Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызының қатысумен баспасөз-конференциясы өтті.
Сұлушаш Сәтбекқызының айтуынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен көп балалы және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін республикалық трансферттен 5000 грант бөлінді. Оның 460-ы біздің облысқа тиесілі. 72–педагогикалық, 388-і – ақпараттық коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс, ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласына бөлініп отыр.
Облыс әкімдігі жанынан құрылған конкурстық комиссия берілетін білім беру гранттарын мамандықтар бойынша орналастыратын жоғары оқу орындарын анықтады.Жоғарыда көрсетілген санатқа жататын мектеп түлектері ЖАО өткізетін конкурсқа қатыса алады. Құжат 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Қай жоғары оқу орны қандай мамандықтар бойынша құжат қабылдайтыны 2 тамызда облыстық қоғамдық кеңестің қорытындысына сәйкес белгілі болады. Қорытындысы облыс әкімдігінің және білім басқармасының ресми сайттарында жарияланады. Құжаттарды белгіленген оқу орындары қабылдайтын болады.
Биылғы жылы жергілікті бюджеттен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы медицина саласына – 15, агрономия мамандығына – 10, аграрлық техника және технология мамандығына – 5 грант, денсаулық сақтау саласы бойынша резидентураға – 9 орын бөлініп отыр.
Грант ҰБТ сертификатының балына қарай ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы №58 қаулысына сәйкес конкурстық негізде тағайындалатын болады. (Педагогикалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы және биоресурстар, ветеринария салалары бойынша – 60 балл, денсаулық сақтау саласы бойынша – 65 балл, басқа мамандықтар бойынша – 50 балл)
Жастарға кәсіпкерлікпен айналысуға гранттар бөлінуде
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызының қатысумен баспасөз-конференциясында хабарлады. Спикердің айтуынша, Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Ү.ж. 15 мамыр – 3 шілде аралығында «Бизнес – бастау» жобасымен 437 жас кәсіпкерлік негізіне оқытылып, 50 жас 230,8 млн. теңге шағын несие алды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастардың жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 3 млн. теңгеге дейін мемлекеттік грант беруге облыстық бюджеттен 303 млн. теңге, республикалық бюджеттен 21 млн. теңге, барлығы 324 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған грант бойынша ү.ж. 1-12 шілдесі аралығында конкурс өткізіліп, аудандар мен Тараз қаласынан ұсынылған 466 жастың жобалары қаралды. Комиссия шешімімен 158 жасқа грант бөлінді.
Жастар жылына орай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде жаңа бизнес идеяларды дамытуға республикалық бюджеттен 200 АЕК мөлшерінде 329 жасқа қайтарымсыз грант ретінде 166,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі күнге дейін 88 жас 44,4 млн. теңгеге грант алды. Алдағы уақытта осы мақсатқа 800 жасқа 404 млн.теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінбек.
Осы жылдың 24 шілдесінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Жас кәсіпкер» жобасы аясында тұрақты жұмыс орны жоқ жастар үшін қысқа мерзімді 1 айлық курс басталып, 450 жас оқытылуда. Курсты бітіріп, өз ісін ашам деген жастарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы жеңілдетілген кредит немесе мемлекеттік грант алуға мүмкіндіктер бар.
Балалар тәрбиесіне мектептен бұрын, ата-ана жауапты
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызының қатысумен баспасөз-конференциясында хабарлады. Спикердің айтуынша, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, ү.ж. І жартыжылдығында кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсіп отыр.
