«Радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, халықтың діни сауаттылық деңгейін арттыру, жас ұрпақ арасында дәстүрлі рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыру барысында Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде «Тұрақтылық. Білім. Келісім» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға облыстық Дін істері басқармасының «Оңалту орталығы» КММ-нің инспекторы Бақдәулет Тілеухан, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты»жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрлыхан Камал қатысты. Жиында Бақдәулет Тілеухан тәуелсіздігімізді алғаннан кейін асыл дінімізге қол жеткізіп,рухани болмысымызды байытып,туралыққа жол салып жатқанда,шырмауықтай шырмалып жат ағымдарда ел аумағына еніп, кеңінен жайылып кеткенін айтып, қазіргі кезде біздің қоғамда асыл дінімізді, исламды, жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналып отырғанын сөз етті.
Кездесуде жастар арасында дінге қатысты маңызды мәселелер айтылып,дәстүрлі діндер бойынша нақты ақпарат берілді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының имамдарының ғана уағыздарын тыңдауға,оқуға кеңес беріліп, Қазақстан республикасы аумағында рұқсат етілген және рұқсат етілмеген діни сайттар айтылды. Дәстүрлі діни құндылықтар тақырыбын ашып түсіндіріп,дәстүрлі наным-сенімдердің шығу тарихы айтылды. Радикалды діни ағымдардың қоғамға әкелер зардаптары, терроризмсіз, зорлық-зомбылықсыз бейбіт әлем туралы, тәуелсіз Қазақстанның бейбіт болашағы біз үшін және келер ұрпаққа қаншалықты маңызды екендігі түсіндірілді. Жастар кездесуге белсенді қатысып отырды және де жастар тарапынан сұрақтар қойылды.