№1 «Тараз» колледжінде «Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің» әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы бойынша «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адам саудасына байланысты қылмыстың алдын – алу мен оған қарсы күреске бағытталған іс – шараларды ұйымдастыру» жобасына сәйкес «Адам саудасының құрбаны болма!» тақырыбында кездесу өтті.
Жалпы адам саудасы – үнемі дамып отыратын, бір өкініштісі экономикалық жаһандандырумен және еңбекке жұмылдырумен, технологиялық жетістіктермен, кедейлікпен, экономикалық және саяси өзгерістермен, мәдени өзара қатынаспен және әлеуметтік мәртебемен қатарласып өзгеріп те, өсіп те келе жатқан жағымсыз құбылыс.Елде адам саудасы үшін жаза қолданатын заңдар болғанымен мұндай қылмыстарды аяғына дейін дәлелдеу қиынға соғады, оның үстіне көп әйелдер сотта куәгер болудан бас тартып жатады. Яғни әйелдерді қанап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп жүрген адам шындап келгенде ештеңеден сескенбейді.
Жиынды жүргізген «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Абзал Есіркепов «Адам саудасының деңгейін азайту үшін Қылмыстық кодекске адамдарды жезөкшелікке немесе сексуалдық қызметтің басқа да түрлерін көрсетуге тартатын коммерциялық ұйымдарды құруды криминализациялаумен байланысты жаңа баптарды енгізе отырып әрекеттегі қылмыстық заңнаманы түзету қажет. Бұл іс жүзінде криминалдық мақсатта қолданылатын массаж жасау кабинеттері, сауналар, түнгі клубтар мен мейрамханалар секілді көптеген мекемелерге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталар еді» деген тұжырымды ой қозғады. Сондай-ақ қыздарға қыздардың яғни жастардың ара қатынасы бойынша және заң алдындағы жауапкершілігі мен «Бүгінгі ұрпақ кемел болашақ» екенін толықтай түсіндірген «Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Тараз ресурстық орталығының» директорының орынбасары Исатай Ғабиден Сандыбекұлы нақты мәліметтер көрсетті.
Кездесу соңы дискуссия ұласып, сұрақтар қойылып сұрақтарына толықтай жауап алды. Жастар өз алғыстарын айттып және де осындай іс-шаралары жиі өтіп тұрса деген ниет білдірді.