Жыл басынан бері комиссияның 11 отырысы өткізілді. Арнайы жұмысшы топтары Тараз қаласы, Қордай, Талас, Жуалы, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 5 ауданда 125 үйді аралап, 200-ден астам кәмелетке толмағандармен кездесу өткізді. Үй-тұрмыстық жағдайлары зерделеніп, актілер толтырылды. 62 отбасының құжаттары бойынша кеңестер берілді. Байзақ, Сарысу аудандары әкімдерінің орынбасарларының, дін істері басқармасының басшысының есептері тыңдалды. Қордай, Т.Рысқұлов, Шу, Жуалы аудандарының әкімдері мен облыстық білім басқармасының басшысына орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс-хаттар жіберілді. Ұсынысқа сәйкес 36 жауапты қызметкерге тәртіптік шара қолданылып, 3 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды.
Аудандық, Тараз қалалық әкімдері жанындағы комиссияларда 56 кәмелетке толмағанға және 50 ата-анаға қатысты істер қаралып, 111 комиссия отырысында 135 қаулы қабылданды.Биылғы жылдың 6 айында полиция бөлімдеріне 6091 кәмелетке толмаған жеткізілді, 478 жайсыз отбасы (оның ішінде 823 бала) есепке алынды, 37 кәмелетке толмаған арнайы мектепке орналастырылды, 55 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды.
2065 бірлескен рейд өткізілді. Рейдтер барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін — 5420 жасөспірім, оның ішінде: спирттік ішімдіктерді ішкені үшін — 150, бұзақылық жасағаны үшін — 63, оқудан жалтарып, қаңғыбастыққа салынып, садақа сұраумен айналысқаны үшін — 215 жасөспірім, түнгі мезгілде қадағалаусыз жүргені үшін — 2941 жеткізілді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 238 жасөспірім орналастырылды.
Облыс аумағында «Мүлдем төзбеушілік» бойынша:
— Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында болуына жол беру бойынша – 78 факт тіркеліп, 54 заңды тұлғаға 1 030 795 теңгеге айыппұл салынды.,Балаларының түнгі мезгілде көңіл-көтеру орындарында болуы — 141 ата-ана тіркеліп,140 ата-анаға 643875 теңгеге айыппұл салынды., — Алкоголь өнімін сату ережелерін бұзғаны үшін — 55 дерек,Темекі және темекі өнімдерін 18 жасқа толмаған тұлғаларға сату немесе 18-ге толмаған тұлғалардың сатуы — 20, Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілдерін ертпестен тұрғын-жайдан тыс жерде болуы) — 2808 ата-анаға хаттама толтырылды.
«Тәрбие отбасынан басталады»
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызының қатысумен баспасөз-конференциясында хабарлады. Спикердің айтуынша,облыстық комиссия 18 жасқа дейінгі балалардың білім, тәрбие алуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.
Бүгінгі күні 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны 419 965 (37,3%) болса, оның 73,2% — білім беру ұйымдарында. (222 801-і (53%) 446 мектепте, 55 207 (13,1) мектепке дейінгі тәрбие беретін 545 мекемеде, 27 396-ы (6,5%) 48 колледжде, 2147 (0,5%) интернаттық мекемелерде) -307 551Ү.ж. 1451 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 1088-і қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 144 – патронаттық тәрбиеге берілді.
«Тәрбие отбасынан басталады» десек, отбасындағы кикілжің бала тәрбиесіне әсер етпей қоймайды. Бұл – балалардың ашуланшақ, ызақор болуына, өзін-өзі ұстай алмауына, сабақ оқуға деген ынтасының төмендеуіне, қараусыз қалуына әкеп соғады.Республикада өткен жылы 67,6 мың отбасы ажырасып, 53 мыңдай балаға әсер етсе, біздің облыста да бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 16,7%-дан 2018 жылы 32,8%-ға жеткен, яғни ажырасушылар үлесі 16,1 %-ға өскен.
Мектеп оқушыларының 9216-ның әкесі жоқ, 1123-нің шешесі жоқ, 1094-і өгей әкелерімен, 578-і өгей шешелерімен, 1704-і туыстарымен тұрады. Бұл мектептегі балалардың 6,1%-ы (13 715 бала).
