
Фота интернеттен алынды https://images.app.goo.gl/BR8717f67ykxECoU9
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі