• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

7-20-25 Бағдарламасын жүзеге асыру

25.04.2019
0
7-20-25 Бағдарламасын жүзеге асыру
980
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2018 жылғы наурызда ҚР Тұңғыш Президенті Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 5 әлеуметтік бастаманы ұсынған болатын.
«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітті, арнайы «Баспана» ипотекалық ұйымы – компаниясы құрылды.
Естеріңізге сала кетейін, 7-20-25 бағдарламасы халыққа 7% тарихи төмен мөлшерлеме бойынша, кредиттелетін тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімімен ипотекалық кредит алудың теңдессіз шарттарын ұсынады.
Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және де ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бағдарламаның қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуы қажет.
Бағдарлама халықтың бастапқы тұрғын үй алуына есептелген. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлер үшін (оның ішінде Жамбыл облысы үшін) — 15 млн теңге болып белгіленді.

Жамбыл облысында бүгінгі күні 7 банктің филиалы жұмыс істейді – олар ЦентрКредит Банктің, АТФ Банктің, Халық Банкінің, Цеснабанктің, Еуразиялық Банктің, Форте Банктің және Сбербанктің филиалдары.

Нақты нәтижелерді айта келе, Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап Жамбыл облысы халқының оған деген қызығушылығы жоғары және одан әрі өсіп жатқанын айта кеткен жөн.
Осылайша 2019 жылғы 18 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының серіктес банктері 1,44 млрд. теңге сомасына 187 өтінім қабылданған. Оның ішінде 704,8 млн. теңгеге жуық шамада 88 өтінім мақұлданып, 610,2 млн. теңге сомасында 75 кредит берілді.
Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін Тараз қаласында Тараз ӘКК ғимаратының бірінші қабатында 7-20-25 бағдарламасы бойынша ақпараттық орталық ашылып, қызмет жасайды. Онда серіктес банктердің және Тараз қ. әкімдігінің тұрғын-үй инспекциясы өкілдерінен бағдарлама шеңберінде тұрғын-үй сатып алу бойынша кеңес алуға болады.

Тұрғын үйді сату механизмі туралы
1. Әлеуетті сатып алушылар Тараз қ. әкімдігінің тұрғын-үй инспекциясының (бұдан әрі – ТИ) мамандарына жүгінеді және Арай-2 мөлтек ауданындағы («Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде соғылған) немесе 15 мөлтек аудандағы («Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша соғылған) ұнаған пәтерді пәтердің орналасқан жеріне тікелей бару арқылы таңдайды.
2. Одан кейін таңдаған пәтерді ТИ мамандары брондайды және әлеуетті сатып алушыға екінші деңгейдегі банктен (бұдан әрі – ЕДБ) төлемқабілеттілігін бағалаудан өту үшін жолдама ұсынады. Жолдамамен бірге 7-20-25 бағдарламасының қатысушылары болып табылатын ЕДБ тізімі (Халық банк, БЦК, АТФ Банк, Фортебанк, Цеснабанк, Еуразиялық банк, Сбербанк) көрсетіледі. Сатып алушы қай ЕДБ жұмыс істейтінін өзі анықтайды және оның кредиттік комитетінен (немесе алдын-ала төлемқабілеттіліктен) өтеді.
ТИ-ден алған жолдаманы әлеуетті сатып алушы алған күнінен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей ЕДБ-ге ұсынады.
Әрі қарай ЕДБ ТИ жолдамасын алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде әлеуетті сатып алушыны банктің кредиттік комитетінде төлемқабілеттілігі тұрғысынан қарайды. Белгіленген уақытта қарастырмаудың объективті себептері болған жағдайда ЕДБ ТИ-ге өтінімдерін қарастыруды қосымша күнтізбелік 15 күнге созуды қажет ететін әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қоса отырып хат жолдайды.
Егер ТИ-ден жолдама алған сатып алушы ЕДБ-ге жүгінбесе және төлемқабілеттілігін бағалау рәсімінен өткенін растамаса, онда ол белгіленген пәтерге ТИ тізімінен автоматты түрде алынып тасталады, оның орнын ТИ резервтік құрамынан алынған келесі әлеуетті сатып алушы басады.
3. ЕДБ Кредиттік комитетінің оң шешімін алғаннан кейін қарыз алушы ТИ-мен пәтерді сатып алу-сату шартын (ССШ) жасайды.
4. Әрі қарай қарыз алушы ССШ, пәтердің техникалық құжатын ЕДБ-ге кепіл шартын жасау үшін ұсынады және банкке алғашқы жарнаны төлейді.
5. Одан кейін ЕДБ-ден ипотекалық заем алады.

8 (7262) 99-93-48, 45-85-82.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында көрсеткіштері жоғары

Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында көрсеткіштері жоғары

12.05.2025
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты