2000 жылдары Жамбыл облысында қалталы үш бизнесмен өз есімдеріне байланысты RTS — Oil деген жауапкершілік шектеулі серіктестігін құрады. Үш бизнесмен дос, жақын “бауыр” болып алады. Олар он жанармай қоятын станция мен ЖШС қатысушысы, құрылтайшысы ретінде өзінің жеке атындағы үш зәулім үйін банкке кепіл қойып “оборотқа” ақша алып жұмыстарын бастайды. Уақыт өте келе 10 бірнеше есе станциялар көбейіп, жанармай сақтаймын қойма сатылып алынады. Әрбір құрылтайшы, олар үшеу айналымда қаражат көп болса да 100 000 бастап 300 000 аралығында дивидент алып тұратын. Серіктестіктің жұмыс жасағанына он жылдан астам уақыт өтті, үйін кепілге қойған құрылтайшы мүлігін қайтаруды досына, серіктестік басшысынан сұрай бастады. Бастапқы келісім бойынша серіктестік басшысы Рафаэль Гавриэлов өзінің досы, әріптесіне керек кезінде “үйіңді банктен шығарып” берем деген уәдемен қойылған еді. Бірақ Гавриэлов өзінің жеке мүлігін банкке кепілге қойған жоқ етін.
Дау басы осы жерден басталды. Рафаэль Гавриэлов кепілге қойылған үйлерді банктен шығармай, оның қарыздарын төлемеуден болды. Оны үй иесі кездейсоқ банктен бағалауға келген қызметшілердің білген. Осындай жайсыз хабарды естіген серіктестік қатысушы Гавриэловқа неге былай болып жатыр дегенде әне, міне шығарып берем деп, сылтауларды тауып қаша бастайды. Ұялы телефондағы қоңырауларға жауап бермей, жұмыс орнына келмей, үйіне іздеп барса, жоқ екендігін айтып тұрды. Содан кейін серіктестік қатысушылары жиналып бірінші басшысыны ауыстыруға келісіліп, басқа адамды тағайындайды. Бірақ Гавриэлов серіктестік жарғылық құжаттарына сәйкес емес өзіне жоғары лауазымға тағайындап қояды да, серіктестік жұмысын бақылап жүргізіп тұрады. Фирманың жұмысын шикілігін сезген Сұлтан Құрманбеков құқық қорғау органдарына арызданып Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) және 190 баптарымен (Алаяқтық) тергеу жүргізіліп сотта қаралды.
2019 жылдың 25 желтоқсанында Жамбыл облысы Тараз қаласы №2 сотының үкімімен 10 эпизодтық қылмыстық істін қорытындысымен Рафаэль Гавриэлов 8 жыл бас бостандығынан айырылып, “RTS — Oil” ЖШС еншісіне 1,4 млрд өндіріп алуға шешім шығады. 2020 жылдың 16 қазанында Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер сот алқасының қаулысымен араз қаласы №2 сотының үкіміның 8 жыл бас бостандығы мен “RTS — Oil” ЖШС еншісіне 1,4 млрд өндіріп алу шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Ал, 2021 жылдың 29 наурызында Жоғары соттың судьясы Роза Жакудина қаулы шығарады.
Қаулымен танысқан жәбірленушінің қорғаушысы Иван Коголь төмендегідей пікір білдіреді:
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының “Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы” 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысында 1, 3, 8 тармақтарын ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ неге басшылыққа алмайды деген заңды сауал қойып отыр.
- Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.
- Алаяқтықтың тәсілі ретінде сенімді теріс пайдалану кінәлі адамның өзінің және меншік иесінің немесе иелігінде мүлкі бар өзге адамның арасында туындаған сенімді қарым-қатынастарды пайдакүнемдік пиғылмен бөтен мүлікті немесе оған құқықты заңсыз алу мақсатында пайдалануына негізделеді.
Мүлік иесінің немесе өзге адамның алаяққа сенім артуы әртүрлі мән-жайларға негізделуі мүмкін: жеке таныстығы, туыстарының және өзге адамдардың ұсынымы бойынша, кінәлінің қызметтік жағдайы және т.б.
- Алаяқтық жымқырылған мүлік алып қойылған және кінәлінің немесе басқа адамдардың заңсыз иеленуіне өткен және олар оны меншік мүлкі ретінде өздерінің қалауы бойынша пайдалануға немесе билік етуге нақты мүмкіндік алған сәттен бастап аяқталды деп танылады.
Егер алаяқтық бөтен мүлікке құқықты иемдену нысанында жасалса, қылмыс кінәліде бөтен мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленуге, пайдалануға және билік етуге бекітілген құқықтық мүмкіндік туындаған сәттен бастап, яғни осы құқық тиісінше ресімделгеннен, куәландырылғаннан немесе тіркелгеннен кейін аяқталды деп есептеледі.
Қорғаушы Когольдін пікірін төмендегі видеолардан көре аласыздар.
Осы айтылған мән жайларды ескеріп Жоғарғы соттың уәкілдеріне ҮШ достың ортақ бизнес мәселесіндегі дауын ара жігін бөліп, әділ шешімін шығады деген үмітпен қарауда.