Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Ролланұлы Өмірзақов және департаментке қарасты Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Сағадат Әбдезқызы Палванова, Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы Бақытжан Ауылканұлы Бегенов қатысты.
Ерлан Ролланұлының айтуынша Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша бекітілген мемлекеттік бюджеттің жоспары 112,6 пайызды құрады, немесе болжам 37,2 млрд. теңге болса, нақты түскені 41,9 млрд. теңге, яғни 4,7 млрд. теңгеге жоспардан артық түскен. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 112,7 пайызды құрады немесе 4,7 млрд. теңгеге артты.
Республикалық бюджетің болжамының орындалуы 103,7 пайызды немесе 0,5 млн. теңгеге көп(жоспар – 13,4 млрд. теңге, нақты – 13,9 млрд. теңге). Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 98,0 пайыз немесе0,3 млн. теңгеге кем түсті.
Оның ішінде:
*салық түсімдері — 112,7 пайыз немесе 1,2млн. теңгеге артық (жоспар – 9,4 млрд. теңге, нақты – 10,6 млрд. теңге).Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 98,6 пайыз немесе 0,2 млн. теңгеге кем.
*кеден тұсімдері — 81,9 пайыз немесе0,7млн. теңгеге кем (жоспар – 3,9 млрд. теңге, нақты – 3,2 млрд. теңге).Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 96,1 пайыз немесе 0,1 млн. теңгеге кем деді.
Жоспар барлық МКД-ң аумақтық аудандардың басқармалары бойынша 100,0 пайыздан аса орындалып отыр.
Жергілікті бюджеттің болжамының орындалуы 117,7 пайызды құрады немесе 4,2 млрд.теңгеге жоспардан артық түсті (жоспар – 23,8 млрд.теңге, нақты түскені – 28,0 млрд.теңге).
Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 121,7 пайызды құрады немесе 5,0 млрд. теңгеге артты.
Оның ішінде:
Облыстық бюджет – 119,2 пайызды құрады немесе 1,9 млн.теңгеге жоспардан артық түсті (жоспар – 10,0 млрд.теңге, нақты түскені – 11,9 млрд.теңге). Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 111,0 пайызды құрады немесе 1,2 млрд. теңгеге артты.
Аудандық бюджет – 116,6 пайызды құрады немесе 2,3 млрд.теңгеге жоспардан артық түсті (жоспар – 13,8 млрд.теңге, нақты түскені – 16,1 млрд.теңге). Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 131,1 пайызды құрады немесе 3,8 млрд. теңгеге артты.
Жергілікті бюджеттің жоспары барлық МКД-ң аумақтық аудандардың басқармалары бойынша 100,0 пайыздан аса орындалып отыр.
Түсімдердің негізінен мүлік салығының – 34,5 пайызға, жеке тұлға көлік салығының – 41,6 пайызға, Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы – 27,1 пайызға, бензин мен жанар май акцизі – 68,4 пайызға ұлғайуы өсу қарқынының өсуіне қол жеткізді.
Жамбыл облысы бойынша жергілікті бюджеттің салықтық және салықтық емес төлемдерінің өсу қарқыны 115,3 пайызды құрады, яғни 2017 жылдың (102,5%) Жамбыл облысы Әкімінің меморандумының көрсеткіштері орындалып отыр.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерінің өсу жетістіктері негегзінен салық пен төлемдердің бюджетке толық және уақтылы қамтамасыз етілуімен және салықтық әкімшіліктендірудің жақсаруымен байланысты болып отыр, яғни салық есептілігіне камералдық бақылау жүргізудің, уәкілетті органдардың мәліметтерімен, тақырыптық және құжаттамалық тексерістердің, берешектердің қысқарылуымен, мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық жолдары, бюджетке залал келтіргендердің орнын толтыру жұмыстарының және тағы да басқа іс-шаралардың нәтижесінде жүзеге асырылды.
Кеден блогының құрылымдарының
сыртқы экономикалық қызметі бойынша
негізгі көрсеткіштері
Сыртқы сауда айналымы
Департаменттің Сыртқы сауда айналымы 2018 жылғы 6 айда 549 млн. 372 мың АҚШ долларын, жалпы салмағы 1 млн. 037 мың 816 тоннаны құрады.
2018 жылғы 6 айдағы экспорт 392 млн. 328 мың АҚШ долларын, сауда айналымының жалпы көлемінің 71%, жалпы салмағы 812 мың 171 тоннаны құрады.
2018 жылғы 6 айдағы импорт 157 млн. 044 мың АҚШ долларын, сауда айналымының жалпы көлемінің 29%, жалпы салмағы 225 мың 645 тоннаны құрады.
Кедендік декларациялау
2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 2 301декларация ресімделді.
Олардың ішінде:
Көлікқұралынаарналғанкедендік декларация (КҚКД) – 19;
Жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД) – 28;
Импорттық тауарларға арналған декларация (ИМ-40) – 842;
Транзиттік декларация – 51;
Экспорттықтауарларғаарналған декларация (ЭК-10) – 1 231;
Өзге процедуралар бойынша декларациялар – 130.
Алдын ала декларациялаубойынша91 ТД ресімделді (842 ДТ ішінен) немесе10,8%.
«АСТАНА-1» АЖ бойынша
2018 жылдың 01 сәуірінен бастап «АСТАНА-1» АЖ барлық кедендік процедуралар ресімделеді, осылайша 2018 жылдың ІІ тоқсанында «АСТАНА-1» АЖ — 1078 ТД ресімделді.
Олардың ішіндегі рәсімдері бойынша: ИМ-40 – 473 ТД, ЭК-10 – 531 ТД, өзге процедуралар – 74 ТД (дәліздер бойынша: жасыл – 815 ТД, сары – 197 ТД, көк – 19 ТД, қызыл – 47 ТД).
