Үкіметтік емес ұйымдар жекелеген санаттағы азаматтардың оңалуына жәрдем беру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік маңызы бар басқа да жобаларды іске асыру ісімен айналысуда. Үкіметтік емес ұйымдар саны 2003 жылы 5 мың болса, 2018 жылы 22 мыңға дейін жетіп, төрт еседен астам өскен. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі 65 есе өсіп, қазіргі кезде 20 миллиард теңгеден асып отыр. Нәтижесінде, бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, іс жүзінде, қоғамымыздың маңызы бар барлық саласын қамтуда деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі адамдар, ерекше мұқтаж балалар мен жастар үшін аса белсенді ортаны қалыптастыруға атсалысуы жақсы үрдіс саналады. Инклюзивті қоғамды дамыту ісі – бұл әлемдік тәжірибе әрі барлық дамыған елдердің азаматтық қоғамы жүзеге асыратын маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жүзеге асырып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақалада белгіленген басымдықтар аясында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Елбасы мұнда көрсетілген бағыттар мен жобаларды іске асыру үдерісіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту қажеттігін айтты.
http://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-kazakstannyn-viii-azamattyk-forumyna-katysty#/upload/anounces/b06ab96e1c81b5910d6f56e34f81e2b1.jpg
Ашық қоғамдағы биліктің үшінші сатысындағы билік өкілі – үкіметтік емес ұйымдар болып есептеледі. Бүгінгі таңда облысымызда 700 астам ұйым тіркелген болса, оның 200-ге жуығы ғана өңірдің тыныс-тіршілігіне араласып азаматтық қоғам институттарының дамуына үлес қосуда. Айта кетерлігі, үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына 2016 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздан 216 ұйым уақытылы есеп өткізсе, 31 ұйым кешіктірген. 2017 жылғы есеп бойынша 277 ұйым, уақытынан кешіктіріп – 19 ұйым өткізген.
Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру бойынша 2017 жылы – 1 ұйым, 2018 жылы – 1 ұйым жеңімпаз болған. Жеңімпаздар қатарында «Жамбыл облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (президенті — Заиджан Юлдашве) бар. Гранттық қаржыландырудың ерекшелігі жеңіп алған сомманың он пайызын ұйымның материалдық- техникалық базасын жаңартуға бағыттауға болады.
Тағы бір жаңашылдық — үкіметтік емес ұйымдар арналған сыйлықақы. Сыйлықақы алушылар 15 бағыт (номинация) бойынша байқауға түсті. Байқаудың жеңімпаздары сарапшылар бағалауынан кейін конкурстық комиссияның отырысында қаралды. Әр бағыт бойынша сыйақы мөлшері 2 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды. 2017 жылы барлығы 216 өтінім түсіп, оның 15 бағыты бойынша 59 ұйым жеңімпаз атанды. Оның ішінде облысымыздан 11 өтінім беріліп, «Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту» номинациясы бойынша «Жастар орталығы «ГУОНЛЁН» қоғамдық бірлестігі(басшысы – Рашид Бакиров) жеңімпаз атанған. Ал, 2018 жылы сыйлықақы алуға 197 ұйым өтінім білдірсе, оның ішінде облысымыздан 8 үміткер құжаттарын тапсырды. 63 ұйым жеңімпаз атанды, оның ішінде Жамбыл облысынан 3 ұйым жеңімпаз атанды. Олар «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау» бағыты бойынша «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы – Руслан Тулегенов), «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» бағыты бойынша «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (президенті – Исламбек Дастан), «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігі (төрайымы – Нілзия Рақышева) жеңімпаз атанып, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қәлетаевтың қолынан диплом алды. Сыйлықақының ерекшелігі бөлінген қаражатты ұйымның жарғылық мақсаттарына жұмсауға болады. «Таным» Республикалық қоғамдық сыйлықтың «Азаматтық қоғамның дамуыа қосқан үлесі үшін» Серікбол Берікқожа иеленсе, бұның алдында жамбылдықтардан «Таным» сыйлығын Оразкүл Тастемірова мен Ғалия Қалиева лауреаты болғанын еске сала кетейік.
Үкіметтік емес ұйымдар мен биліктің өзара іс-қимылының маңызды бөлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру болып табылады. Биылғы жылдың әлеуметтік жобалардың қаржыландыруы 814,8 млн теңгені құрады (облыстық бюджеттен – 262,8 млн тг., аудандық/қалалық бюджеттерден – 525,0 млн тг. бөлінді), бұл 2017 жылмен салыстырғанда 108,2 млн теңгеге артты.
Бүгінде үкіметтік емес ұйымдарды бағдарламаларды әзірлеп, іске асыруға, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге кеңінен тарту мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибесіне айналған.
Өткен жылдар ішінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы жүйелі сипатқа ие болып үлгерді.
Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің тең серіктесі ретінде қаралады.
TURANINFO.KZ