• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 16 МЫҢНАН АСТАМ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30%-ҒА КӨБЕЙДІ

28.01.2019
0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 16 МЫҢНАН АСТАМ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30%-ҒА КӨБЕЙДІ
376
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Рахия Сейітбекқызы білім басқармасының 2018 жылға атқарған жұмыстары мен 2019 жылғы жоспарлап отырған міндеттері туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
1. Облыстың білім беру саласын қаржыландыруға 2018 жылы 107,8 млрд. теңге қаржы бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 9,4 млрд. теңгеге артық (2017 жылы — 98,4 млрд теңге).
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасындағы меморандумдағы 1 көрсеткіш орындалды (3-6 жастағы балалардың үлесі: жоспар — 92%; нақты — 98%;).
3. Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне (4 индикатор мен 30 көрсеткіш) қол жеткізілген. 1 көрсеткіш («Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорттық турнирлерімен (Оқушылар спартакиадасы және т.б.) қамтылған білім алушылардың үлесі») Білім берудің бірыңғай дерекқорына сәйкес, 2018 жылдың 9 айымен орындалмады (жоспар — 50%, орындалуы — 31%). Алайда жыл қорытындысымен орындалып отыр (50%)
4. Облыс әкімі мен аудан/ қала әкімдері арасындағы 4 меже, басқарма мен әкімдер арасындағы 12 меже толық орындалды.
5. Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген 7 нысаналы индикатор толық орындалды.
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша: Бүгінде облыста 532 мектепке дейінгі білім мекемелерінде 54 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, оның ішінде 1-3 жас аралығында 12 мыңнан аса бала бар.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында — 84% (2017ж. — 68%), 3-6 жас аралығында — 98% (2017ж. – 90,2%) құрайды.
156 жекеменшік ұйымдарда 14334 (26,3%) бала тәрбиеленуде.
2018 жылы 6041 орындық 66 мектепке дейінгі ұйым ашылды (58 жекеменшік балабақша, 6 шағын орталық).
2019 жылы 2874 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу көзделуде (21 балабақша, 6 шағын орталық).
Бүгінгі күнге мектепке дейінгі білім мекемелерінде кезекте тұрған балалардың саны 3-6 жас аралығында — 1104, 1-6 жас аралығында — 13615.
Балабақша кезегін азайту үшін жемеменшік секторды тартып жұмыс жүргізу қажет.
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылған балалар үлесі облыста 26,3%, бұл республикалық көрсеткіштен 8,6%-ға төмен (34,9%). Облыстық көрсеткіштен төмен аудандар: Мойынқұм — 0%, Сарысу — 8%, Жуалы — 9,2%, Талас — 9,8%, Жамбыл — 15,9%, Т.Рысқұлов — 18%, Шу — 22,2%, Меркі — 24,1%. 2019 жылға Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандарында жекеменшік балабақша ашу мүлдем жоспарланбаған.
7. Орта білім беру саласы бойынша: Облыстың 446 мектебінде 222 801 оқушы білім алуда (2017-2018 оқу жылы – 214599).
Кестеге сәйкес жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғасуда. 1,2,3,5,6,7,8-ші сыныптар жаңартылған мазмұндағы бағдарламамен оқиды.
Сапалы білімнің маңызды көрсеткіштерінің бірі – оқушылардың барлық деңгейдегі пән олимпиадаларына қатысуының нәтижесінде.
Республикалық пән олимпиадалары және ғылыми жобалар байқауларының қорытындылары бойынша 7-ші жыл қатарынан, республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша 6-шы жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанып, І-ші орындарды иеленді. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты 10-шы жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атағын иеленді.
Облыс оқушылары республикалық, халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 2018 жылы 143 медальды (22 — алтын, 35 — күміс, 86 — қола) иеленді.
Биыл алғаш рет мектептердің оқу жетістігіне «сырттай тәуелсіз бақылау» жүргізілді. 5-10 сыныптарда оқушыларынан гуманитарлық, математикалық және жаратылыстану циклы пәндерінен 4 рет тестілеу алынды.
Қорытындысы бойынша сараптама жасалып, білім бөлімдеріне жіберілді.
Төмен білім сапасын көрсеткен 107 мектеп облыстық, 178 мектеп аудандық, 141 мектеп мектепішілік бақылауға қойылып, әдістемелік көмектер көрсетілді.
Нәтижесінде: 2018 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 9592 мектеп бітірушінің 6046-ы (63,0%) қатысты (өткен жылы – 69,1%).
Облыс бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 89,4-ті құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 11,5-ке жоғары болды (2017 жыл – 77,9). Облыстар арасында 3-ші орынды көрсеткіш.
Түлектердің 52% ЖОО мемлекеттік грант иегерлері атанды.
Оқу жетістігін сырттай бағалау қорытындысы бойынша 4-ші сыныптар (қатысқандар — 5061 оқушы) аралығында орташа балл 19,51-ді құрап, республикалық көрсеткіштен 0,46 баллға төмен болды (республикалық көрсеткіш — 19,97). Облыстар арасында 8-ші орынды иеленді.
Облыстық көрсеткіштен Мойынқұм (19,28), Шу (19,02), Т.Рысқұлов (18,15), Талас (18,08), Байзақ (18,03), Қордай (17,40), Жамбыл (16,72) төмен көрсеткіш көрсетті.
9-шы сыныптар бойынша орташа балл 40,75-ті құрап, республикалық көрсеткіштен 2,08 баллға жоғары болды (республикалық көрсеткіш — 38,67). Облыстар арасында 5-ші орынды иеленді.
Облыстық көрсеткіштен Мойынқұм (31,83), Шу (40,40), Т.Рысқұлов (35,72), Талас (37,83), Байзақ (34,23), Қордай (32,91), Жамбыл (35,56) төмен көрсеткіш көрсетті.
11-ші сыныптар бойынша орташа балл 66,06-ны құрап, республикалық көрсеткіштен 2,22 баллға жоғары болды (республикалық көрсеткіш — 63,84). Облыстар арасында 6-шы орынды иеленді.
Облыстық көрсеткіштен Мойынқұм (52,25), Шу (57), Т.Рысқұлов (53,28), Меркі (58,33), Талас (65,10), Қордай (64), Жуалы (47,62), Тараз (65,91) төмен көрсеткіш көрсетті.
8. Елбасы Жолдауда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту әдісі мен жүйесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс екендігін бас айтты.
Бұл жұмыс та облыста жүзеге асырылуда. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы мен облыс әкімі Меморандумға қол қойды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесін өңірлерге тарату мақсатында облыста 40 мектеп базалық алаң ретінде жұмыс атқаруда.
Алдағы оқу жылында олардың саны 50 пайызға дейін артатын болады.
Мектептерде жаратылыстану пәндерін (химия, биология, физика, информатиа) ағылшын тілдерінде оқыту мәселесі қолға алынды.
9. Өткен жылы облыста 45 мектеп жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытылса, биылғы оқу жылында 277 мектепте 4 пәнді ағылшын тілінде оқыта бастады. Алдағы оқу жылында 333 мектепте үш тілде оқыту жүзеге асырылады.
10. Орта білім беру саласының сапасын арттыруға байланыста 12 сараптамалық талдау жасалып, 5 Ереже дайындалды. Іс-шаралар жоспары жасалып, нәтижесі шығарылды.
11. Білімнің сапасы педагогтардың шығармашылық потенциалына байланысты десек, 2018-2019 оқу жылында 25528 (2017-2018 оқу жылында — 24695) педагог қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 22996-і (91,6%) — жоғары, өткен 2017-2018 оқу жылымен салыстырғанда жоғары білімді мұғалімдердің саны 361-ге артты.
Анықтама ретінде:
5739 (25,6%) мұғалім – «жоғары» санатты, 7162 (32%) мұғалім – «бірінші», ал 5966 (26,6%) мұғалім – «екінші» санатты, 32(0,13%) мұғалім – «педагог-шебер», 543(2,2%) мұғалім – «педагог-зерттеуші», 671(2,7%) мұғалім – «педагог-сарапшы», 707(2,8%) мұғалім – «педагог-модератор» болса, 5734(23,0%) мұғалімнің санаты жоқ.
2018 жылы облыстың 1229 педагогы республикалық түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленді. 4 педагог республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпазы атанды (2 млн 405 мың теңгенің грантын иеленді).