Кедендік (рәсімдеу) тазалау уақыты
«Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығының (әрі қарай — Бұйрық) талаптарын орындау мақсатында, тауарларды кедендік тазартудан өткізетін құрылымдық бөлімшелермен ұсынылатын ақпараттарға сәйкес, Кедендік бақылау басқармасымен уақыт индикаторының орындалуына қатысты «АСТАНА-1» АЖ сары дәлізбен ресімделген ТД әрдайым мониторинг жүргізіліп тұрады.
2018 жылдың ІІ тосанында «АСТАНА-1» АЖ сары дәлізбен ресімделген тауарларды кедендік тазартудан өткізудің орташа уақыты мынаны құрады: импорт кезінде – 3 сағат 40 мин, экспорт кезінде – 29 мин.
Тауарларды кедендік тазартудан өткізудің орташа уақыты 2017 жылдың ұқсас уақытында мынаны құрады: импорт кезінде – 3 сағат 22 мин, экспорт кезінде – 27 мин.
Кедендік құнға түзерту енгізуді ресімдеу
Департаментпен 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында пост-кедендік бақылаудың нәтижесі бойынша ресімделгендерді қоспағанда, 105 КҚТ енгізулер ИМ-40 рәсімі бойынша ресімделіп, алдыңғы жылдың есепті көрсеткішімен салыстырғанда 123 % немесе 58 КҚТ артық (2017 жылы 47 КҚТ).
Қосымша өндірілген кедендік баждар мен салықтар соммасы 49 млн. 436 мың теңге, өткен жылдың есепті көрсеткішімен салыстырғанда 40% немесе 19 млн. 452 мың теңгеге артық (2017 жылы – 29 894 мың теңге). Бір КҚТ орта есептегі КТмС соммасы 470 мың теңгені құрайды (2017 жылы — 636 мың теңге).
Кеден блогының келесі басты көрсеткіші тауарлардың кедендік құнының индексі болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша МКД-де 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында еркін айналым режімінде ресімделіп шығарылған барлық тауар топтары бойынша жалпы КҚИ 1 кг 0,42 АҚШ долларын құрайды, алдыңғы жылдың есепті мерзімінде 1 кг 0,98 АҚШ долларын құраған.
Кедендік тексеріп қараулардың тиімділігі
2018 жылдың 6 айында 43 кедендік тексеріп қараулар жүргізілді. Тексеріп қараулардың нәтижесінде 7 факт құқық бұзушылық анықталды.
Тексеріп қараудың тиімділігі – 16,3% құрады.
Экономикалық тергеу қызметінің жедел-тергеу
бөлімшелерінің негізгі көрсеткіштері
2018 жылдың 6 айы ішінде Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің тергеу-жедел бөлімшелері 17 қылмыстық әрекетке қатысты 74 қылмыстық істі сотқа дейінгі тексеруді бастады.
Есепті кезеңде экономикалық қылмыстар мынадай түрлерде тіркелді:
• сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иелену немесе ұрлау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы) — 22;
• алаяқтық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы) — 14;
• мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабы) — 4;
• авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабы) — 2;
• заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы) — 2;
• нақты орындамалған жұмыстарға шот-фактураның орындау актілерін қабылдау, қызмет көрсету, тауарларды тиеп-жөнелтудi (Қылмыстық кодекстің 216-бабында.) — 9;
• тауар белгісін заңсыз пайдалану (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 222-бабы) — 1;
• жалған ақшаны немесе жалған бағалы қағаздарды өндіру, сақтау, тасымалдау немесе сату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабы) — 2;
• акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркалары, акциздік жалған және пайдалану және (немесе) есепке алу-бақылау маркалары (Қылмыстық кодекстің 233-бабы), акцизделетін тауарларды таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу — 1;
• Экономикалық контрабанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы) — 1;
• мекемелер салық басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару (Қылмыстық кодексінің 245-бап.) — 4;
• шектеулі айналымы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бап.) және айналымнан алынған заттарын контрабанда — 1;
• есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты басқа да қылмыстар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296, 297-баптары) — 1;
• заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы) — 3;
Сондай-ақ 5 факті бойыншажалған пошта маркалары, жалған құжаттар, мөртаңбаларды, мөрлердi, нысандарын, сату, мемлекеттік наградалар (Art Қылмыстық кодексінің. 385 бабы)алдына ала тергеу басталды. Сонымен қатар сенім алдау немесе қиянат жасау жолымен мүлікті зиян тудыратын (ҚРҚылмыстық кодекстің 195 бабы)1 факталдына ала тергеу басталды. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны туралы (241-бап) 1 факті бойынша алдына ала тергеу басталды.
2018 жылдың 6 айы ішінде аяқталған қылмыстық істер бойынша құқық бұзушылықтар келтірілген зиянның белгіленген мөлшері 1 697 млн.теңге құрайды, оның ішінде:
— сотқа жіберілген істер бойынша — 678,6 млн. теңге;
— қалпына келтірілмеген жерлерде тоқтатылған істер бойынша — 1,018,3 млн. теңге; Алдын-ала тергеу барысында 979,9 млн.теңге сомасындағы шығындар өтелді.
Соның ішінде:
Сотқа жіберілген істер бойынша — 134,7 млн. теңге;
қалпына келтірілмеген жерлерге жұмыстан шығарылған қылмыстық істер бойынша — 845,2 млн. теңге;
Мүлікке тыйым салуды ескерместен зиянды өтеу 57,7% құрайды;
Есепті кезеңде 397 млн. теңгенің мүлігіне тиым салынды, — деп спикер өз сөзін аяқтады.