Жыл басында Полицияның мектеп инспекторларының білім беру ұйымдарымен өзара әрекетінің алгоритмі бекітіліп, мектеп инспекторлары ай сайын қамқоршылық кеңестері алдында есеп беруде.Бұл мектеп инспекторларының жауапкершілігін арттырып, оқушылар мен олардың ата-аналарына көрсетілетін құқықтық көмектің сапасының артуына ықпал етті.
Білім мекемелерінде құқық бұзушылықтарды жасырып қалудың алдын алу мақсатында жыл ішінде 1456 бала үш деңгейде (төмен, ерте, жоғары) мектепшілік есепке алынды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде полиция бөлімдерінде есепте тұратын жасөспірімдер саны өткен жылғы 635-тен 395-ке азайды (-240).
Жамбыл облысында жастардың жұмыстық деңгейі 2,4%,
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы хабарлады.
Жыл соңына дейін 11 мың (10 943) жасты жұмыспен қамту көзделген.Есепті кезеңде 6758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, меже орындалды.Олардың 2604-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 977-сі қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 1624 түлек жастар тәжірибесіне, 271-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 775-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Ал, 437 жас «Бизнес-бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданып, 50-і шағын несие алды, 20 жас қайтарымсыз грант алды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4% құрады (2018 ж.- 2,9%).Бұл басқа өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Республика бойынша көрсеткіш- 3,9%. Жамбыл, Атырау- 2,4%, Алматы, СҚО- 2,9%, Ақтөбе облыстары- 3,0%. NEET (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардың үлесі 2019 жылдың І тоқсанында 7,8 %-ды құрады (өткен жылы 8,0%). Ағымдағы жылы 1 шілдесінде есепте тұрған 4214 жұмыссыз жастардың 2604-і (61,8%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Облыс бойынша 1 өңіраралық, Тараз қаласы мен аудандарда 27 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілді, оларға 16-29 жас аралығындағы 629 жас қатысты (Байзақ-18, Жамбыл-15, Жуалы-250, Т.Рысқұлов-37, Меркі-52, Сарысу-23, Талас-49, Шу-185). Жәрмеңкелер нәтижесінде 110 жас тұрақты жұмысқа орналасты (Жамбыл-7, Жуалы-4, Т.Рысқұлов-12, Меркі-8, Талас-8, Шу-71). Ақылы қоғамдық жұмыстарға 25 жас (Жамбыл-7, Жуалы-2, Т.Рысқұлов-1, Меркі-3, Сарысу-2, Шу-10), кәсіби оқытуға- 13 (Жуалы-11, Т.Рысқұлов-2), әлеуметтік жұмыс орындарына- 1 (Т.Рысқұлов ауданы), жастар практикасына- 74 жас жіберілді (Байзақ-8, Жамбыл-6, Жуалы-10, Меркі-2, Сарысу-8, Талас-6, Шу-34).
Жамбыл облысының 80 жылдығына дайындық қызу жүргізілуде
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы хабарлады.
Облыстың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Шахристан кешенінде облыстық тарихи-өлкетану музейі, көрме павильоны, амфитеатр, қолөнер шеберлерінің галереясы, «Руханият» орталығының жаңа ғимараты, көркемдік-бейнелеу өнері галереясының ашылуы жоспарлануда. Сондай-ақ өңірдің тарихы мен мәдениеті, табиғаты, біртуар перзенттері мен ақын-жыршы, батырларының есімдерін ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында «Тараз мұралары» сериясымен көптомдықтар шығару жоспарланған.Бүгінгі күні кітапты шығару 2 бағытта іске асырылып, тарихи-танымдылық ғылыми-зерттеу бағыты бойынша 15 том, шығармашылық бағыты бойынша 35 томдық материалдар жинақталды. Сондай-ақ, облысымыздан шыққан өнер жұлдыздарының концерті, «Өркениеттер тоғысындағы Тараз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек көптеген іс-шаралар бар. Дайындық қызу жүргізілуде.