Ақермен ауылдық округі тұрғындары 2017 жылдан бастап өздеріне тиесілі жер учаскелерін қайтару мәселесін көтеруде. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Ақермен ауылындағы Кеңестік шаруашылықтың (совхоз) жұмысшылары асыл тұқымды малдарды сақтап қалу мақсатында өз жер үлестерін алмаған.
1993 жылы «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ-ы құрылып, шығарылған акциялардың бір бөлігі мемлекетте қалып, қалғаны жеке тұлғаларға бөлініп берілген. Алайда «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ-ның акциялары 2015-2016 жылдары жекеменшікке сатылып кетіп, ауыл тұрғындары жер, мал-мүліксіз қалған.
Прокуратура құзырлы органдардың жұмыстарын үйлестіру арқылы даулы мәселелерді шешу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырды.
Нәтижесімен, сатылған акциялардың бір бөлігі (5086 акция немесе 18%) сот арқылы «Тараз ӘКК» АО-на қайта тіркеліп, сондай-ақ кадастрлық құны 55 млн. теңгеден астам ауданы 3910 га құрайтын «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ-на тиесілі жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындарымен жүргізілген келіссөздер нәтижесімен 70-90 азаматтан тұратын 5 шаруашылық кооперативтері құрылып, заң шеңберінде 400-ден астам отбасы жермен қамтамасыз етілетін болды.