Біліктілігін дәлелдеген 2 мыңнан астам мұғалімдерге 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақы биылғы 1 қыркүйегінен бастап төленсе, 4 мыңнан астам мұғалімге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленеді.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам (65%) мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді. Мұның барлығы мұғалім беделін арттыруға бағытталған.
Оқу-тәрбие үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы мектеп басшысының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. 446 мектеп директорларының 444-і (99,6%) жоғары, 2-і (0,4%) арнаулы орта білімді (Жуалы ауданы, Жылыбұлақ бастауыш мектебінің меңгерушісі К.Омарова, Сарысу ауданы, Көкдала бастауыш мектебінің меңгерушісі Ғ.Мекебаева).
Оның ішінде: 309-ы (69,3%) ЖОО-ның күндізгі бөлімін;
137-і (30,7%) сырттай бөлімін бітірген (өткен жылмен салыстырғанда 6-ға кеміген).
ЖОО-ң сырттай оқу бөлімін бітірген мектеп директорларының:
33-і (24,08%) бастауыш мектептің;
15-ы (10,9%) негізгі мектептің;
89-ы (64,9%) орта мектептің директорлары.
Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру жұмыстары басқарманың бақылауына алынды. Соңғы үш жылда 409 (91,7%) мектеп басшысы біліктілігін арттыру курстарынан өткен.
Мектеп директорларының Қамқоршылық кеңестерінің алдында жылына 2 рет есеп беруі дәстүрге айналды.
Мектеп директорларының кеңесі құрылып,
12. Білім беру саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстарға баса назар аударылды. Облыста ІТ лицей-интернаты, 14 IT-сыныптары ашылды. 152 (34%) мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталды.
94,8% мектеп жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды (4 мбит/с жоғары). 10 908 оқу кабинетінің 7158-і (65,6%) компьютермен жабдықталды.
Балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу ақпараттық жүйесі 532(100%) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізілді (edugarden.kz).
Мектептерде 1-сыныпқа қабылдау ақпараттық жүйесі 441 (100%) мектепке енгізілді (eduschool.kz.) (мамандандырылған 5 (1,2%) мектепке оқушылар 6,7 сыныптан бастап оқиды).
Сондай-ақ, педагогтарды жұмысқа қабылдауды басқару және ваканция кезегін автоматтандыру ақпараттық жүйесі 446 (100%) мектепке енгізілді (jumys.sitsen.kz).
Кәсіптік және техникалық білім беруді автоматтандыру жүйесі 48 (100%) колледжде енгізілді.
12. Бұдан өзге, Елбасы тапсырмасына сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер мен балабақшаларды 100% бейнебақылау камераларымен қамту шаралары қолға алынады.
Бүгінгі күні облыстағы 912 білім мекемелерінің 818-де (89,7%) бейнебақылау камералары орнатылған (Облыстағы 446 мектептің 18-де (4%) және 381 балабақшаның 1-де (0,3%) бейнебақылау камералары орнатылмаған). 2019 жылы 100% қамтамасыз етіледі.
13. Сабақтан тыс бос уақытта орта мектептердің спорт залдарын пайдалану үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері арасында 3 жақты меморандум жасалған.
14. Сонымен қатар Елбасы үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешуді тапсырды.
2018 жылы 14 мектептің құрылысын жүргізуге 4,9 млрд теңге бөлінді (РБ — 2 млрд 453 млн 440 мың теңге, ЖБ — 2 млрд 485 млн 885 мың теңге). Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілді.Үш ауысымда жұмыс істейтін — 3 мектептің, апатты жағдайдағы — 3, орын тапшылығы бар — 3 мектептің мәселесі шешілді.
Апатты жағдайдағы 4 мектеп қалды, үш ауысымда 1 мектеп жұмыс істейді (Байзақ ауданы, Ақшолақ станциясындағы 120 орындық орта мектеп).
Бүгінгі күні 5 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 1-і үшаусымды, 4-і орын тапшылығы бар мектептің құрылысы.
15. Тәрбие және қосымша білім беру саласы
Облыстағы 66 мектептен тыс мекемелерде 60067 (27%) оқушы қосымша білім алуда (Республика бойынша 31,2%, Алматы облысы 17,5%, Түркістан облысы 17,3%). Оның ішінде 60 мемлекеттік, 6 мемлекеттік емес мектептен тыс мекемелер.
