• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ТҰРАР ЖҮРІП ӨТКЕН ЖЕР

09.07.2018
0
ТҰРАР ЖҮРІП ӨТКЕН ЖЕР
659
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тарих беттерін парақтауды бұрыннан ұнатамын. «Өткенді білу – бүгінгі жас ұрпақтың басты парызы» деп есептейтіндердің қатарынан табылатын жандардың бірімін. Қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың есімі берілген ауданның құрылғанына биыл 80 жыл толып отыр. Алайда, бүгінгі жас буын туған өлкеміздің аудан болып қалыптасуына Луговой ауылының қосқан үлесі зор екендігін біле бермейді. Ендеше, 1927 жылдары іргесі қаланған Түрксіб темір жолының маңында орналасқан Луговой ауылы жайында сөз қозғайық.
Тұрар есімін естігенде адалдық пен шыншылдықты ту етіп, халқының қамын жеген асыл перзентті көз алдымызға елестетеміз. Өз мүддесінен гөрі, қарапайым жұрттың мүддесін биік қойған қоғам қайраткерінің еліміз үшін жасаған жақсылықтары ұшан-теңіз. Киелі Құлан жерінде асыл азаматтың ізі қалғандығына біз қуаныштымыз. Себебі, мемлекеттік маңызға ие Түркістан-Сібір темір жолын Тұрардай қыран ұлдың келешек ұрпаққа қалдырған кәдесі дерсің шіркін! Бұл тарихтан өшпейтін, білімдінің санасынан кетпейтін дерек ретінде қалары анық.
Табиғаты әсем Луговой елді-мекені Тұрар Рысқұлов есімімен тығыз байланысты. Себебі, Түркістан-Сібір темір жолы осы жерден бастау алып, Тұрардың пәрменімен құрылысы қолға алынған болатын. Тарих беттеріне үңілсек, 1926 жылдың 25 қарашасында Орталық Комитет Жетісу темір жол құрылысын салуды қолға алады. Ал, сол жылдың 3 желтоқсанында РСФСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан – Сібір темір жолын жасақтау туралы қаулы қабылдайды. Темір жол құрылысы екі бағытта жүргізіліп, оның бірі Семей қаласынан 1927 жылдың 15 шілдесінде басталса, екінші бағыты Луговой станциясынан бастау алған болатын. Осы аталмыш құрылысқа басшы ретінде Тұрар Рысқұлов тағайындалып, 1927 жылдың 2 қарашасында болат жолдың бойына алғашқы рельс төселеді. Бірнеше күннен соң, дәлірек айтқанда 21 қараша күні құрылыстың басталуына байланысты көп адам қатысқан үлкен митингі болып өтіп, оны Т.Рысқұлов өзі ашып, сөз сөйледі. Әрбір айтқан сөзі құрылысшылардың жүрегіне жылы тиіп, темір жол құрылысы еліміз үшін аса маңызды екендігін жеткізген Тұрар құрылысшыларды рухтандырып, еріктілер қатарын тағы да көбейтеді. Осы үлкен жиында Тұрар Рысқұловтан соң, Қазақстан мен Орта Азиядан келген делегаттар да сөз алып, олар темір жолды салу мемлекет үшін маңызды, әрі экономикалық дағдарыстан шығу үшін жасалған батыл қадам екендігін тілге тиек етеді.
Салтанатты жиыннан соң халықтың еңбекке деген ерекше ықыласы оянып, ел ауыр жұмысқа баруға тілек білдіре бастайды. Жұрттың алды болып тізімге Мұстафа Қайыпұлы, Ырысты Шорманов, Қоңқаш Қиялбеков, Дүйсенбай Тоқтыбаев, Сары Ахметов, Қасымбай Нұрақаев, Әлімқұл Итбаев, Базылбек Байқазақов және басқа да жүздеген азаматтар жазылды. Сонымен құрылыс жұмыстары жанданып, кей күндері 5-6 шақырым жерге дейін рельс төселіп, жақсы ұйымдасқан тірліктің және жұмысшылардың ерік-жігерінің нәтижесінде жыл аяғына дейін 190 шақырым жерге рельс төселініп бітеді.Осындай жұмыстың қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде рельс төсеу рәсімі мерзімінен бір жыл бұрын аяқталып, 1930 жылы Айнабұлақ станциясында түйіседі.
Тұрардай ұлы адамның ізі қалған Луговой ауылы қазір үлкен ауыл-аймаққа айналды. Осы құрылысқа қатынасқан А.Паповтың «Гудок» газетіне берген мақаласындағы бұрынғы жапан дала, бүгінде адам танымастай өзгерген. Тіршіліктің көзі қайнаған ауылда қазір барлық жағдай жасалған.Кезінде Тұрар жүріп өткен жер күннен-күнге көркейіп, қоғам қайраткері аңсаған Тәуелсіздік пен Бостандық бүгінде осы ауылдан көрініс тапқандай. Жері бай, дархан елі бар луговойлықтар Тұрар Рысқұловтың жасаған жақсылығын естен бір сәт болса да шығармайтындығы анық. Тоғыз жолдың торабында орналасқан темір жол бекетіндегі Тұрар Рысқұловтың ескерткіші жоғарыда айтылған сөзіміздің айқын дәлелі.

Тегтер: Луговой ауылыТ.Рысқұлов ауданыТұрар жүріп өткен жерТұрар Рысқұлов есімі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты