• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Электроэнергетика: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер

11.09.2018
0
Электроэнергетика: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер
949
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиевтің «Электроэнергетика: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Брифинг барысында Ұлттық электр желілік компанияның басшысы әлемдегі түрлі елдердің электр энергетикасы жүйелерінің инновациалық дамуының негізгі бағыты әлемдік электр энергетикасын дамытудың жаңа тұжырымдамасы – зияткерлік энергия жүйесі Smart Grid тұжырымдамасы екендігін атап өтті. Бұл электр энергетикасы саласына барлық қатысушылардың тәртібін басқару қабілетін пайымдайды: өндіру, жеткізу, тарату, өткізу, тұтыну және жүйелік операциялар.
«KEGOC» АҚ басқаратын Ұлттық электр торабына тоқталатын болсақ, қазіргі таңда цифрлы технологияларды ендіру деңгейі өте жоғары екенін айтуға болады. Ұлттық электр торабы әлемнің жетекші энергия жүйелері деңгейінде технологиялық жабдықталған», — деп атап өтті Бақытжан Қажиев.
Компания Ұлттық электр торабында зияткерлік энергия жүйесінің элементтерін ендірді. Атап айтқанда, бұл цифрлы релелік қорғау және автоматика құрылығылары, диспетчерлік бақылау және деректерді жинау жүйесі (SCADA), электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭЕАЖ), 500 кВ басқарылатын шунттаушы реакторлар, фазабұру құрылғылары, талшықты-оптикалық байланыс арналары.
Цифрлы технологияларды ендіру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыра отырып, «KEGOC» АҚ «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген «Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасын іске асыруға кірісті. Бұл жоба үш компоненттен тұрады:
1. Синхрофазорлық технологиялар негізінде басқару жүйесі (WAMS/WACS). Бұл жүйе нақты уақыт режимінде желілерді басқарудың жаңа алгоритмдерін ендіру және бақылау деңгейін арттыру есебінен қолданыстағы желі арқылы электр энергиясын жеткізуді арттыруға мүмкіндік береді.
2. Жиілік пен қуатты реттеу автоматикасы (ЖҚРА) – отандық электр станциялары қуатын аса тиімді пайдалануды және Ресей энергия жүйесінен электр энергиясын сатып алу көлемін азайтуды қамтамасыз етеді.
3. Аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесі (ААОЖ) – технологиялық бұзылыстар болған жағдайда тұтынушылардың ажыратылу көлемін азайтуды қамтамасыз етеді.
Басқарма төрағасы зияткерлік энергия жүйесі артықшылықтарының айқындығын да түсіндіріп өтті.
«Электр энергетикалық секторға барлық қатысушылар өте тиімді энергия жүйесінің игілігін пайдалану мүмкіндігін алады. Мемлекет экономиканы дамытуға жағдай жасайтын сенімді электр энергетикалық инфрақұрылымға ие болады. Электр желілік компаниялар желінің өткізу қабілетін өте тиімді пайдалануға мүмкіндік алады, ал электр станциялары қолда бар өндірілген қуатты барынша тиімді пайдаланатын болады. Тұтынушы зияткерлік санауыштардың, шатырлардағы күн панельдерін, аккумуляторлар мен электромобильдерді қолдану есебінен тұтынушыларда өз шығыстарын оңтайландыруға, сонымен қатар артық электр энергиясын сатудан қосымша кірістер алуға мүмкіндігі болады», — деді Бақытжан Қажиев.
Зияткерлік энергия жүйесінің маңызды бөлігі бола алатын тағы бір технология бұл тұрақты тоқты жеткізу болып табылады. «KEGOC» АҚ қазіргі таңда Солтүстік-Оңтүстік тұрақты ток желісін салу мүмкіндігін қарастыруда, бұл дәстүрлі желілермен салыстырғанда тұрақты тоқ желісі қуатты 4-5 есеге артық жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар айтарлықтай қашықтықта электр энергиясының жеткізілуін басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге барлық посткеңестік кеңістіктегі алғашқы ұқсас жоба болып табылады.
Бұдан бөлек, Қазақстанда ЖЭК-ті қолдау механизмдері сәтті ендірілген, бұл құрылтайшысы «KEGOC» АҚ болып табылатын қаржы-есеп айырысу орталығы (ҚЕО) арқылы ЖЭК электр энергиясын кепілдікті сатып алуға негізделген. Қазақстан бойынша жұмыс істеп тұрған ЖЭК электр станцияларының белгіленген қуатының жиынтық көлемі 428 МВт-ты құрайды.
Ұлттық компания басшысы өзінің баяндамасын аяқтай келе, Қазақстанның энергия жүйесінде жаңа технологияларды толығымен және жүйелі ендіру оның жұмыс істеу сенімділігін арттырып қана қоймай, сонымен бірге халықтың тіршілік ету сапасын, енгізілген технологиялардан пайда алу және жаңа талаптарға сай болу мүмкіндігін арттыратынын атап өтті.

Тегтер: жаңа технологияКЕГОККОНФЕРЕНЦИЯҚазақстан жаңалықтарыэлектроэнергетика
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

21.05.2025
Абай жастары жарады

Абай жастары жарады

21.05.2025
Мерекелерге орай елімізде қосымша әуе рейстері іске қосылады

Қазақстандықтар Еуропадағы бір елге тікелей ұша алады

21.05.2025
Құрбан айтқа орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Құрбан айтқа орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

21.05.2025
Бектенов орынбасарынан есеп алды

Бектенов орынбасарынан есеп алды

21.05.2025
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты