Қазіргі заманда балаларда көз аурулары жиі тіркелуде. Оның көп кездесетін түрлері: қылилық, миопия. Бұлар – көру қабілетін төмендететін, эстетикалық әсері бар күрделі аурулар. Дертті тек заманауи медициналық құралдарды қолдану арқылы кешенді емдеуге болады. Әрбір адам үшін көз — өте маңызды мүше. Сондықтан да дер кезінде анықтап, емдеуді уақытында бастаса, толыққанды және бақытты өмір сүруге мүмкіндік мол болады.
Жамбыл облысында қылилықпен (косоглазие) ауыратын жүздеген бала тіркелген. Жақында Жамбыл облыстық мамандандырылған фтизиопульмонология балалар санаторийіне Синоптофор және Амблиокор
құрылғылары орнатылды. Жоғары санатты балалар офтальмологы Асхат Сейткасымов облыстағы осындай қажеттілікке мұқтаж балаларды емдеуге арнайы лицензия алды.
Бүгінгі күнге дейін мұнда аймақтағы емханалардан жолдамамен келген 36 бала ем қабылдап, сауығып шықты. Емдеу курсының ұзақтығы – 15 күн, ол әр 3 айда бір рет қайталанады.
Синоптофор — бұл емдеуге, диагноз қоюға арналған ортопедиялық және диагностикалық құрылғы. Оның көмегімен көру органының моторлық функциясының бұзылуын түзетуге болады. Бұл аппарат ауытқу бұрышын анықтауға, перифериялық шекараларымен байланыспайтын соқыр аймақтарды синтездің қорымен және көз торының жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Синоптофор құрылғысының негізгі функциясы — ортопедиялық жаттығуларды орындау, екі көздің бір мезгілде көру қабілетін қалыптастыру және көз қарашығының қозғалысын жақсарту. Заманауи офтальмологияда қолданылатын Амблиокор құрылғысы көру өткірлігін қалпына келтіруге көмектесетін құрал болып табылады. Бейне-компьютерлік аутотренинг деп аталатын әдіс визуалды анализаторда болатын үрдістерге жүйке жүйесін басқаруды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін шартты рефлекстер
технологиясына негізделген. Мидың табиғи қабілетін дамыта отырып, көздің ішкі тор қабатындағы суреттің қабылдануын қалыпқа келтіру мүмкіндігі зор бұл әдіс — әртүрлі аурулар әсерінен көздің өткірлігі нашарлағанда, әдеттегі емдеу түрлері (хирургиялық және медикаментоздық) көмектеспеген жағдайда, қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі