• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІ — ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

12.11.2018
0
БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІ — ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
444
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Роза Әбдірқызы Исаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Роза Әбдірқызы бюджеттің кіріс бөлігі — облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қаржы басқармасы қызметінің негізгі мақсаттары:

Бірінші: Бюджеттік жүйесінің ұзақ мерзімді теңгерімділігін және орнықтылығын қамтамасыз ету;

Екінші: Облыстық коммуналдық меншікті басқаруды ұйымдастыру.

Облыстық бюджеттің теңгерімділігі бюджеттік кірістердің қажетті көлемін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетіндігі түсінікті. Ал, оның қажетті көлемі өз кезегінде қаржы басқармасы тарапынан салықтардың түсімдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізу арқылы, сондай-ақ бюджеттік үдерістің барлық қатысушыларының іс-әрекетін үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі.

Роза Исаеваның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айының ішінде 2018 жылғы облыс бюджеттің кіріс бөлігі, трансферттермен қоса есептегенде 101,9%-ға, оның ішінде өз кірістері 109,4%-ға орындалды.

Бюджетке 206,6 млрд. теңге сомасында кірістер түсті, оның ішінде меншікті кірістер сомасы 45,5 млрд. теңгені құрады.

Кірістердің жоспарын орындау бойынша облысымыз басқа облыстармен салыстырғанда, 4 көрсеткішті көрсетіп отыр.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, меншікті кірістердің өсімі 113,3%-ға қамтамасыз етілді немесе жоспардан артық 5,4 млрд. теңге түсті. Меншікті кірістер жылдан жылға артып келеді.

Жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту бойынша жергілікті өзін-өзі басқару, салық және басқа да органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру тетіктерінің бірі –облыс бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Өзара іс-қимыл жоспары.

Ең алдымен, жоспар жер учаскелерінің және басқа да жылжымайтын мүліктердің меншік иелерін анықтап, оларды салық төлеуге тартуды, жеке тұлғалардың мүлік, жер учаскелеріне меншік құқықтарын рәсімдеулеріне жәрдемдесуді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын,  сондай-ақ белгіленген мерзімде игерілмеген жер учаскелерін анықтауды көздеп отыр.

Мұндай жер учаскелерінің иелері қолданыстағы салық заңнамасының нормаларына сәйкес, салықтарын жоғарылатылған мөлшерде тиісті жергілікті бюджеттерге төлеуге тиісті болады.

2017 жылы облыс бойынша жер заңнамасына сәйкес  пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жалпы алаңы 13 721,4 га құрайтын 126 жер учаскелері анықталған, оның ішінде: Шу ауданы бойынша – 42, Байзақ ауданы бойынша – 36, Қордай ауданы бойынша – 11, Меркі ауданы бойынша – 11.

Аталған бұзушылықтар бойынша 2 млн.теңгеге жуық сомасда қосымша салықтық есептіліктер тапсырылған.

Жергілікті бюджетке түсетін мүлік, жер, көлік салықтарын және осы салықтар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар, жол жүру ережелерін бұзу фактілері бойынша салынған айыппұлдарды әкімшілендіруді арттыру мақсатында «Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру» ақпараттық жүйесі сатып алынып, қолданысқа енгізілді. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, ақпараттық жүйе аумақтың салықтық базасын болжаммен 500,0 млн.теңгеге арттырылуына септігін тигізеді.

Жергілікті бюджеттің салық базасын кеңейту мақсатында еліміздің басқа аумақтарында тіркеліп, облысымыздың аумағында пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын 15 ірі жер қойнауын пайдаланушылармен кездесулер ұйымдастырылып, келіссөздер жүргізілген болатын.

Кездесу нәтижелері бойынша бүгінгі күнге жер қойнауын пайдалану объектісінің орналасқан жері бойынша 3 кәсіпорын қайта тіркелді, «Амангелді Газ» ЖШС-гі өзінің филиалын тіркеп, екі кәсіпорын өздерінің жұмысшыларының санын 115 адамға дейін ұлғайтты.

(«Көптас», «Ер-Тай» және «Khan Tau Minerals» ЖШС-тері Мойынқұм және Шу аудандарында, «Амангелді Газ» ЖШС-гінің филиалы Талас ауданында тіркелді, басқа өңірлерде тіркелген «Казахстан-Австралия» ЖШС-гінің 100 адамы «Khan Tau Minerals» ЖШС-гіне, «МВТ» ЖШС-гінің 15 адамы Қордай ауданында тіркелген «ТАС АЛҒА» ЖШС-гіне ауыстырылды).

 

Жиынтығында осы шаралар бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің өткен қаржы жылымен салыстырғанда кем дегенде 106%-ға өсуіне қол жеткізуге және жергілікті бюджеттерге жуықтап алғанда қосымша 2,8 млрд.теңге сомасында кірістердің қамтамасыз етілуіне септігін тигізеді.

Өздеріңізге белгілі, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ауылдық округтерде дербес бюджеттер енгізілді. Бұл, сәйкесінше, бюджеттік үдерісті басқаруда және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде дербестікті қамтамасыз етеді.

Жамбыл облысында барлығы 156 ауылдық округ болса, халық саны 2000-нан асатын 114-інде ауылдық округ әкімдерінің бюджеттері енгізілген.

Ақша қаражатын басқарудағы дербестік жақсы ынталандыру болып табылады.

2018 жылдың 10 айында ауылдық округтер әкімдерімен 1,9 млрд. теңге сомасында меншікті кірістер қамтамасыз етілді немесе жоспар 128,4%-ға орындалып, 428,3 млн.теңге жоспардан артығымен түскен. Және бұл әлі де шек емес.

Әрине, бұл көрсеткішке бірден қол жеткізілген жоқ,  бұған айтарлықтай дайындық жұмыстары жүргізілді, ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметкерлері оқытылып, қайта даярлаудан өткізілді.

Сонымен қатар, бұл дербес бюджеттер тек 2018 жылы енгізілгендігін ескере отырып, ауыл әкімдеріне әрдайым нақты уақыт режимінде консультациялық көмектердің көрсетілуі жалғасуда, олардың қызметі үйлестіріліп, мониторингіленуде.

Салық түсімдерінің оң динамикасы және сәйкесінше әлеуметтік салаға және өңірлерді дамытуға бөлінетін қаражаттар көлемінің өсуі, сайып келгенде, халықтың өмір сүру деңгейі мен  сапасын көтеруге ықпал ететін болады.

Мемлекет басшысы әрдайым бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалануға, әкімшілік шығыстар мен мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұстауға арналған шығыстар көлемін азайтуға назар бөліп келеді.

Осыған байланысты, бүгінгі таңда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың да, олардың штаттық сандарын да  оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, функциялардың қайталануы алынып тасталуда, мемлекеттік органдардың тиімді құрылымдарын қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлердің санын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондықтан бүгінгі күні мәдениет, денсаулық сақтау басқармаларының 38 ведомстволық бағынысты ұйымдары 16 заңды тұлғаларды біріктіру және құру жолымен қайта құрылды.

4 (төрт) ұйымда қаржы қызметтері орталықтандырылды, 77 ұйымда штаттық бірліктер саны 1111-ге қысқартылды, 6 (алты) ұйым жойылды. Бүгінгі күнге 1 млрд.теңгеден астам сомада қаражаттарды үнемдеу күтіліп отыр. Оңтайландыру жалғасуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекетке тиесілі мемлекеттік пакет акцияларына, қатысу үлестеріне уәкілетті орган ретінде коммуналдық меншікті басқару бойынша, сонымен қатар тиімділігін басқару мен  жұмыстарына мониторинг жүргізеді.

