• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау бизнес» жобасын жүзеге асыруда

18.07.2018
0
Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау бизнес» жобасын жүзеге асыруда
473
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бекітілген кестеге сәйкес үстіміздегі жылдың 17 шілдесінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Шәкербек Мәріпбек Шәкербекұлы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажмағамбетова Мая Тұрарқызы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Түкпетова Диана Зәкірқызының қатысуымен брифинг өткізілді.
Мәріпбек Шәкербекұлының айтуынша, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылға жалпы көлемі 12.9 млрд.тенге қаражат бөлінген, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 5,3 млрд.тенге, жергілікті бюджеттен – 7,6 млрд. тенге бөлініп, 16 482 адамды бағдарламамен қамту жоспарланған.
Бағдарламаның 1 бағыты аясында 2018 жылы жергілікті бюджеттен қысқа мерзімдік курстарда 4 100 адамды оқыту үшін 1259,8 млн.теңге бөлінді.
2018 жылдың 1-ші шілдесіне дейінгі мәлімет бойынша Жамбыл облысында қысқа мерзімдік курстар (1 айдан 6 айға дейін) 41 оқыту орындарында (колледждер, оқыту орталықтары) 2 890 адам 65 мамандық бойынша оқуда. Олар: тігіншілер, автокөліктер жөндеу шебері, бухгалтер, кондитер маманы, массажист, сұлулық үйлерінің мамандары, компьютер техникаларын жөндеу мамандары, автокөліктік электроқұрылғыларды жөндеу шебері және т.б.).
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысы кәсіпорындарына жүргізілген сауалнама нәтижесінде 72%-ында штаттағы қызметкерлердің саны өзгеріссіз қалмақ, 26 пайызында өсім күтілуде және 2,1%-ы қызметкерлердің санын қысқарту жоспарда бар.
Бағдарламаның 2-ші бағыты шеңберінде облыстық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау бизнес» жобасын жүзеге асыруда.
Оқытудың қатысушылары – кәсіпкерлік әлеуеті бар, ауылдық елдімекендерде және аудан орталықтарында тұратын жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.
2017 жылы жоба аясында Жамбыл облысында оқыту 6 ауданды ғана қамтып, 1 125 адам оқытылды. Олардың 832-і қатысушысы бизнес-жобаларын қорғап, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, Шағын несие ұйымдары, Агро несиелік корпорация мекемелеріне қаржыландырылу үшін ұсынылды. 296 адам несие алып, өз кәсіптерін ашты (жоспар бойынша – 225 адам)
2018 жылы жоба өңірдің барлық аудандарында өтіп жатыр. Жоспар бойынша 2 347 адам оқытудан өтуі тиіс, кемінде 469 тыңдаушы өз кәсібін ашады деген жоспар қойылған.
Оқыту 2018 жылы 16 сәуірде басталды.
2018 жылдың алғашқы 6 айында 1 059 адам оқытылып, олардың 1 014-і комиссия алдын өз жобаларын қорғап, оқытуды аяқтағаны туралы сертификаттар алды. Бизнес-жобалардың негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы (89%), қалған 11 пайызы –өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және сауда-саттық саласына тиесілі.
Жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін шағын несиелеу көлемін ұлғайтылды.
Кепілдендіру және қарыздарды субсидиялау, кепілдіксіз несие беру тәжірибесі, сондай-ақ, микроқаржы берілген жобаларды сүйемелдеу жүйелері дами бастады.
Шағын несиелер қалаларда «Даму» қолдау қоры» АҚ арқылы, ауылды жерлерде – «Агронесиелік корпорация» АҚ арқылы бөлінеді.
Жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықтың кепілдікке қатысты мәселелерін шешу мақсатында шағын несиелерге кепілдік қарастырылған. Бастауыш кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері шағын несие құнынан 85 пайызға дейін құрайды, ал жұмыс ісейтін кәсіпкерлер үшін — 50%-ға дейін.
Мемлекеттен кепілгер ретінде қалаларда «Даму» қолдау қоры» АҚ, ал ауылды жерлерде – «Қазагрогарант» АҚ қатысатындығын айтты спикер.

Тегтер: Бастау бизнес

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты