Жамбыл облысында «Көрікті мекен» танымдық сапар өтті. Шараға қатысушылар Қақпатас су қоймасы, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы, Тасөткел су қоймасы, Аса су торабы, Меркі су торабы, Талас су торабы жұмыстарын көріп, жауапты мамандармен пікірлесіп, біршама ақпараттарға қанықты.
Мәселен, Қақпатас су қоймасы Қақпатас өзенінен жиналады екен. Қойма 1988 жыл пайдалануға берілген. Су өткізу мүмкіндігі: 3,64 м³/сек. Су жинау көлемі: 10,5 млн м³. Суғаруға бектілген жер көлемі: 0,67 мың га.
Көп жыл пайдаланғаннан және толқындылық пен желдің әсер етуінен 2010 жылы бөгет беткейіндегі қапталған тастар 2-3 метр төменге сырғуы пайда болыпты. Сол жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 74 млн теңге бөлініп толығымен игерілді.
5 м3/сек суды шығындайтын Қақпатас магистралдық каналының құрылысы және басты су торабын қайта жаңғырту Қордай ауданының қолда бар 13 мың. га суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуді арттырады және трансшекаралық Шу өзені бойынша егінсумен қамтамасыз етуде шекаралас Қырғыз мемлекетінен тәуелділікті азайтады.
8 км жаңа бетонды каналдың құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталып, 2017 жылдың желтоқсан айында толығымен аяқталған. Каналдың құрылысынан кейін су ысырабын 63 пайыздан 15 пайызға дейін айзайған. Бұл өз кезегінде ағын суға деген сұрнысты толығымен қамтамасыз етуге үлсеін қосады. Құны 444 млн тг.
Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы Теріс өзені толтырып, Аса су торабына қажеттілігіне қарай су жіберіліп тұрады. Пайдалануға берілген уақыты: 1963 жыл. Су қойманы пайдалану мақсаты: суғару, өндіріс және экологиялық мақсатта су беру. Су өткізу мүмкіндігі: 36 м³/сек. Су жинау көлемі: 158,6 млн м³. Суғаруға бекітілген жер көлемі: 21,039 мың га
2004 жылы 1-кезекті «Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының бөгетін сейсмикалық күшейту» жұмысы басталып, 2006 жылы аяқталды. Жаңғырту жұмыстарынан кейін қоймаға су жинау көлеимі 130,0 млн м³ жеткізілді, дегенімен жасалған жұмыстар барлық қиындықтарды шешкен жоқ. Бурно-Октябрь сорғы станциясын, гидробекетті, су жіберу мұнарасын қайта жөндеу үшін 2-кезекті жұмыс жобасы жасалынып 2010-2012 жылдары бөлінген 973,48 млн тг толығымен игеріліп, қоймаға су жинау мүмкіндігі 145,0 млн м³ жеткізілді.
Су – тіршілік көзі. Қырғыз елінен тәуелді екендігіміз бәріне мәлім. Бірақ көктемгі уақытта су көп жіберілген кезде егістік жерлерімізге жететіндей суды жинап қалатындай мүмкіндікте болуымыз қажет. Сондықтан да су қоймаларын көбейтіп. Арналар мен каналдарды тазартылып тұрады. Келесі сапар Қызылорда облысына болмақ.
TURANINFO.KZ