«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Экологиялық ағарту және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қағаз жəне мақта пакеттерінің пайдасына полиэтилен пакеттерін пайдалануға тыйым салу» атты облыстық студенттермен оқытушылар арасындағы пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге 100-ден аса жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен оқытушылары қатысып турнир нəтижесі бойынша:
I-орын «Папина дочка» Күлтөбе пікір сайыс клубы (ПК) Шамбыл Шұға мен Райкулов Қанат, II-орын «Сарапшылар» Күлтөбе ПК Асқар Бекболат пен Маликтаева Пернеш, III-орын «Jameco» ПК Серік Мұхаммеджан мен Сəулебай Алмаз иеленсе, «Үздік төреші»: Сəбит Ерзат атанса, «Алғырлар» ПК Оқытушылар арасында «Үздік спикер»: Сəулебай Алмаз «Jameco» ПК атанды.
«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тұрлыхан Әлиханұлы өз сөзінде «Қазір әлем қоқыстың құрсауында қалып отыр. Шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан жиі зардап шегеді. Тіпті төрт ғасыр өтсе де, мұрты бұзылмайтын пластикалық бөтелке, полиэтилен қалталардың залалы климатты өзгертуге дейін ықпал етіп отыр. Қоқысқа көміліп қалмаудың жолы – табиғи өнімдерден жасалған заттарды тұтынуымыз қажет» екендігін жеткізді.
Турнир соңы жеңімпаздарды марапаттау мен бағалы сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.