1941-1945 жылдары ауылдың ер азаматтарының көбісі соғысқа аттанды. Ерлер¬мен қоса орта дәрігерлік білімі бар медбикелер мен телегра¬фист қыздар да әскерге алын¬ды. Ауылда еңбектеген бала мен еңкейген шал ғана қалғандықтан, жұмыстың ауыр бөлігі қыз-келіншектерге жүктелді. Осы кез¬де әйелдер арасынан бірінші болып Жәбира Жүсіпова паровоз машинисі болды.
Ол 1940 жылы небәрі 18 жаста ғана еді. Теміржолшылар даярлайтын курсты тәмамдап, Қырғызстандағы Бішкек паровоз депосына жіберілген болатын. Соғыс ауыртпалығы Жәбираның сағын сындырған жоқ. Қайта ол шыңдалды, қанатын қатайтты. Сөйте жүре табанды еңбегінің арқасында елдің құрметіне бөленді. Мақтау мен марапатқа ілігіп, әйел машинистердің арасында тұңғыш рет Ленин орденін кеудесіне тақты. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Қазақстан Компартиясының ХІІІ-съезіне делегат болып қатысты. Ешқандай қиындыққа мойымаған Жәбира апай ел құрметіне бөленіп, оның ерен еңбегі еленді. Қазіргі таңда Луговой ауылындағы бұрынғы Деповская көшесі Жәбира Жүсіпованың атымен аталады.
Жәбира қазақ әйелдерінің атын шығарған, елінің мәртебесін биіктеткен нәзік жандылардың бірі.Оның ерлікке толы істері келешек ұрпаққа үлгі болып қалыптасуы тиіс. Жұмыстың ауыртпалығына қарамастан қиын жұмысты еңсерген Жәбираның есімі әлі талай ұлықталады деген ойдамыз.