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облыстың 446 жалпы білім беретін мектептерінде түрлі бағыттардағы үйірмелерге оқушылардың қызығушылықтары бойынша 123485 (55,4%) бала қамтылған.

Жергілікті полиция қызметімен бірлескен іс шаралар жоспары әзірленіп, мектеп инспекторларының қамқоршылық кеңестері алдында тоқсан сайын есеп беру мәселесі бекітілді. 2018 жылғы қазан-қараша айларында алғашқы есептері тыңдалса, 2019 жылдың ақпан-наурыз айында кезекті есептері тыңдалатын болады. Кестесі облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен келісілді (есептерге маслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер, «Нұр Отан» партиясы, ата-аналар қауымдастығы өкілдері қатысатын болады).
Аудандар мен Тараз қаласы әкімдерімен басқарма арасында мектептен тыс білім беру ұйымдарында қамтылған балалар санын арттыру жөнінде межелер белгіленді (2018 жыл қорытындысымен облыстық көрсеткіш 27% болып қалыптасты).
Ата-аналардың құқығы мен міндеттеріне қатысты құқықтық заңнамаларды ескере отырып, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 77 жайсыз отбасы есепке алынды. 139 ата-анаға өз міндеттерін тиісті орындамағаны үшін құқық қорғау органдары тарапынан 1 млн.881 мың теңге көлемінде айып-пұл салынды.
Әскери патриоттық клубтардың саны (446 орта мектеп, 48 колледждер) 20-дан 89-ға өсті.Оған 2385 бала қамтылған.
«Жас сарбаз» қозғалысы бойынша аудандар мен Тараз қаласында 52 сыныптар құрылды. Жұмыстар жалғасуда. А.ж. науырыз айында «Жас сарбаз» облыстық форумы өтетін болады.
Өзіне өзі қол жұмсау мәселесі бойынша 320 мектепте «ЮНИСЕФ» БҰҰ-ның жобасы енгізіліп, 200 психолог «тренер» сертификаттарын алды. Тоқсан сайын психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған семинарлар ұйымдастырылуда.
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында, қыздар арасында ұлттық дәстүр мен тән сауаттылығын қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізетін «Инабат», «Қыз Жібек» қыздар клубтары құрылды (262 клуб). 2019 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 2,0 млн. теңге қаржы қаралып, лоттың техникалық ерекшелегі әзірленуде.
«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» тәрбие бағытындағы «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жобасыоблыстағы 40 мектептің тәжірибесіне енгізілді. Жобаға жоғары сынып (7-11 сынып) оқушылары қамтылған.
«Туған елге тағзым» өлкетану — зерттеу жобасы(оқушылар туған өлкесі туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді);
«Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы (оқушылар қоғамдағы зиялы қауымның еңбектерімен танысады);
«Баланы жұмысқа ал» жобасы (оқушыларды жазғы маусымда еңбекке баулу);
«10 күн ата-ана жұмысында» әлеуметтік жобасы (оқушыларға кәсіптік бағдар беру);
«Bookcrossing» акциясы(кітап оқу жарысы);
«Өнер күндері» жобасы(қазақтың 100 әні, 100 күйінің тарихын зерттеу, қорғау, танып білу);
«Даналық бейсенбі» жобасы (әр бейсенбі күні танымал, тарихи тұлғалар бойынша жұмыстар қорғау);
«Шаңырақ сағаты» жобасы (командалық жұмысқа үйрету);
«ТedxNIS» жобасы (шешеіндік өнер қабілетін қалыптастыру);
Қол жеткізілген нәтижелер:
1) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс саны 33-ке кеміді (18%-ға кеміген);
2) БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» жобасы аудандар мен Тараз қаласының мектептеріне енгізілді;
3) Орамал тағып келетін оқушылардың саны 128-ден 2-ге төмендеді;
16. Бала құқығын қорғау саласы
Бүгінгі күні облыста 1448 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар (0-18 жас аралығында барлығы 419965 бала болса, 0,3% құрайды).