2017 жылы коммуналдық меншік кәсіпорындарының 81%-ы қызметтерін табыспен және 19%-ы қызметтерін шығынмен аяқтаған. Шығынмен шыққан кәсіпорындар негізінен денсаулық сақтау және спорт басқармаларына тиесілі, өйткені кейіннен соғылған объектілер мен қымбат бағаға алынған құрал-жабдықтар аталған мекемелерде болып отыр.

Басқару тиімділігін арттыру мақсатында әрбір кәсіпорынға индикаторлар белгіленіп, басқару органдары бекітіліп берілді, кәсіпорындардың басшыларына жауапкершіліктері ескертілді.  Осыған байланысты, 2018 жылдың қорытындысы бойынша шығындарды 2 есеге және шығынмен жұмыс істейтін кәсіпорындар санын 2 есеге кемітуді болжап отырмыз.

Бүгінде, Мемлекет Басшысының тапсырмаларынан туындайтын міндеттердің бірі –  бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік қатысу үлесі бар мемлекеттік ұйымдар санын азайту, шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту болып табылады.

2016 жылы елімізде экономикадағы мемлекеттің үлесін қысқарту немесе жеке бизнес қызметінде жұмыс істей алатын мемлекеттің қатысуындағы ұйымдар бәсекелес ортаға беру мақсатындағы кеңауқымды жекешелендіру жұмыстары басталды.

2015 жылдың желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары және  бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын ұйымдардың, оның ішінде денсаулық сақтау объектілерінің тізбесі бекітілді.

Жамбыл облысы бойынша денсулық сақтау саласының 7 (жеті) объектісі бәсекелес ортаға немесе кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

Аталған, объектілерде қызмет түрлерінің сақталуы, өндірісті дамытуға инвестицияларды салу бойынша міндеттемелердің орындалысы, құрал-жабдықтардың жаңаруы, ұйымның қаржы-шаруашылық қызмерінің жақсаруы, сондай-ақ  экологиялық және әлеуметтік жағдайлары міндетті түрдегі сатылым шарттары болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Жекешелендіру туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі объектілерді сату-сатып алу шарттары, кейіннен уәкілетті органның бақылауына жатады, ол жекешелендіруден кейінгі бақылау деп айтылады.

Қызметінің нәтижесі аймақтың экономикасының дамуына әсерін тигізетін, әр жекешелендірілген объекті өз рыногының субъектісі болатыны ескере отырып, жекешелендіруден кейінгі бақылау жөніндегі комиссия құрылып, оның құрамына жергілікті атқарушы органдарының, әділет департаментінің, Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізілген.

Сенімгерлік басқаруға берілген денсаулық сақтау ұйымдарының жетеуінің бесеуі берілетін сәтте шығынмен жұмыс істеген ұйымдар болатын, бүгінде олар пайдаға шығып отыр. Бір жылдың ішінде ғана, сенімгерлік басқарушылармен жалпы сомасы 400,0 млн. теңгеге жуық инвестициялар құйылды.

Жекешелендірудің тиімділігі көрініп тұр.

Жамбыл облысы бойынша, соңғы үш жылда бәсекелестік ортаға 37 ұйым берілді, оның ішінде 13 үйым сенімгерлік басқаруға берілген. Жалпы сомасы 2,0 млрд.теңгеге жуық соманы құрайтын 16 объектілер сатылып, 6 ұйым жойылды.

Бүгінгі күнге, жекешелендіруге жататын объектілердің тізбесінен 2 объекті сатылмай отыр, ол «Темір жол жылу» КМК-ы және «Айша бибі» санаторийі. «Айша бибі» санаторийі бойынша кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер ағымдағы жылдың 20 қарашасына белгіленген.Тендердің шарттары мен талаптары және басқа да ақпараттарды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталынан, сондай-ақ «е-Үкімет», облыс әкімдігінің және қаржы басқармасының сайттарынан білуге болады.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

12.05.2025
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты