Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордай ауданында орын алған оқиға бойынша ақпарат берді
7 ақпан күні сағат 19.00 шамасында Қордай аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне Масаншы ауылының маңында 70 адам төбелесіп жатыр деген ақпарат келіп түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесіп видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан. Тарату нәтижесінде басқа ауылдардан келген 300 ден астам адамдар төбелеске араласып кеткен. Екі жақ бір біріне тас лақтырып, қару қолданды. Нәтижесінде 8 адам қаза тауып, 40 адам астам түрлі деңгейде жарақат алды. Арасында қарудан зардап шеккендерде бар. Жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі істері күштерінің қосымша жасақтары жөнелтілді. Жедел тергеу тобы құрылып, «Адам өлімі», «Бұзақылық» фактілері бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні жағдай тұрақты деп мәлімдеді министр