Оның ішінде, қорғаншылық пен қамқоршылықта — 1069;
патронаттық тәрбиеде — 145; отбасы үлгісіндегі балалар үйінде – 67; қабылдаушы отбасыларында – 9; өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында –114; «Үміт» бөбектер үйінде – 18; облыстық жасөспірімдер үйінде – 27; №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында-30.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Тамаша» моншасына аптасына 1 рет түсіру бойынша келісім шарт жасалды.
Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйіне демеушілер тарту бойынша әлеуметтік серіктестердің келісімімен жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес, өткен жылы демеушілер есебінен 802 мың теңгеге көмектер көрсетілді.
Патронаттық тәрбиедегі балалардың жағдайы жарты жыл сайын зерделенеді (жылына 2-рет). Патронаттық тәрбиедегі барлығы 150 баланың жағдайылары толығымен тексерілді. Зерделеу қорытындылары бойынша патронаттық міндеттерін тиісті талапқа сай орындамай отырған 2 отбасыдан (1-Қаратау, 1-Тараз қаласы) 5 бала қайтарылды (бүгінге патронатта 145 бала қалды). Жалпы патронаттық тәрбиені дамытуға 2018 жылы 125 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Облыста патронаттық тәрбиедегі балалардың саны соңғы үш жылда 21-ге (129-дан 150-ге) артса, жетім балалар саны 114-ке кеміген (1562-ден 1448-ге). Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санының азаюына байланысты Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі мен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы біріктіріліп, «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» құрылды.
Қол жеткізілген нәтижелер:
1)Республика бойынша балалар үйі жоқ тұңғыш облыс болып танылдық. Жамбыл облысының тәжірибесі, республикалық семинарда басқа облыстарға үлгі ретінде таратылды;
2) Республика бойынша отбасылық үлгідегі балалар үйінің ең көп үлесі облысқа тиесілі (республикада 34 болса, 17-і Жамбыл облысында).
Алға қойылған міндеттер:
— Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту (балалардың барлығы кезекке қойылған, алайда тұрғын үй құрылыстары бала санына сай келмейді);
— Әлеуметтік жетімдіктің үлесін азайту.
17. Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша: Облыста 48 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде 26 890 студент 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша білім алуда.
2018-2019 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 5024 орын мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді (2017-2018 оқу жылында 4993, яғни 31 орынға артық) оның 3324-і (66,1%) жұмысшы мамандықтары.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы ветеринария мамандығына 52%, токарлық іс — 27%, химиялық технология және өндіріс — 52%, IT саласына — 42%, темір жол саласына — 36% бөлінді.
Жаңа оқу жылынан бастап, Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысты білім мекемелерінің, жұмыс берушілер мен білім алушылардың жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған арнайы Ереже әзірленді.
Ережеге сәйкес, колледж бен мен студент арасында келісім шарт жасалды. Бүгінгі күні, мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылданған 5024 студенттің 40-ы әр түрлі себептермен оқудан шығарылған. Жұмсалған қаржы 621 614 тенге қаражат қайтарылды.
Ауылшарушылық саласы бойынша Құлан ауылшаруашылығы колледжін базалық етіп күшейту үшін 2018 жылы 165,1 млн теңге бөлінсе, 2019 жылы 258,2 млн.теңге қаражат жоспарлануда.
Осы ретте, Құлан ауылшаруашылығы колледжінде заманауи үлгідегі қондырғылар орнату мен жылыжай, мал дәрігерлік клиникасының құрылысы аяқталды.
Республикада «WorldSkills» халықаралық стандарттардың құзыреттеріне сәйкес 20 құзыреттілік орталық таңдап алынса, облыста 8 құзыреттілік бойынша (химия, энергетика, құрылыс, механатроника, машина жасау бағыттары) 2018 жылы Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне 250,4 млн. теңгеге құзыреттілік орталықтары алынды.
2018 жылында 3 колледжде қайталанатын және еңбек нарығында қажеттілігі жоқ 9 мамандық қысқартылып, 3 колледжді бір салаға бейіндеуге, 2 колледжді біріктіруге әкелді. Жамбыл политеxникалық жоғары колледжі мен Тараз химия-технологиялық колледжедерінде қосу арқылы базалық тірек қолледж құру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 5 колледждің атауы өзгертіліп, бір бейінге көшті.
