Жамбыл облысының тәртіп сақшылары мысықтар мен иттерді ұстау ережелері туралы айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сүйікті үй жануарларын ұстау тек төрт аяқты достан жағымды эмоциялар алу ғана емес, сонымен қатар заңнамалық деңгейде үлкен жауапкершілік жүктейтінін білетіндер аз. Өткен жылдың 11 желтоқсанындағы бекітілген иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелеріне сәйкес, үй жануарларының барлық иелері сақтауға тиісті бірқатар шектеулер мен міндеттемелер бар. Мәселен, иттер мен мысықтарды серуендеткен кезде оның иелері келесідегідей талаптарды сақтауы тиіс: 1) иттерді ұстау орындарынан шығару және оларды тұмылдырықпен және қысқа (1,5 м-ге дейін) мойын жіппен, айналасындағыларға алаңдатушылық пен кедергі келтірмей серуендету.
Анатомиялық ерекшеліктері тұмылдырық киюге мүмкіндік бермейтін иттердің күшіктерін айналадағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда тұмылдырықсыз серуендетуге болады; 2) иттерді қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз тек қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және жергілікті атқарушы органдар көздеген еркін серуендету орындарында ғана жол беріледі; 3) иттердің иелерінде иттің мойнында иттің аты, оның тұқымы, иесінің мекенжайы мен телефондары көрсетілген нөмірлі жетон бекітілген қарғыбауы болуы тиіс. Нөмірлі жетонда иесінің қалауы бойынша итке қатысты өзге де ақпарат көрсетілуі мүмкін; 4) көшелер мен магистральдар маңынан өту кезінде иттердің иелері жол-көлік оқиғаларын және иттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды қысқа тізгінге алуы тиіс; 5) серуендейтін иттер немесе мысықтар адамды тістеген немесе тырнап алған жағдайда тиісті дәрігерлік көмек шақыру бойынша шаралар қолдануы тиіс; 6) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердің жанында серуендеткен кезде кешкі 22.00-ден бастап таңертеңгі сағат 09: 00 дейін тыныштықты сақтауы тиіс; 7) қоғамдық орындар иттермен немесе мысықтармен ластанған жағдайда нәжісті және олардың тіршілік әрекетінің өзге де өнімдерін тез арада алып тастау керек.
Иттерді, егер бұл ретте басқа адамдарға қауіп төнбесе, қоғамдық тәртіпті бұзса, иттің қозғалысы мен денсаулығына жануарлардың иелері ғимараттарда болатын уақытқа ғимараттардың жанында, тұмылдырықта және өздігінен шешіліп кетуін болдырмайтын қысқа мойын жіппен байлауға болады. Бұл ретте иттер адамдардың өтуіне және автокөліктің өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Бұдан басқа, рұқсат етілген немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарды қоспағанда, балалардың аула алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және азаматтардың жаппай демалатын басқа да орындарында, тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде иттер мен мысықтарды серуендетуге жол берілмейді; – дүкендерге, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, медициналық, мәдени, спорттық және жалпы білім беру мекемелеріне (арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға барудан немесе иттермен, мысықтармен бару үшін мамандандырылған мекемелерге (ұйымдарға) барудан басқа) баруға); – үш айға дейінгі иттердің күшіктерінен және декоративті иттердің тұқымдарынан басқа, 12 жасқа толмаған адамдарға ересек адамдардың ілесіп жүруінсіз иттерді серуендетуге ; – алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамдарға иттерді серуендетуге;-адамдарды құтқару, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайтын қызметтік иттерді қоспағанда, адамдар көп жиналатын орындарда және қоғамдық іс-шараларда иттермен және мысықтармен және көзі нашар көретін адамдарды жетелеуші иттерге қатысты жүрген ережелерді бұзғаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Жануарлардың құқықтық режимін анықтайтын басқа да актілер бар.