Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Сұлушаш Сәтбекқызы басқарманың 2018 жылы атқарған жұмыстары мен 2019 жылға тұрған міндеттер туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
2019 жылдың 5 наурызында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.С.Құрманбекова баспасөз конференциясын өткізді.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген 4 бағыт бойынша облысқа қатысты 8 нысаналы индикатор мен 6 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Облыс әкімдігі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалар, сонымен қатар, тілдерді дамыту басқармасы мен аудандар, Тараз қаласы әкімдері арасында жасалған келісімдерде белгіленген межелер толық орындалды.
Мемлекеттік бағдарламада көзделген негізгі бағыт – мемлекеттік тілді меңгеру.
Облыста тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында 200-ден астам іс-шаралар өткізілді.
Тілдерді оқыту орталығы арқылы 1333 тыңдаушы қазақ тілін тегін оқу курсына қамтылды. Оның 80,3% (1071) – өзге ұлт өкілдері.
2018 жылы «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеуден өткен 556 мемлекеттік қызметшінің 51%-ы В1 деңгейін, 9%-ы С1 деңгейін меңгергендігін көрсетті. В1 деңгейі – 21%-ға артық орындалды. Мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағына, жергілікті әкімдіктердің, облыстық басқармалардың сайттарындағы тіл тазалығына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырды.
2-ші бағыт – мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 2018 жылы – 72,46%-ды құрады.
Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануын танымал ету және оның пайдаланылу аясын кеңейту бағытында басқарманың тапсырысымен «JAMBYL» телеарнасы арқылы «Тілі бірдің – тілегі бір», «Тіл сақшысы», «Атаулар сыр шертеді» атты 3 телехабар эфирге шықты.
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты журналистер арасында байқау ұйымдастырылды. Облыстық, қалалық және аудандық басылымдардағы тіл сауаттылығына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл сауаттылығы» атты облыстық семинар өткізілді.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында облыстың тіл жанашырлары атынан республикалық, облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда 474 мақала жарияланды, оның 171-і латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған.
Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі — 10% болу керек. Облыста бұл көрсеткіш 10,4%-ға орындалды.
3-ші бағыт – Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыру.
2018 жылы облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, әкімшілік-аумақтық бірліктер, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау туралы облыстық және республикалық ономастикалық комиссиялардың оң шешімдерімен жалпы саны 524 (1 ауылдық округ, 4 елді мекен, 3 нысан, 1 шағын аудан, 515 көше) атау берілді.
Тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау үдерісін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі жоспар бойынша 81%-дың орнына – 95,5% -ға орындалды.
Сыртқы көрнекі ақпараттарды (жарнамаларды) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарына сәйкестендіру мақсатында есепті мерзімде – 16587 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның 14333-і талапқа сай болса, 2254-нен кемшіліктер анықталып, барлық нысан иелеріне тиісті заңнама талаптары түсіндірілді.
Көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің пайдаланылу дәрежесі – 1,4% -ға артық орындалып, 86,4%-ды құрады
4-ші бағыт — Лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Үш тілді меңгерген жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында 2 әлеуметтік жоба аясында, бірнеше тілді жетік меңгерген республикаға танымал тұлғалар мен «Болашақ» бағдарламасының түлектерінен құралған топ аудандар мен Тараз қаласында 40-тан астам іс-шаралар өткізіліп, 2 мыңға жуық жастар қатысты. Облыс орталығында «Полиглоттар клубы», аудандарда «Тілдік алаңдар» тұрақты жұмыс атқаруда.
Үш тілді жетік меңгерген дарынды жастар арасында «Тілдарын» олимпиадасы, «Тіл шебері-2018», «Тіл-парасат» облыстық байқаулары, «Көп тіл білу – заман талабы» атты полиглоттар форумы өтті.
Мектепке дейінгі мекемелерде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты акция ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам бүлдіршін тартылды. Өткен жылы Тілдерді оқыту орталығы арқылы 1650 тыңдаушы ағылшын тілін, 594 тыңдаушы орыс тілін оқу курстарына қамтылды. Тілдерді оқыту орталығы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және 22 этномәдени бірлестіктер арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, Меморандум аясында қазақ тілін үйренуге ниет білдірген 1071 этнос өкілдері қазақ тілін тегін үйренді. Тілдерді оқыту орталығы тарапынан 22 этномәдени бірлестікке әдістемелік көмектер көрсетілді.
Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылды. Латын графикасына негізделген қазақ жазуын түсіндіру, азаматтардың жаңа әліпбиді үйренулеріне мүмкіндіктер жасау мақсатында басқарма тарапынан 4 әлеуметтік жоба аясында 120-дан аса іс-шаралар өткізіліп, оған 150 мыңға жуық адам қамтылса, аудандар мен Тараз қаласында 534 іс-шара өткізілді.
Жаңа қазақ әліпбиін өңір тұрғындарына кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы бейнеролик, Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы әзірленді.