Биылғы жылы облыста техникалық және кәсіптік білім беру саласын автоматтандыру мақсатында «zhambyltipo.kz» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АЖ) сайты іске қосылды.
Ақпараттық жүйенің қызметі облыстағы әрбір ТжКБ білім беру мекемесі туралы ақпарат алуға (жаңалықтар, байланыс, мамандандықтар, материалдық-техникалық база және т. б.), жұмыспен қамтылған және қамтылмаған түлектер жайлы, танымал мамандықтар мен колледж рейтингісін визуализациялау үшін аналитикалық талдау жасауға (жұмысқа орналастырылған және жұмыспен қамтылмаған), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдауды онлайн түрінде жүргізуге, ұсынылған қол жетімді бос жұмыс орындары туралы жарияланымдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Қауіпсіз колледж» жобасы бойынша 5 колледжге биометриялық жолмен тану турникеттері орнатылды (әрбір колледжге карточкамен немесе саусақ ізімен жұмыс істейтін 2 турникет, 2 видеокамера, тұлғаның түр-әлпетін тану жүйесі, 1 ақпараттық киоск орнатылды).
«Сандық ІТ-технологияларының автоматтандырылған ресурстық кешені» 5 колледжде ашылды. Бұл ресурстық кешен электрондық форматта қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі 10 мамандық бойынша институционалды және мамандырылған аккредиттеуден өтті. 2019 жылы 3 колледж акредиттеуден өтетін болады (Тараз құрылыс-техникалық, ақпараттық-инновациялық және Құлан агротехникалық колледждері).
Техникалық және кәсіптік білім беру саласына қатысты 13 хаттамалық тапсырма берілді.
Тапсырманың 12-і орындалды, 1-қосымша уақытты қажет етеді.
3 Ереже, 1 Тұжырымдама және Жол картасы дайындалды.
«Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысты білім мекемелерінің, жұмыс берушілер мен білім алушылардың жауапкершіліктерін арттыру туралы» ЕРЕЖЕ.
(Ережеге сәйкес оқуға қабылданған 5024 студентпен колледж арасында 4254 келісім-шарт жасалынды (770-Бағдарлама бойынша қабылданған). Жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында 2723 түлекті жұмыспен қамту туралы 330 келісім шарттар жасалды. Мұнда, жұмыс беруші (кәсіпорын, шаруақожалық) өз тапсырысына сәйкес оқу бітірген түлекті алған мамандығы бойынша жұмысқа қабылдауға, белгіленген ең төменгі 1 айлық жалақыдан кем емес жалақымен қамтамасыз етуге міндеттелді.
«Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында білім беру қызметтерінің нәтижелері туралы» ЕРЕЖЕ (Рейтинг 5 критерийден бағаланды: қызметінің сапасы,кәсіби мамандар, ИПК, жұмыс берушілердің қанағаттану индексі,WorldSkills чемпионаты, инновациялық жобаларға қатысу көрсеткіші. Рейтінгтің қорытындысын шығару үшін сараптамалық топқа: Қоғамдық кеңес,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының»облыстық қоғамдық бірлестігі,ЖОО профессорлары, «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы).
«Білім сапасына мониторинг жүргізу туралы» ЕРЕЖЕ (Кәсіптік бағдар беру, білім сапасы, инвесторлар тарту, әлеуметтік серіктестер тарапынан стипендия тағайындау, колледж түлектерінежұмыс беушілердің қанағаттану деңгейі…бойынша мониторинг жүйесі жасалынды).
Белгіленген индикаторға қол жеткізу үшін Білім басқармасымен келісілген әр колледжде 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы.
«Баршаға арналған тегін кәсіптік білім беру» жобасын аудандар мен Тараз қаласы елді мекендеріне шығып, болашақ студенттер арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау туралы ақпараттық керуеннің тұжырымдамасы.
Білім басқармасы мен колледждер арасында 2018-2019 оқу жылына меморандум жасалынып, 11 индикатор бекітілді (5 индикатор жылына 1 рет, 6 индикатор тоқсан сайын: жұмысқа орналасу, , білім сапасы, педагог кадрлардың санатын арттыру).

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

15.05.2025
Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

15.05.2025
Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

15.05.2025
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

15.05.2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

15.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты