Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ернар Есіркеповтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ернар Серікәліұлы басқарманың 2018 жылғы қорытындысы және 2019 жылғы міндеті туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Мемлекет жұмыскерлердің негізгі құқықтары мен міндеттерін, еңбек нормаларының ең төменгі стандарттарын, әрбір азаматтың конституциялық құқықтарын қорғауда жұмыс берушілердің негізгі құқықтары мен міндеттерін қатаң бақылауға алды. Еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2018 жылы 157 кәсіпорындар мен мекемелер тексеріліп, еңбек заңнамасының талаптарын бұзған жұмыс берушілерге оларды жою туралы 75 нұсқама беріліп, 150 заңбұзушылық фактілері анықталды (оның 109 еңбек қатынастарына байланысты, 38 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, 3 халықты жұмыспен қамту мәселесі), оның 147 фактісі жойылды. Сонымен қатар, 66 әкімшілік шаралар қолданылды, оның ішінде 44 айыппұл, 22 ескерту түріндегі әкімшілік шаралар. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 6,06 млн. теңгені құрап, оның 5,3 млн. теңгесі өндірілді.
Сонымен қатар осы тексерулер барысында 2018 жылы 12 кәсіпорында 2472 жұмыскерлер алдында 514,4 млн. теңгенің жалақы қарызы бары анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2279 жұмыскердің еңбек саласындағы құқығы қорғалып, 440,3 млн. теңге жалақы қарызы өтелді. Бұл жалпы орын алған қарыздың 85,6% құрады. Еңбек саласындағы негізгі мәселелердің бірі, еңбектің қауіпсіз жағдайларына тоқталсақ, 2018 жылдың қорытындысымен облыс кәсіпорындары мен мекемелерінде 48 жазатайым оқиға орын алып 60 адам зардап шегіп, оның 10 адам өліміне әкеп соққан. Ауыр жарақат алғаны 24, орта және жеңіл жарақат алғаны 26 адам.
Есепті кезеңде 53 арнайы тергеп-тексеру туралы комиссия құрылып, тексерулер жүргізілді. Барлық тергеп-тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданған. Бұл көрсеткіштер 2017 жылмен салыстырғанда 37 пайызға төмендеп отыр.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен еңбек қатынастарын заңдастырмай жұмыс жасап жүрген азаматтарды формализациялау жұмыстарын аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерімен бірлесіп, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау тапсырылған болатын. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен үй-үйді аралау барысында осы санаттағы 63828 азамат анықталған болатын. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 48635 (76,2%) азамат өзектендірілді, оның ішінде 4249 жұмыскермен еңбек шарттары жасалынды, 15193 (23,8%) басқа санаттарға ауыстырылды. Нәтижесінде, бұл санаттағы тұлғалар 2018 жылдың 1 қарашасына толық формализациядан өтті.
Одан бөлек, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыскерлердің ең төменгі жалақысын 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42,5 мыңға дейін өсіру бойынша тапсырма берілгендігі белгілі.
Үстіміздегі жылдың 25 ақпанындағы жағдайына оның 4276 (23,9%) кәсіпорыны 69297(72,8%) жұмыскердің жалақысын көтеруге даяр екендігін көрсетіп отыр.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтерге сәйкес, орташа жалақы көтергенге дейін – 44257 теңге болса, көтерілгеннен кейін 53636 теңгені құрайтын болады. Орта есеппен жалақы 9379 теңгеге немесе 21 пайызға артады.
91 ірі кәсіпорын (43300 жұмыскер), 42 орта кәсіпорын (3877жұмыскер), 4143шағын кәсіпорын (22120жұмыскер).
42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын жұмыскерлері бар 1831 (99,7%) кәсіпорын 21429 (129,6%) жұмыскердің жалақысын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42,5 мың теңгеден төмен емес деңгейге Қазақстан Республикасының «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес көтерді.